Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «ШЫҒЫС» балалар және жас өспірімдер орталығы асық ойыны



бет10/41
Дата28.09.2023
өлшемі6.36 Mb.
#478936
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
бес асық

Асықтың түрлері


Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:


Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.


Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар. Шүкейт – жас малдың асығы.


Қойлық – қойдың асығы. Ешкімек – ешкінің асығы. Құлжа – құлжаның асығы.


Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық. Топай – сиырдың асығы.


Жабай – ірі асықты айтады. Қолқар – арқардың асығы.
Асықтың атаулары
Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы, яғни алшы тұруы. Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.


Бүк – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі. Шік – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.


Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.


Шоңқай(жанта) – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

12
Асық ойыны барысында қолданылатын құралдар мен әдістер.




Көн киіз – асықтың «тақта» ойыны барысында қолданатын жұқа әрі икемді асық атуға, қаржуға қолайлы құрал. Бұл асық ойынының түрлеріне байланысты 50Х50, 80Х80, 100Х100 см көлемінде болады. Көн киіздің дөңгелек шеңбер түрін де қолдануға болады. Ондай жағдайда көн киіздің диаметрі 50, 80, 100 см. Көн киіздің жиегін жіңішке ұлттық нақышты оюлармен көмкерген дұрыс.


Тақта – көн киіз шағын тақтаның үстіне орналасады. Тақта дөңгелек немесе 4-6 қырлы болады. Ойыншылардың қимылына кедергі келтіретіндей үлкен болмауы шарт. Тақта ойыншылардың қалауына немесе ұйымдастырушылардың ұсынысына қарай отырып, болмаса түрегеп тұрып ойын жүргізуге қолайлы болу керек.
Асық иіру – ойыншы асықты иіргенде көп асық қолына сыймайтын болса екі-үш бөліп иіруіне болады. Иіріп тасталған асық көн киіздің сыртына шашырап кетпеуі қажет. Ондай жағдайда көннен тыс жатқан асық ойыннан да тыс қалады. Былайша айтқанда ойыншы өз мүмкіндігіне толық ие бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет