Сату сүзгісінің (айналым) кезеңдері
Клиенттермен қарым-қатынас жасау мақсаттарына сүйене отырып біз оларды үш кезеңге бөле аламыз: тарту, ұстап қалу және арттыру.Әрбір кезеңге өз іс-қимылдары тән, ол біз пайдаланатын ортаға – онлайн немесе офлайн (виртуалды немесе физикалық тауарлар) ортаға байланысты болады.
|
Тарту
|
Ұ
с
т
а
п
қ
а
л
у
|
Арттыру
|
Офлайн
|
1. Ақпараттандыру. Ең алдымен, клиенттерге біздің компаниямыз туралы және оның өнімдері бар екені туралы хабарлау керек
2. Қызығушылық. Содан кейін бізге сатып алушылардың біздің компанияға және оның тауарларына деген қызығушылығын арттыруымыз керек
3. Сатып алу туралы шешім. Келесі кезеңде клиент біздің өнімді сатып алу туралы шешім қабылдауы керек
4. Сатып алу. Содан кейін ғана сатып алу кезеңі келеді.
|
1. Дифференциация. Осы кезеңде өз клиенттерімізді олардың ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі топтарды ұстап тұруға мүмкіндік беретін әдістерді әзірлеу үшін саралануымыз керек
2. Қосымша тауарлар мен қызметтер. Мысалы, біз ұсынысымызды қосымша тауарлармен немесе қызметтермен бекіте аламыз
3. Ілеспе тауарлар. Клиентке ілеспе тауарлар ұсынуға болады, мысалы, егер телефон сатсаңыз, телефонның сыртына қаптар ұсынуға боолады.
4. Ұсыныстар. Клиенттің ниеттестігі брендтің имиджі жәнебасқа да клиенттердің оны пайдалану ниеті күшті болған сайын арта түседі
|
Онлайн
|
1. Жетістіктер. Онлайн-ортада біз ең алдымен әлеуетті клиентке олөз уақытын өткізетін веб-сайттарды, алаңдарды, әлеуметтік желілерді, форумдарды және т.б. тауып алып, өзімізді таныта білуіміз керек.
2. Белсендіру. Осы кезеңде біз одан жазылуды рәсімдейтін, сатып алатын немесе қандай да бір бағдарламаны жүктеп алатын белсенді пайдаланушы жасауымыз керек.
|
1. Қосымша тауарлар немесе қызметтер. «Сіз біздің үйде өз бетінше жаттығуға арналған йога сабақтары бойынша қосымшаны жүктеп алдыңыз. Ең арзан бағамен йога сарапшыларының мақалаларын қарағыңыз келе ме?»
2. Егер сіз клиентті өз қызметтеріңізге айлық жазылымды сатып алуға (немесе оны тегін ұсынған) көндірсеңіз – келесі қадамыңыз–оны келесі жазылымды сатып алуға көндіру.
3. Ілеспе тауарлар. Егер клиент қазірдің өзінде сіздің йога қосымшаңызды пайдаланып отырса, оған йога-кілем немесе йога-лосина сатуыңызға әбден болады.
4. Ұсыныстар. Сіздің қосымшаңызды неғұрлым көп пайдаланушы жүктеп алған сайын жәнеGoogle Play немесе App Store жоғары баға берген сайын, соғұрлымклиенттердің ниеттестігі де арта түседі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |