Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет6/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   223
Китап касипкерлик

B2B тауары – кейіннен пайдаланушылар сатып ала алатын соңғы өнімді алу үшін қажет кез келген қосалқы тауарлар. Бұған буып-түю, кез келген полиграфиялық қызметтер-компанияларға арналған заттаңбаларды, визиткаларды немесе баннерлерді басып шығару, автокөлікдер мен техникаға арналған қосалқы бөлшектер, құрылыс компаниялары үйлер салатын кірпіш өндірісі және т.б. жатады.
B2C қызметі – бұл соңғы тұтынушы үшін емес, бизнес үшін көрсетілетін кез келген қызмет. Оғанөзіне белгісіз нарыққа шыққалы жатқан фирмаға консалтингтік агенттік көрсететін кеңес беру қызметтерді,бизнеске арнап сайттар жасайтын веб-студияларды, банктерді, зерттеу институттарын және т.б. жатқызуға болады.
Әдетте тауарлар өндірісі бастапқы үлкен қаражаттармен байланысты. Егер сізде сүт фермасы болса, ол жұмыс істеуі үшін сізге сиыр сатып алу, сиырлар жайылатын жайылымдық жерлерді сатып алу, мал қора салу, жұмыскерлерді – мал дәрігерлері мен техниктерді жалдау керек.Есесіне сіз өз қаражатыңызды салып, үдерісті реттегеннен кейін, ол сіздің тұрақты араласуыңызды талап етпей, жұмыс істейтін болады, ал шығындар сіз алатын кірістермен өтеледі.Сиырлар сатып алынған жерде жайылады, жалданған сауыншылар сиыр сауады, мал азығы мен қызметкерлердің жалақысы сүт сату арқылы өтелетін болады.
Тауар өндірісі әр түрлі тәуекелдерге байланысты. Ол көптеген стандарттарды сақтауды, яғни әр түрлі құзыреттердің болуын талап етеді. Сүт фермасын ашу үшін мол бастапқы салымдар қажет. Сонымен бірге сиырлар ауырып қалуы, сүттің қажетті сапаға сәйкес келмеуі, кәсіпкер нарықтың қажеттілігіне қарағанда көбірек сүт өндіруі және тауар көп мөлшерде артылып қалуы мүмкін және т.б. Бұл ретте өндірушінің жауапкершілігі де өте көп: ол әріптестермен жасалған ыдыс, қақпақ, қаптама және т.б. сатып алу бойынша барлық уағдаластықтарды сақтауы, мемлекетке салық төлеуі, сүт клиенттерге зиян келтірмеуі үшін санитарлық нормалардың сақталуын қадағалауы, фермадағы іс қалай жүрсе де барлық қызметкерлерге жалақы төлеуі, өз өнімдерінің сапасын қадағалауы тиіс және т.б..
Қызмет көрсету өндірісі, әдетте, стартта азырақ қаржы құюды талап етеді. Егер сіз веб-бағдарламашы болсаңыз, сізге керегі – жұмыс іздеу сайтында өз қызметтері туралы хабарландыру орналастыру, қуаттылығы жеткілікті компьютер сатып алу және бірінші тапсырыстарды күту. Бірақ қызмет көрсету өндірісі өндірушілердің үнемі тұрақты назарын талап етеді. Өйткені оның сапасы, қызмет көрсету деңгейі және т.б. қызметтің өтуіне тікелей әсер етеді. Уақыт өте келе сіз жұмыстарыңызды атқаратын бағдарламашыларды жалдай аласыз, бірақ оған дейін қаражат табудың көзі сіздің толық назарыңыз бен еңбегіңізді талап етеді.Жұмыс істемесеңіз – қызмет көрсетпесеңіз немесе қызметті нашар көрсетсеңіз – сіз қаражатсыз қаласыз.
Егер сіз тұтынушыларға немесе басқа фирмаларға қандай да бір мәселелер бойынша кеңес берсеңіз де, сізге үнемі өзгерістерден хабардар болып отыру керек. Риелтор сатуға қойылған барлық пәтерлерден хабардар болуы, қаланың әр түрлі аудандарында пәтердің бағасы қандай екенін білуі, әр түрлі факторларға байланысты олардың өзгеруі мүмкін екенін түсінуі тиіс. Мысалы, бұрын үйдің жанында бос жер болды, терезеден қарағандағы көрінісі аса тартымды емес еді. Енді ол жердің орнына саябақ салынды, саябақтың жанында сауда орталығы мен бірнеше мейрамханалар пайда болды, әрине үйдің де бағасы сәйкесінше өседі.
Қазақстандық бизнес әлемді жақсы жаққа қарай өзгертетін табысты В2В, В2С және B2G жобаларының көптеген мысалдарын паш етіп отыр. Мысалы, B2C Kaspi экожүйесі. «Kaspi дүкен»– Kaspi.kz онлайн-платформасының бір бөлігі, ол қаржы қызметтерін, онлайн-маркетплейсті, онлайн-төлемдерді, мобильді қосымшаны, бонустық бағдарламаны қамтиды. «Kaspi дүкен» әр түрлі сатушылардың тауар бағасын салыстыруға, қолайлы нұсқаны таңдауға, сатып алуды бөліп төлеуге немесе несиеге ресімдегісі келген жағдайда, сондай-ақ тауарды кеңсеге немесе жұмысқа жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Мобильді қосымша интернет-дүкен, төлемдер, банк, бонустық бағдарлама, «Kaspi Гид» сұрақтарына жауап сервисі және Kaspi Bank бөлімшелері, терминалдары және «Kaspi Maps» барлық банктерінің банкоматтарын іздеу бойынша сервисті біріктіреді. 2018 жылы Kaspi.kz-тегі дүкен«Қазпошта» АҚ нұсқасы бойынша Қазнеттің интернет-дүкендері арасында бірінші орынды иеленді. «Kaspi дүкен» үшін маңызды оқиғалардың қатарына, сондай-ақ Kaspi Gold-пен төлемді қосу, жаңа 15 қаланы кеңейту, ассортиментті қосу (жиһаз, сантехника, құрылыс материалдары, шиналар), «Kaspi жеткізу»сервисін дамыту жатады.
Қазақстандық В2С Power Wi-Fi стартап PowerBank пен 4GWI-Fi біріктіретін құрылғыны жалға алу бойынша сервисті ұсынады. Қызмет саяхатшыларға арналған: роумингте, SIM-картада және айлық интернет пакетінде үнемдеу. Клиент power Wi-Fi-ді әуежайдағы ақпараттық тіректен алып, ұшып келгеннен кейін қайтарады. Жалға беру құны баратын елге байланысты, бірақ ең төменгі баға 1Gb трафик үшін 2$/күнненбасталады. Тағысервиске50$депозит ретінде ұстап қалады,оны құрылғыны қайтарғаннан кейін аласыз. Барлық төлемдер PayPal арқылы жүргізіледі. Сервис Ресейде, Қазақстанда және Ұлыбританияда жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет