Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құралМақсаты: баға бәсекелестігін сақтай отырып және нарық үлесінің ұлғаюымен бағаны«ауыртпалықсыз» жоспарлы түрде көтеру. Нақты
Өзіндік жұмыстың тапсырмасы Өзіңіздің стартап топтарыңызда өз өніміңізге арналған «4Р» маркетинг моделін жасаңыз. Бизнес-жоспарыңыздың өнім сипаттамасы мен маркетингтік жоспарын жазыңыз. 4.2 Маркетингтегі зерттеулер Маркетингтік зерттеулер және олар қандай міндеттерді шешеді? Қазір біз нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Кәсіпкерлікті жаңа бастап жатырсыз ба, әлде көп жылдан бері жүргізіп келе жатырсыз ба, бәрібір, нарықты зерттеу сіздің жұмысыңыздың маңызды және бірінші кезектегі бөлігі болып табылады. Өйткені өндірілген, бірақ нарықта сатылмаған өнім, ол қандай тамаша өнім болса да, сізге де, қоғамға да табыс (түсім) әкелмейді. Нарықтың жағдайы туралы ақпаратты зерттеу, талдау және өңдеу маркетингтік зерттеу деп аталады. Мұндай зерттеулерді мамандандырылған компаниялар, ірі ұйымдар мен холдингтердің маркетингтік қызметтері жүргізеді немесе оларды «әуесқой мамандар»жасайды. Мұндай жұмыстардың дұрыстығына, толықтығына және объективтілігіне сауда орталығындағы шағын бутиктің тағдыры да, миллиардтаған инвестициялардың тиімділігі де байланысты. Әлемде бірде-бір елеулі компания тіпті нарықты талдаусыз, жаңа тауарды өткізу перспективаларын немесе технологияны жетілдірусіз тактикалық (стратегиялық шешімдер туралы айтпағанда) шешімдерді қабылдамайды. Бірақ базалық зерттеулерді сіз өзіңіз де жүргізе аласыз. Ол сіздің қаражатыңыз бен уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі, өйткені ең алдымен идеяңызға сұраныс бар ма және адамдар оған төлеуге дайын ба деген сұраққа жауап іздеп көру керек. Маркетингтік зерттеулердің міндеттері әр түрлі болуы және оған келесідей қажеттіліктер болуы мүмкін: тауарды қалай сату керектігін, қандай баға қоюкеректігін, қандай ассортимент қажеттігін, клиенттермен қарым-қатынасты қалай құру керектігін, тауарды қайда сату және оны қалай жарнамалау керектігін түсіну. жүктеу/скачать 4.43 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |