Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет199/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   223
Китап касипкерлик

Жалпы ұлттық өнім − статистиканың жалпы экономикалық көрсеткіші; ел ішінде де, одан тыс жерлерде де негізгі тауарлар мен қызметтердің жалпы құнын білдіреді.
Жалпы шығындар (TotalCosts) – ауыспалы және тұрақты шығындар сомасы. TC = VC + FC.
Жанама сату – клиентке негізгі тұтынушымен байланыссыз делдалдар арқылы сату, бұған телефон сатуды жатқызуға болады.
Жарнамаға жұмсалатын шығын (Acquisition Costs) – өніміңізді арналарда жылжытуға жұмсалатын жарнаманың жалпы құны.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капиталы құрылтай құжаттарында айқындалған мөлшердегі үлестерге бөлінетін бір немесе бірнеше тұлға құрған серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар олардың жарналарының мөлшеріне байланысты болады.
Жеке кәсіпкер – заңды тұлға болмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға
Жеке кәсіпкерлік – бір жеке тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті иелену құқығымен, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге мүмкіндік беретін басқа да құқық негізінде дербес жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың жеке тұлғалардың жеке меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан жүзеге асырылатын, олардың тәуекелі және басқа да мүліктік жауапкершілігі үшін тәуелсіз, бастамашыл қызметі.
Жеке сату – сатушының сатып алушымен жеке қарым-қатынасын қамтитын маркетингтік коммуникацияның жалғыз компоненті, оның барысында өнімнің тұтынушылық сипаттамалары ауызша ұсынылады, мәміле, сату-сатып алу мүмкіндіктері туралы бірлескен шешім қабылданады.
Жеке табыс салығы – жеке тұлғаның бірінші кезекте жасайтын төлемі, себебі ол табысының бір бөлігін салық төлемдері түрінде аударады. Салық кодексі қабылданғанға дейін салықтың бұл түрі «жеке тұлғалардың табыс салығы» деп аталды. Салық кодексінде халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес ол «жеке табыс салығы» деп өзгертілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет