Икигай – күнделікті жұмыстан қанағат, қуаныш және рақат таба білу.
Импорт – 1. Өнімдерді Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тұрақты тұру немесе тұтыну мақсатында әкелу. 2. Шетелден импорттаушы елдің ішкі нарығында сату үшін тауарлар, технологиялар мен қызметтерді сатып алу және кіргізу.
Инвестиция – салым түрі. Инвестиция түрлеріне сәйкес мемлекеттік және жеке, тікелей және қоржындық, негізгі материалдар мен қорларға, ғимараттар мен құрылыстарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын үй құрылысы қызметтеріне бөлінеді.
Инвестор − салымшы; Қазақстан Республикасында инвестициялар салатын жеке немесе заңды тұлғалар. Болашақта табыс алу үшін кез келген басқа тараптың жобасына өз қаражатын салатын жеке тұлға немесе ұйым.
Инжиниринг қызметі – инженерлік-кеңес беру қызметтері, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау жұмыстары, жобаларға техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, өндірісті және басқаруды, өнімді сатуды ұйымдастыру саласында ұсыныстар әзірлеу
Инновация – 1. Зияткерлік меншік нысаны болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі, оны өндіріс пен қоғамды басқарудың әр түрлі саласында енгізудің экономикалық және әлеуметтік тиімді, экологиялық тұрғыдан маңызы зор болып табылады. 2. Жаңа өнімдерді, технологияларды, ұйымдастыру нысандарын жасауға, өндіруге, дамытуға және сапасын жақсартуға бағытталған үдеріс. Ол зерттеудің басталуынан өнеркәсіптік игеруге дейін, алғашқы игеруден тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көлемдердің шығарылуына (енгізуге) дейін, әрі қарай тұтыну, соның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жою сияқты үш негізгі кезеңді қамтиды.
Интернет-алаң – тауарлармен электрондық сауданы ұйымдастыруда делдалдық қызмет көрсететін Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе.
Интернет-дүкен – Интернетте орналасқан, өзінің жеке интернет-ресурсында тауарларды сатуға арналған ақпараттық жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |