24. Ең озық технологиялар.
1- тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, естіген мәліметтерді қолданып, түсінік ағашын толтырыңыз.
Адамзатты өркениетке жеткізетін нәрсе - ғылым. Ғылымды дамытатындар - ғалымдар. Ғалымдар - өз елін, жерін, туған халқын сүйген ойшыл, данышпан адамдар. Олар жазған ғылыми еңбектер, жаңалықтар қашан да халқына, Отанына қызмет етеді. Қазақ халқында ерте заманнан осы уақытқа дейін қаншама ғұлама ғалымдар өзінің күш - қайратын, ақыл - ойын ғылымға арнаған.
тапсырма. Сөйлемдерді оқы, өз ойыңды жалғастыр.
Қазақстанда пластик бөтелкеден мата жасалатын болды..........
Металды 3D басып шығару............
Жасанды эмбрион...............
Ақылды қала.............
Қолжетімді жасанды интеллект.............
Аудармашы құлаққаптар............
3- тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндір.Кім болғың келеді? Не істегің келеді? деген сұрақтарға өлеңнің мәтіні бойынша жауап бер.
Ғалым болу арманым
Ғалым болғым келеді
Жер байлығын ақтарған.
Жалын болғым келеді
Гүл жасайтын тастардан.
Асқақтаған күй болып,
Шалқып тұрғым келеді.
Жарқыраған күн болып,
Балқып тұрғым келеді.
Артқа тастап ғасырды,
Тасып кеткім келеді.
Алатаудай асылды
Ашып кеткім келеді.
/Х.Талғаров/
Тапсырма. Өнер ,ана,батырлық туралы 8 мақал-мәтелді дәптеріңе жаз.
ХІІІ. Туған жер.
25. Туған жер. Демалыс.
1- тапсырма. Мәтінді оқы, жалғастыр.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер.............
2- тапсырма. Құрастыр, одан кейін жауап бер»әдісі.Берілген сұрақтар бойынша диалог құр.
1.Отан неге оттан да ыстық...?
2.Отан үшін от кешкен кімдер?
3.Сен отан үшін қандай ерлікке барар едің?
4. Патриот болудың қажеттілігі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |