Есеп айырысудың бағасы мен тәртібі – тапсырыс беруші орындаушыға қанша қаражат, қалай және қандай мерзімде аударуға міндетті.
Әкімшілік айыппұл – заңда қарастырылған жағдайларда құқық бұзушылықтар үшін (мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін) алынатын төлемақы.
Әкімшілік құқық бұзушылық − жеке тұлғаның заңсыз, кінәлі (қасақана немесе абайсызда) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік жауапкершілік қарастырылған заңды тұлғаның заңсыз іс-әрекеті не әрекетсіздігі.
Әлеуметтік салық – зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, жұмыспен қамту қоры сияқты әлеуметтік қорларбұрынғы сақтандыру жарналарының орнына 1999 жылдан бастап енгізілді.
Әлеуметтік төлемдер – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес әлеуметтік аударымдары, «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін аударымдар мен жарналар.
Әрбір сатуға жұмсалған шығындар (COGS (eachsale) – әрбір сатумен байланысты шығындар.
Жалпы айналым − барлық өнім түрлерінің есепті кезеңде өндірілген жалпы құны. ЖА құрамына дайын өнімнің, өзі өндірген жартылай фабрикаттардың, аяқталмаған өндіріс пен өнеркәсіптік жұмыстардың болашақта пайдаланылу-пайдаланылмауына қарамастан өзіндік құны кіреді.
Жалпы ішкі өнім − статистиканың жалпы экономикалық көрсеткіші; нарықтық бағамен ішкі деңгейде жасалған негізгі тауарлар мен қызметтердің жиынтық құнын білдіреді.ЖІӨ кірістер, шығындар, қосылған құн әдісі сияқты үш әдіспен есептеледі.
Жалпы кіріс − 1. Кәсіпорынның, фирманың өнімді, тауарларды, қызметтерді өндіру және сату нәтижесінде алынып, ақшалай түрде есептелген жылдық табысы. 2. Тауарларды сатудан түскен қаражат түсімдері мен оны өндіруге жұмсалған материалдық шығындар арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. ЖК жалақы мен таза кірістің сомасына тең.
Достарыңызбен бөлісу: |