4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
|
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
|
7
|
7
|
7
|
7
|
7
|
7
|
|
8
|
8
|
8
|
8
|
8
|
8
|
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
|
12
|
12
|
12
|
12
|
12
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
-
6
«ТАС ҚАЛА ОЙЫНЫ» онлайн ережесі
Ойын ережесі. Тасқала ойыны бес мүмкіндіктен тұрады. Ойыншы әр мүмкіндігінің асықты атып шығаруына байланысты. Ойын үй жағдайында өтетіндіктен асықты тігетін алаң А4 фармат қағазы көлемінде құрылады алып ортасындағы көнге тігіледі , А4 парағын периметр бойы ішке 3см аралықта сызықпен сызылада көнге 9 асықты қала сияқты яғни бірінші қабат 4 асық екі асық көлденеңнен оң және сол жағынан (алшы тұрысымен) тігіледі оның үстіне ,яғни екінші қабат 3 асық қырымен (алшы тұрысымен) тігіп , ал екі асықты 3 қабатқа (бүк тұрысымен) бүйірімен болмасама мұртымен жағымен тігіледі. Ойын ережесі. Тасқала ойыны бес мүмкіндіктен тұрады. Ойыншы әр мүмкіндігінің асықтарды атып шығаруына байланысты ұпай жинайды.Сақамен алаңдағы тігілген асықты атқанда алаңның сыртқы сызықтан шығарса 1 асыққа (2 ұпай) алады, ал А4 парағының белгіленген 3 см алаң сызығы үстінде қалса
1 асыққа
|
(1 ұпай ) алады. Ал ішкі белгіленген сызықта яғни көн алаңында
|
қалып
|
қойса
|
ұпай
|
берілмейді
|
Мысалы:
|
Ойыншы бірінші мүмкіндікте
|
4 асықты
|
А4 қағазынан сыртқы
|
сызықтан атып шығарса ,ал белгіленген 3 см алаң сызығы үстінде 2 асық қалса
яғни (4х2)=8ұпай,(2х1)=2ұпай жалпыұпай:8+2=10ұпай.
Ойын барысында ойыншылардың ұпайлары тең түсіп жатса: ойыншыларға бір мүмкіндік беріледі, ал ол ойындада тең түссе сақа иіру арқылы шешіледі
Ойыншының киімі: өзіне бөгет жасамайтын ұлттық нақыштағы киім, бас киітақия немесе спорттық костюм.
7
«Үш табан» ойыны ережесі
Ойынға екі немесе оданда көп ойыншы қатысады. 5-6 ойыншы ойнаған қызықтырақ.Әр ойыншыда көнге тігетін үш(асық санын қалауыңызша өзгерте аласыз, тым көп болмағаны жақсы 3-5 аралығы) асық және бір сақа болуы шарт. Көнге әр ойыншы бір-бір асықтан тігеді.Ойыншылар кезектерін сақаларын күлдіру(басқа аймақтарда басқаша айтылуы мүмкін) арқылы анықталады.Біреуі уысына салған сақаларды шашып жібереді.Кімдікі алшысынан түссе сол бірінші, тәйкесінен тускен екінші кезекте. Егер сақалар олай түспесе қайта шашылады.Ойын реті анықталған соң ойыншылар көндегі асықтарды кезектесіп атады. Көндегі асықты үш табаннан асыра ұшырып жіберген адам ол асықты өзіне алады. Үш табанға жетпесе құлаған жерінде жатқан асықты сол қалпында ата береді.Ойыншыларда бірінші ойынды сызықтан бастағанымен, ойын барысында сақалары түскен жерден атып отырады.Осылайша асықтары таусылып ұтылғанша ойналынады. Сақаны шиіра ату, сүріп ату, орай ату тәрізді әдістер болады.
8
Қосымша 2
«Асық ойыны – үлкен халықтық тəрбие. Ұлтымыздың дəстүрі мен мəдениетінің бастауы» Б. Момышұлы
Асық ойынының шығу тарихына шолу.
Асық ойынының пайда болуы. Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында қолданылады. Асық - қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнады. Жолаушы адамның жолдан аман оралуына асық үйірген. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні құрсақ салғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын дегенге саяды.
Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Асық атудың жарысы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығымен бекітілген «Асық ойынының ережесі» бойынша өткізіледі. Асық — төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады.
Жаугершілік заманда бабаларымыз соғыс стратегиясын, соққы беретін тұсты асықты шашып жіберіп түсіндіріп, жоспарлаған. Есі кірген қазақ балаларының ең алғаш ойнайтыны да осы – асық ойыны. Асықтың түр-түрімен балалар мен үлкендер де қызығып ойнаған (асықты қазіргі баспаларда балалар ойыны деп жүр). Кезінде үлкендер бұл асықпен иіру
9
арқылы шешілмеген дауларын шешіп ымыраға келген күндері болған. Асық
төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік басында орналасатын шымыр сүйек. Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңірінен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық қасиетті саналады. Есі кірген қазақ балаларының ең алғаш ойнайтыны да осы – асық ойыны. Асықтың түр-түрімен балалар мен үлкендер де қызығып ойнаған. Асық – Қазақ балаларының ең сүйікті ойыны Асық ойыны – Қазақ балаларының ең сүйіп ойнайтын ойыны болған. Бұл ойын балаларды мергендікке, төзімділікке баулиды. Қазақтың өмірінде мал шаруашылығы қандай маңызды болғандығының бір дәлелі осы – асық ойыны. Асық уақ малда қой, ешкіде, киікте, тау текеде болады. Асықтың бір кереметі оны ешкім қолдан жасап жатпайды. Табиғи нәрсе. Оның жақсы салмақты түрлерінен сақа жасайды. Қазақта «Қой асығы болғанмен қолыңа жақса сақа тұт, жасы кіші болса да ақылы асса аға тұт»деген мақал бар. Бір нәрсенің дайын екенін білдіретін «Сақадай сай» сөз тіркесі де бар. Асықтың Алшы, Тәйке, Бүк, Шік, Омпа деген жақтары болады. Оның ішінде алшы жатысын өте бағалаған. Өмірде жолы болған дәулетті адамдарды «Асығы алшысынан түсіп тұр» деп айтқан. Қазақтың ұлттық ойыны ретінде ережесін жазып, спорт ойынына енгізсе, болашақ ұрпақтарымыз бекем, әрі мерген, әрі төзімді қасиеттерге ие болар еді. Біздің ұрпақ осы асық ойынының артықшылығын көзбен көрген ұрпақ. Асық ойнайтын тақыр алаң жасау үшін сауыншы шешелеріміздің сиыр қораларын тазартып беріп, сабақтан бос демалыс кездерінде талай асық ойынының қызығын көруші едік- ау. Сақаны қорғасын құйып және асықты қынаны теріп алы, суға қайнатып, оның суына сақаларымызды бояйтынбыз. Қынамен боялған асықтың түсі өңбейді. Асық ойыны – балалар үшін ең қажет ойын.
Қазақы ортада сақалар құнды бұйым ретінде ойыншылардың арасында әртүрлі айырбасқа түсіп отырды. Мысалы, бір сақа екі асыққа айырбасталды. Ал құлжаның сақасы үш асыққа тең болған деген сияқты. Ойыншылар асықтың күтіміне ерекше мән берді. Әсіресе, әртүрлі түске боялған асықтар да жоғары бағаланды. Қазақ әйелдері жүн бояғанда бояудың басыртқысына немесе қалған қалдығына асықтарды салып, сәл қайнатып бояп беретін болған.
10
Қой асығы демеңіз, Қолыңа жақса - сақа тұт.
Жасы кiшi демеңіз, Ақылы асса - аға тұт!
(халық даналығы).
.
Айталық, асық ойнының «Ұтыс» деп аталатын түрінде әр бала (яғни, әр ойыншы) қайткенде ұтып алу үшін қолынан келген бар амал-тәсілдерін қолданады. Қулыққа да барады, құрмалдық та шалады. Сөйтіп, ойын аяқталғанша, әр ойыншының тұла бойында нетүрлі психологиялық- практикалық процесс жүріп жатады.
Негізі асық ойнының қай түрі болмасын белгілі бір мақсатқа құралады. Қалай болса солай ойнай салуға болмайды. Қалай болса солай ойнаған бала міндетті түрде ұтылады. Ал, ұтылған адамның көңілінің қошы қандай болатыны айтпаса да түсінікті. Бұл - баланың мінез-құлқы мен жалпы даму эволюциясына кері әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан, әр ойын алдында кез- келген ойыншы өзін психологиялық тұрғыдан дұрыстап дайындап алғаны жөн. Бұл - баланы болашақта қандай да істі қолға алмасын, жауапкешілікпен қаруға үйретеді.
Бір қызығы - асық ойнының түрлері көп болған сайын, оның ойнау ережесі де әртүрлі боп келеді. Айталық, асық ойнының бір түрін бір-бірімен көрші отырған ауылдың балалары әртүрлі ойнайтын да кез болады. Ал, ол кездегі ауыл балаларының ойнайтын асық ойнының түрлері мыналар: «Ұтыс» (бұл ойынның «Әлші», «Тәйкі» деген екі түрі бар ), «Арқаласпақ», «Ханталапай», «Хан болып шық», «Бес асық», «Атжарыс» т.б
11
Анықтама
Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой немесе асығы алшысынан түсті.., т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың айырықша символдық мәніне қатысты қалыптасқаны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |