27. ГМӨ-нің зияны.
1- тапсырма. Мәтінді оқы, мазмұнын өз сөзіңмен әңгімеле.
ГМО (гендік модификацияланған организмдер) – гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ ГМО – бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. Мысалы, шет елдерден тасымалданатын шие мен қытай қиярына шошқаның гені қосылады екен. Америка 1983 жылы биологиялық қару жасау барысында ең алғашқы гендік модификацияланған өсімдіктерді өндірген. Сосын, гендік модификация 1986 өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылған. Бұл ол кездері ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатын. 1992 жылы осы әдіспен Қытайда зиянкестер залал келтірмейтін темекі өндірілген. 1994 жылы тасымалдау кезінде бұзылмай сақталатын қызанақтар өндірілді. Содан бастап «ГМО мәдениеттің» дәурені жүре бастады. Оған себепші болған Американдық «Monsanto» фирмасы еді. 2006 жылы 22 елдің 10,3 млн. фермері 102 млн. гектар жерге ГМ-өсімдіктің сан түрін алған. Мәселен, осы жолмен өсірілген картоп, алма, мақта, жүгерілерге құрт мүлде түспеген. ГМО-ның шаруашылықтағы пайдасы өте көп. Мәселен, тағамның дәмділігі мен сапасы артады, тез пісіп, жетілуін жеделдетеді, құнарлылығы жоғарылайды, ұзақ уақыт сақтауға болады, құрт түсуден, зиянды ағзалардан сақтайды, ең бастысы жаңаша өсіру технологиясы арқылы жаңа түр алады.
2- тапсырма. «Венн» диаграммасын толтыр.
Сыни ойлауға тапсырмалар.
ГМӨ-нің зияны
ГМӨ-нің пайдасы
Тапсырма. Жақша ішін ашып жаз, сөйлемдерді көшір.
ГМӨ- бұл гендік кодына (чужие) гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады. Қазір байқап қарасақ, сатылатын (овощи-фрукты) сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Гендердің өзгеріске ұшырауынан (неизвестные ядовитые) заттар түзіліп, адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін.
4 – тапсырма:
«Салыстыра талдау» әдісі
Жеңіл тағам фастфуд пен ГМӨ-нің ұқасатықтары мен өзіне тән айырмашылықтарын салыстыра сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |