Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет67/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   223
Китап касипкерлик

Өнім

1-орын

2-орын

3-орын

4-орын

Қапталған тұтыну тауарлары (дүкенде сатып алуға болатын, тұтынушыларға үнемі қажет және жиі сатып алатын: азық-түлік өнімдері, тұрмыстық химия, гигиена құралдары және т.б.)

Өткізуді ынталандыру

Жарнама

Жұртшылықпен байланыс

Жеке сату

Ұзақ уақыт пайдаланылатын тұтыну тауарлары (тұтынушылар бір рет сатып алып, ұзақ уақыт пайдаланады: тұрмыстық техника, ыдыс және т.б.)

Жарнама

Өткізуді ынталандыру

Жұртшылықпен байланыс

Жеке сату

Қызметтер

Жұртшылықпен байланыс

Жеке сату

Жарнама

Өткізуді ынталандыру

Өндірістік мақсаттағы өнімдер (яғни, станоктар, жабдықтар және т.б.)

Жеке сату

Жұртшылықпен байланыс

Жарнама

Өткізуді ынталандыру



1-тапсырма
Маркетингтік коммуникациялардың маңыздылығы тауарлардың келесі түрлері бойынша неліктендәл осылай бөлінгенін ойлап көріңізжәне түсіндіріңіз (жоғарыдағы кестені қараңыз).
Жарнамадағы заманауи үрдістер
Қазіргі заманғы нарық классикалық ATLжәне BTL-коммуникациялардан басқа, event-marketing, вирустық маркетинг және партизандық маркетинг сияқты креативті маркетингтік шешімдерді пайдаланады.
Оқиғалар маркетингі (Event Marketing)– қандай да бір маңызды оқиға арқылы компания мүддесін жылжыту тәжірибесі: шынайы немесе ойдан шығарылған,кеңінен танымал немесе нақты бір компания үшін құрылған. Оқиғалар маркетингі – есте сақталып қалатын ғана емес, бірқатар жағдайларда жаңалық бола алатын арнайы іс-шаралар мен акциялар кешені.
Вирусты маркетингке адамдардың айналасындағылармен ақпаратпен бөлісу әдеті жатады. Оның әдістерінің мәні – қызметтерді немесе тауарларды сатып алған тұтынушылардың олар туралы өздерінің достарына және таныстарына айтып беруіне, осы арқылы «жарнамалаушы» болуынажағдай жасау.
Вирустың автономды таралуы бірінші қараған-оқыған адам екіншісіне жіберетін сілтеме арқылы іске асырылады. Вирусты маркетингті газеттерге, содан кейін теледидар экранына өздері туралы қауесеттер мен өсек тарататын шоу-бизнес жұлдыздары белсенді пайдаланады. Содан кейін оқиғаны қатардағы адамдар қағып алып, оны бір-бірімен талқылайды.Бүгінде вирустық маркетинг тарату үшін жаңа арна тапты, ол – интернет, ол жердепайдаланушылар бір-бірімен видео, фотосурет, сүйікті музыкаларын алмасады. Блогтар, форумдар, қауымдастықтар, әлеуметтік желілер – жарнама вирусының «көбеюі» үшін бұдан артық жерді табу қиын.
Партизандық маркетинг (Guerrilla Marketing)– бұл өз тауарларын немесе қызметін тиімді жылжытуға, жаңа клиенттерді тартуға және қаражат салмай немесе қаражат жұмсамай өз табысын арттыруға мүмкіндік беретін жарнама мен маркетингтің шағын бюджеттік тәсілдері. Партизандық маркетингті көбінесе «шағын бюджетті маркетинг» немесе «шығыны аз маркетинг» деп атайды.
Партизандық маркетингтің басты міндеті–әлеуетті сатып алушының есінде сақталып қалу, оны белгілі бір іс-әрекет жасауға итермелеу. Оған барынша аз қаражат жұмсалғаны, әрі ерекше, оң контексте болғаны жөн.Мұнда инвестициялаудың басты нысаны уақыт пен стандартты емес ойлау болып табылады.Мысалы, DDB креативті агенттігі (Окленд, Жаңа Зеландия) Superette сәнді киім дүкендері желісінде шолақ шалбарды сату туралы мүлдем қарапайым жарнамалық хабарландыру әзірледі. Маркетингтік хабарлама автобус аялдамаларындағы орындықтарға, саябақтар мен көшелердегі орындықтарға жапсырылады,жүргіншілер «брендті» орындарға отырғаннан кейін жарнама олардың киімдері мен заттарына басылып қалады.
Saatchi & Saatchi халықаралық жарнама агенттігі ірі кофе өндірушілерінің Folgers Coffee үшін маркетингтік кампания әзірледі. Кофе толтырылған шыныаяқтың жоғарғы бөлігі бейнеленген жапсырмалар кәріз люктерінің қақпақтарына жапсырылды. Осылайша, кәрізден бу көтерілген кезде, ол жаңа піскен кофеден шыққан бу сияқты болып көрінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет