Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «ШЫҒЫС» балалар және жас өспірімдер орталығы асық ойыны



бет12/41
Дата28.09.2023
өлшемі6.36 Mb.
#478936
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
бес асық

Қаржу (қаршу) әдісі асықты жоғары серпіп тастап, сол аралықта көндегі асықты іліп алып, жоғары серпілген асықты жерге түсірмей қаржып алу арқылы атқарылады. Асықтың санына немесе түріне қатысты қаржыйды.


Шеңбер сыртында тұрып асық лақтыру – белгіленген орында тұрған сақаны атып алу үшін ойыншы қолындағы асығын дәлдеп лақтыруды айтады. Ойыншы асықты оң немесе сол қолының бас бармағы мен сұқ саусағына қысып ұстап, сақаны дәлдеп лақтырады.

Асық ойынында асықтың берекесі де, басшысы да «сақа». Асықтарды атқанда сақамен көздейді. Бас бармақпен сұқ саусаққа қысып ұстап жоғары сілкіп, салмақтап айналдырады. Айналдырып тұрған сақаны сағаттың тіліне қарсы иіріп атады. Ірі әрі салмақты иіріліп тиген сақа асықтарын бірнеше домалатады. Шебер иіріліп атылған сақа, асыққа тигенде 10 сантиметрден 150 сантиметр жерге дейін ұшырып жібереді.


Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады.


1.Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы» /барлығын бірден ұтасың/. 2.Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі).





    1. Етбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/.

  1. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/.

  2. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» /омақа аса құлаған/.

  3. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәйке қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын /қырынан жату/ деп атала

14
Білмейтін адамға түсінікті болу үшін, «сақа иіруді» таратып айтайық:


А) Бірінші иіргенде бір сақа «әлші», бір сақа «тәйкі» тұрып, қалғандары жатыр делік. Демек, «алшы» ойынды бастайды, «тәйкі» екінші боп көнге шығады.(Ескерту: «ойынды бастайды» - көнге бірінші боп шығады деген сөз). Әрі қарай қалған үш сақа иіріледі.


Ә) Бірінші иіргенде екі не үш сақа «алшы» тұра қалулары мүмкін. Ондай жағдайда әуелі тек осы үш сақаны қайтадан иіріп, қайсысы бірінші, қайсысы екінші, қайсысы үшінші болатынын анықтап алғанша, қалған екі сақа күте тұрады. (Ескерту: сақа етіп ешкі не киік асығын пайдалануға болмайды).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет