10. Трендтерге шолу
|
Парақшаның тартымдылығын арттыру мақсатында компания жұмыс істейтін саланың трендтеріне мерзімді шолу жүргізу қажет.
|
11. Әзіл
|
Клиенттік ниеттестікті арттыру және беттің тартымдылығын арттыру мақсатында компанияның жұмысына байланысты тақырыптық әзілді пайдалану қажет.
|
12. Сторис
|
Посттарды бөліп көрсету үшін сторис сияқты кең таралған құралды пайдаланған жақсы.
|
13. Тікелей трансляциялар
|
Клиенттер тарапынан сенім деңгейін арттырудың тағы бір құралы тікелей эфирлер болып табылады, соның негізінде компания өз клиенттеріне жақындай түседі.
|
14. Сауалнамалар
|
Сауалнамалар кері байланыс алу үшін тиімді құрал болып табылады, сондай-ақ компания мен клиенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнату үшін қолданылады.
|
Көптеген жағдайларда видеофильмді қолданған жөн, алайда, егер мұндай мүмкіндік болмаса, мәтіндік сипаттамасы бар түрлі-түсті суретті де жариялауға болады.
OQICO мектебінің медиа-жоспарына төмендегілер туралы посттар кіреді:
- өнімге шолу жасау: аптасына 2 рет ағылшын тілінің ерекшеліктері, қызықты сөздері, грамматика ережелері туралы баяндайтын «пайдалы» посттар қойылады;
- компания жаңалықтары: іс-шаралар анонсы, жаңа топтардың кестесі, жаңа оқытушылар туралы жаңалықтар;
- компания персонасы: компания құрылтайшылары мен оқытушылары білім берудің жеке тәжірибесіне, студенттерге немесе мектеп топтарына байланысты ұсыныстармен және қызықты оқиғалармен бөліседі;
- сторис: ағылшын тілін білуге арналған ойын түріндегі күнделікті сторис, іс-шаралар мен жаңалықтар туралы видеоформаттағы оқытушылардың жеке әңгімелері, сондай-ақ видео/фото сабақтар. OQICO тәжірибесі бойынша аудиторияның сториске тартылуы әдетте посттарға қарағанда жоғары.
- акциялар, ұтыс ойындар, жеңілдіктер: студенттер ағынын арттыру үшін мектеп акциялар немесе оқуға жеңілдіктер туралы хабарлайды, мысалы, ағылшын тілінде сөйлесу курстарына баруға 20% жазғы жеңілдік немесе IELTS толық курсы үшін төлем кезінде жеңілдік, «Досыңды алып кел және курстарға 10% жеңілдік ал» акциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |