Сұрақ: Қоғамдық ортада жастардың мәдениеті қандай?
Өз - өзін ұстау, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу жағы?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
Қазіргі кезде мектеп балалары қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстамайды. Оны айтпаса да көрініп тұрған нәрсе. Автобуста үлкендерге орын бермейді.Автобусқа мінген мектеп оқушылары дабырлап, айқайлап, үлкендерден ескерту алып жатады. Бірақ бәрі бірдей деп болмайды. Мүлдем мәдениетсіздік орын алып барады деген көлденең пікірлерге қарсымын. адам өзін - өзін көпшілік ортада қалай ұстау керек, әсіресе балалар мұны қазірден ойға түюі қажет. Менің ойымша балалар көпшілік ортада өзін салмақты, тәртіпті, байсалды, жігерлі ұстауы керек.
3- тапсырма. Сіз үлкен сауда орталығында жүрсіз. Осы тақырыптар көлемінде әңгімелеңіз.
Келесі сұрақ бойынша жауап бере отырып: Өз-өзіңізді қалай ұстайсыз?
1.Сіз сыйлықтар бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.
2.Сіз киімдер бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.
3. Сіз зергерлік бұйымдар бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.
4. Сіз азық-түлік бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.
5. Сіз шаруашылық заттар бөліміндесіз.Әңгімелеңіз.
4- тапсырма. Топтық жұмыс.
1 топ: «Әдепті бала –арлы бала» Эссе жазу
2- топқа: Театрда, мұражайға барғанда... Ереже құрастыру
ХҮІ. Полиглот болғым келеді.
31. Үш тілді білу-заман талабы.
1-Тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтін не туралы?Мәтінде қандай мақалдар қолданылғанын анықтаңыздар.
Жер бетінде алты мыңдай тіл бар екені анық. Оның ішінде он үші «ең ұлы» тіл болып саналады. Әр халық өз ана тілін қастерлейді. Әр адамға ана тілі – ұлы тіл. Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Қазіргі уақытта көп тілді білу керек.
Дүниежүзінде ресми тіл ретінде қытай, ағылшын, орыс, испан, француз, араб тілдері қолданылады. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33%-ы ағылшын тілінен, 15%-ы француз тілінен, ал 1%-ы неміс тілінен аударылады.
Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік мәртебеге ие болған. Соның ішінде қазақ тілі бар.
Қазіргі уақытта көп тіл білу – өнер. Оның ішінде, үштілді білу – үлкен өнер. Заманауи озық технологиялардың тілін білетін жастар ағылшын тілін жетік меңгереді. Халқымызда «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл» сияқты мақалдарда да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |