«Нұрбанк» АҚ-та операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы Ереже



бет1/4
Дата26.02.2016
өлшемі482.06 Kb.
#27674
  1   2   3   4





«Нұрбанк» АҚ-та операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы Ереже



2014 жылдың «___»________

____________ хатамамен



«Нұрбанк» АҚ-тың Директорлар

кеңесі бекіткен

1-Бөлім. Жалпы шарттар

  1. «Нұрбанк» АҚ-тың операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ережесі (бұдан былай – Ереже) 1995 жылдың 31 тамызындағы Қазақстан Республикасының №2444 «Қазақстан Республикасында банктер және банк қызметі туралы» Заңының негізінде және сол Заңға Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, «Нұрбанк» АҚ-тың (бұдан былай – Банк) Жарғысына және «Нұрбанк» АҚ-тың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жасалады.

  2. Бұл Ереже Банк операцияларын жүргізуді банк заңнамасында қарастырылған құқықтық тұрғыдан реттеу мақсатында жасалған.

  3. Бұл Ережеде келесі мәліметтер мен жорықтар қамтылған:

  1. Қабылданатын депозиттер мен берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;

  2. Депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті сомалары;

  3. Депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттары;

  4. Банк қабылдайтын қамтамаға қойылатын талаптар;

  5. Банк операцияларын жүргізу үшін сыйақы мөлшерлемелері мен тарифтер;

  6. Банк қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері;

  7. Банк қызметтерін көрсету барысында туындайтын мәселелер бойынша клиенттердің Хаттарын қарастыру тәртібі;

  8. Клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы ереже;

  9. Банк пен Банк Клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершіліктері;

  10. Директорлар кеңесі Ережеге енгізу қажет деп тапқан басқа да шарттар, талаптар мен шектеулер.

  1. Бұл Ереже ешық ақпарат болып табылады және коммерциялық немесе банктік құпия болып табылмайды.

  2. Бұл Ереже Банктің операцияларды жүргізудің жалпы стандартты шарттарын белгілейді. Банктік операциялар мен әртүрлі банк өнімдері бойынша операциялар жүргізудің нақты шарттары мен тәртібін Банктің ішкі номативтік құжаттарында, сонымен қатар Клиентпен жасалатын сәйкесті келісімшарттарда белгіленеді.

  3. Банк операциялар жүргізу және өтініштерді қарастыру кезінде банктік құпияны сақтайды және ақпаратты беру қажеттілігі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тікелей қарастырған жағдайларды қоспағанда, Клиенттің жазбаша рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға банктік құпияға жататын ақпараттарды жария етпейді.

  4. Банктік операцияларды іске асыру кезінде Банк пен Клиенттің арасындағы қатынастарды Қазақстан Республикасының заңнамасы, Банктің ішкі нормативтік құжаттары, сондай-ақ жасалған келісімшарттың шарттары реттейді.

  5. Бұл Ереженің ережелері мен жасалған келісімшарттардың шарттары қарама-қайшы келген жағдайда, келісімшарттардың шарттарына басымдылық беріледі.

  6. Банк өзінің банктік қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша уәкілетті орган берген лицензиясының негізінде жүзеге асырады.


2-Бөлім. Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер, терминдер мен қысқартулар

  1. Бұл Ережеде төмендегідей түсініктер, терминдер мен қысқартулар қолданылады:

  1. Банк – «Нұрбанк» АҚ;

  2. Банктік күн – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мейрамдар туралы» Заңы белгілеген демалыс пен ұлттық, мемлекеттік мейрамдарды қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығындағы жұмыс күні.

  3. Банктік шот – ақша қабылдау және/немесе Клиентке банктік қызмет көрсетуге қатысты Банк пен Клиент арасындағы келісімшарттық қатынастарды көрсету тәсілі.

  4. Банктік омбудсман – банк пен қарыз алушы-жеке тұлға арасында ипотекалық қарыз келісімшартынан туындайтын қарама-қайшылықтарды қарыз алушының өтініші бойынша, қарыз алушы мен банктің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге келу мақсатында реттеу істерін жүзеге асыратын, өз қызметінде басқаға тәуелсіз жеке тұлға;

  5. Банк қызметі – «Қазақстан Республикасында банктер және банк қызметі туралы» Заңның 30-бабында қарастырылған банктік және басқа операцияларды Банктің жүзеге асыруы;

  6. Салым – жеке немесе заңды тұлғадан (салымшы) банктік салым келісімшарты негізінде Банктің қабылдаған ақшасы (депозит). Ол салымды пайдаланғаны үшін Банк банктік салым келісімшартында қарастырылған мөлшер мен тәртіпте салымшыға сыйақы төлейді;

  7. Салым/депозит бойынша сыйақы – банктек сақталатын ақшаны пайдаланғаны үшін банктік салым келісімшартында, банктік шот келісімшартында немесе корреспонденттік шот ашу және жүргізу келісімшартында немесе корреспонденттік шот ашу және жүргізу келісімшартында белгіленген мөлшерде, тәртіпте және шарттарда Банктің Клиентке төлейтін ақша сомасы;

  8. Қарыз бойынша сыйақы – банктік қарыз келісімшартында белгіленген, кредитті пайдаланғаны үшін Клиенттің Банкке төлейтін ақша сомасы;

  9. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – Банк банктік салым келісімшартында рәсімделген депозиттерді қабылдау операцияларын және банктік қарыз операцияларын жүзеге асырған кездегі сенімді, жылдық, тиімді салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесі, ол Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептеледі;

  10. Қашықтан банк қызметін көрсету – Банктің электрондық байланыс каналдарын пайдалану арқылы банк қызметтерін көрсетуі;

  11. Депозит – ақша тікелей депозиторға немесе тапсырма бойынша үшінші тұлғаға қайтарылуы тиіс пе, жоқ па, оған қарамастан, оны алғашқы талап бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толығымен немесе ішінара алдын ала үстемақы қосып немесе ондай үстеме ақы қоспастан, ақшаны номиналды түрде қайтару шартымен бір тұлғаның (депозитор) басқа тұлға-Банкке тапсыратын ақшасы;

  12. Банктік шот келісімшарты – Банк пен Клиент арасында жасалатын келісімшарт немесе Банк пен Клиент арасында жасалатын және түрлі банктік қызмет көрсету келісімшарттарының элементтерімен қатар банктік шот келісімшартының элементін қамтитын аралас келісімшарт. Сол келісімшарт бойынша Банк Клиенттің пайдасына түсіп жатқан ақшаны қабылдауға, Клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомасын аударуға (беруге) және банктік шот келісімшартында қарастырылған басқа қызметтер көрсетуге міндеттенеді;

  13. Банктік салым келісімшарты – Банк пен Клиент (салымшы) арасында жасалатын келісімшарт. Сол келісімшарт бойынша Банк салымшыдан ақша қабылдайды және ол ақшаға қатысты банктік салым келісімшартында қарастырылған мөлшерде және тәртіпте сыйақы төлеуге, сондай-ақ салымды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және салымның сол түріне арнайы жасалған банктік салым келісімшартында қарастырылған шарттар мен тәртіпте қайтаруға міндеттенеді;

  14. Банктік қарыз келісімшарты – Банк (қарыз беруші) пен Клиент (қарыз алушы арасында жасалатын келісімшарт. Сол келісімшарт бойынша Банк Клиентке ақылық, мерзімдік, қайтарымдылық шарттармен қарыз беруге міндеттенеді;

  15. Кеңсе/Іс қағаздарын жүргізу секторы (бұдан былай-Кеңсе) – Банктің/Банк филиалының Банктің кіріс және шығыс корреспонденциясын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырыатын құрылымдық бөлімшесі;

  16. Клиент – Банк өнімдері қызметтерін пайдаланатын немесе «Нұрбанк АҚ банктік қызметтерін пайдаланғысы келетіне заңды немесе жеке тұлға, соның ішінде заңды тұлға құрмастан, кәсіпкерлік іспен айналысатындар, Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті;

  17. Байланыс орталығы – Банктің ақпараттық қызметі. Оның құзырына телефон арқылы жүгінуге, банктің (www.nurbank.kz/service@nurbank.kz немесе cc@nurbank.kz) электронды поштасына түсетін Клиенттердің электронды хаттары мен банк қызметін/өнімін ұсыну барысында туындаған сауалдарына қызмет көрсету жатады;

  18. Корпоративтік веб-сайт - www.nurbank.kz;

  19. Жүгіну – Банкке жазбаша, ауызша немесе электронды құжат формасында жіберілген, Клиенттің электронды сандық қолтаңбасымен расталған/расталмаған жеке немесе ұжымдық ұсынысы, өтініші, арызы, сауалы немесе пікірі;

  20. Операциялық күн – Клиенттерден ақша аудару туралы нұсқаулар мен осындай нұсқауларды тоқтата тұру немесе тоқтату туралы өкімдерін Банктің орындайтын, олардың пайдасына ақша аударылуына қатысты хабарламалар жіберетін уақыт кезеңі. Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке нотариустар, сот орындаушылар мен қорғаушылар үшін – Астана уақытымен сағ. 9:00-ден 17:00-ге дейін. Жеке тұлғалар үшін – Астана уақытымен сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін.

  21. Банк басшылығы – Банк Басқармасының Төрағасы, Басқарма Төрағасының орынбасары, басқарушы директор, қаржы директоры, филиал директоры, филиал директорының орынбасары;

  22. Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі саласындағы қызметтерді реттейтін уәкілетті мемлекеттік органмен бірге белгілейтін тәртіпте белгіленген теңгенің шетелдік валютада орташа есептелген биржалық бағамы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін қор биржасында сауда жүргізілмейтін шетел валютасы бойынша есептелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі саласындағы қызметтерді реттейтін уәкілетті мемлекеттік органмен бірге белгілейтін тәртіпте кросс-бағамдарды пайдаланып есептелетін теңгенің бағамы;

  23. Тариф – Банктің клиенттерге қызметтері құнының мөлшері. Банк тарифтері осы Ереженің 1-5 Қосымшаларында көрсетілген;

  24. Банктің уәкілетті органы – Банктің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген құзыреттік пен өкілеттігіне сәйкес шешім қабылдау бойынша, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, банктік қызметтер көрсету мерзімдерін, шарттарын белгілеу мәселелері бойынша тиісті өкілеттіктілер берілген Банктің тұрақты қызмет атқаратын алқалық органы.


3-Бөлім. Клиенеттермен жұмыс істеу тәртібі

  1. Банктік қызмет алу қажеттілігі туындаған кезде Клиенттің кез келген филиалға/Банк филиалының Банктік қызмет көрсету орталығына хабарласуына болады.

  2. Сыйақы мөлшерлемелері мен тарифтердің мөлшерлері туралы, ол мөлшерлемелер мен тарифтерді бекіткен және өзгерткен күндерді қамтитын ақпаратты, сондай-ақ олардың бекітілгенін растайтын ішкі құжаттардың, оларды бекіткен Банк органының деректемелерін қамтитын маңызды ақпараттар:

1) филиалдарда/Банк филиалдарының банктік қызмет көрсету орталықтарында, көруге және танысуға қол жетерлік орындарға;

2) корпоративтік веб-сайтта орналастырылады.

Валюталық операцияларды жүргізудегі банктік қызметтер үшін ақы төлеу операцияны жасаған күнгі валюта айырбасының Нарықтық құны бойынша шетел валютасымен де, теңгемен де жүзеге асырылады.


  1. Клиент Банкке жүгінгшен кезде, банк жұмыскерлері Жүгіну масаты мен Клиенттің банктік қызметке/өніміне қажеттілігі анықталады. Клиенттің қажеттіліктерін анықтау мен қызмет көрсету/өнімді беру туралы келісімшарт жасау (жасау қажет болғанда) үшін Банк Клиентке келесілерді береді:

1) мөлшерлемелер мен тарифтер, банк қызметін көрсету/өнімін беру жөніндегі өтініш (қажет болғанда) бойынша шешім қабылданатын мерзімі туралы ақпарат;

2) банктік қызмет көрсету туралы ақпарат және банктік қызмет көрсету туралы келісімшарт жасауға қажетті құжаттар тізбесі;

3) банктік қызмет көрсету туралы келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайдағы Клиенттің жауапкершілігі және орын алуы мүмкін тәуекелдер туралы ақпарат;

4) клиенттің қалауымен - банктік қызмет көрсету туралы келісімшарттың сәйкесті типтік формасының көшірмесі;

5) клиенттің туындаған сұрақтарына қатысты кеңес беру. Бұл ретте Клиентке оны қызықтыратын сұрақтарға қатысты кеңес беру банктік қызметтің/ өнімнің тиісті түрін көрсетуге/беруге жауапты жұмыскердің құзіреті шеңберінде жүзеге асады.


  1. Клиентке, қаржылық есептіліктің орналасқан көздері туралы ақпарат және Банктің басқа да ақпараттары Клиенттің сұранысына қарай беріледі.

  2. Банк Клиенттің банктік қызметке/өнімге қажеттілігін анықтап, Клиентке өнімінің/қызметтің және келісімшарттың (болған жағдайда) шарттарымен танысуына, сондай-ақ Банк ұсынған қызметті/өнімді алуына байланысты шешім қабылдауына қажетті уақыт береді.

  3. Клиент Банк ұсынған қызметт/өнімді пайдалануға келіскен жағдайда, Клиенттің өтініші бойынша Уәкілетті орган/тұлға қабылдауы қажет жағдайларды қоспағанда, Банк Клиенттен өтініш қабылдаған сәттен бастап 5 (Бес) жұмыс күні ішінде Клиенттің қызмет көрсету/өнім беру туралы өтінішін қарастыруды қамтамасыз етеді (өтінішті Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қабылдау қажет болған жағдайда). Клиенттің өтінші бойынша Уәкілетті орган/тұлға шешім қабылдауы қажет жағдайларда, өтініш Банктің банктік қызметті көрсету тәртібін реттейтін, алайда осы Ережеде қарастырылған мерзімдерден асатын мерзім ішінде қарастырылады.

  4. Көрстелген банктік қызметке қатысты даулы жағдай туындаған кезде Банк Клиентке оның:

1) банктік омбудсманына – ипотекалық қарыздарға байланысты көлісімшарттар төңерегіндегі даулы жағдайлар бойынша;

2) сотқа немесе құзіретіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру кіретін уәкілетті мемлекеттік органға;



3) осы Ереженің 7-Бөлімінде қарастырылған жосықтарға сәйкес Банкке жүгінуге құқығы бар екенін хабарлайды.

  1. Клиентке Банктің, банк омбудсманының және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша мемлекеттік органның оналасқан жері, пошта және электронды мекенжайы туралы ақпарат беріледі.

4-Бөлім. Банктік шоттарды ашу мен жүргізудің жалпы шарттары

  1. Банк пен Клиент арасында банктік шот келісімшарттары, коррееспонденттік шоттарды ашу және жүргізу туралы келісімшарттар жасалған кезде Банктік шоттар ашылады. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында ашылып, ағымдағы, жинақ және коррееспонденттік шоттар болып бөлінеді. Коррееспонденттік шоттарды Банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерімен айналысатын ұйымдар ашады.

  2. Банктік қызмет көрсету кезінде Клиенттерге қызмет көрсетуге қатысатын банк жұмыскерлері қызмет көрсету шарттарына, Клиент тапсыратын құжаттарға қойылатын талаптар және қызметі үшін Банк алатын комиссиялар бойынша кеңес береді.

  3. Банктік шот ашу үшін Банктік шот ашуға қажетті тізбені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және Банктің тиісті ішкі нормативтік құжаттары белгілейді, соған орай құжаттар топтамасы тапсырылады. Ашылатын шоттың және Клиенттің ұйымдық-құқықтық формасына қарай Банк қосымша құжаттарды тапсыруды талап етуге құқылы.

  4. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және/немесе банктік шоттағы ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес және банктік шоттағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға және/немесе Клиенттің банктік шоттағы орналасқан ақшаларына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті шешімінің (қаулысының) негізінде жүзеге асырылады.

  5. Клиенттің банктік шоттары бойынша операцияларды қайта жандандыру/тыйымды алып тастау уәкілетті мемлекеттік органдардың банктік шотта шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы және/немесе банктік шотта орналасқан ақшаларға тыйым салу туралы шешімін (қаулысын) жою жөніндегі тиісті жазбаша хабарламаларының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады.

  6. Банктік шотты ашу, жүргізу және жабу тәртібін банктік шот келісімшарты/банктік салым/корреспонденттік шотты ашу және жүргізу келісімшарттары, Қазақстан Республикасының заңнамасы, сонымен қатар Банктің ішкі құжаттары реттейді.

  7. Клиенттің банктік шоты Клиенттің шотты жабу себебі көрсетілген өтінішінің негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және/немесе банктік салым келісімшартында қарастырылған жағдайларда жабылады.

  8. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Банк бірлескен жинақтаушы зейнетақы қорлары мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттарды, заңды тұлғалар-бейрезиденттердің, шетелдік азаматтардың азаматттығы жоқ тұлғалардың және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің жинақ шоттарын қоспағанда, салық төлеушіге-заңды тұлғаға, бейрезидентті қоса, оның құрылымдық бөлімшелеріне, жеке тұлғаға, кәсіпкерлік, жеке нотариалдық, қорғаушылық қызметті жүзеге асырып жатқан шетелдік азаматқа немесе азаматтығы жоқ тұлғаға банктік шот ашқаны және банктік шотты жапқаны туралы салық органдарына хабарлайды.


§ 1. Клиенттерге ағымдағы шот ашу және жүргізу ерекшеліктері

  1. Клиентке ағымдағы шот ашу және жүргізу Банктің уәкілетті органы бекіткен типтік келісімшарттар мен Клиенттің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда, Банк дербес шарттар енгізілген келісімшарттарды әзірлейді.

  2. Клиентке ағымдағы шот ашу, жүргізу және жабу осы Ереженің 1-2 қосымшаларында көрсетілген мерзімде және сонда көрсетілген сыйақыға жасалады. Клиенттерге ағымдағы шоттар ашу және жүргізу, Банктің өндіріп алатын тарифтері туралы нақтырақ және маңызды ақпарттар осы Ереженің 12-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.


  3. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет