Сәйкесті келісімшартта және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша қаралмаса, Клиенттердің ағымдағы шоттары ұлттық және шетелдік валютада ашылуы мүмкін, ашылатын шоттардың санына және Клиенттің ағымдағы шотындағы ақша қалдығының мөлшеріне шектеу қойылмайды.
§ 2. Салымдар/депозиттер қабылдаудың жалпы шарттары мен ерекшеліктері
-
Банктің уәкілетті органы Клиенттен және/немесе Клиенттер тобынан депозит қабылдаудың дербес шарттарын белгілеген жағдайларды қоспағанда, салымдарды/депозиттерді қабылдау шарттарын, оның ішінде мерзімдерін және салым/депозит бойынша сыйақы мөлшерлемелерін Банктің уәкілетті органдары белгілейді және олар барлық филиалдар мен Банктің құрылымдық бөлімдері үшін бірыңғай болып табылады.
Депозит қабылдау келесі шарттарда жүзеге асырылады:
1) Депозиттің:
а) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе банктік салым келісімшартында басқа шарт қарастырылмаған болса, Клиенттің ағымдағы шотына қабылданатын сома шектелмейді;
б) банктік салым келісімшарты бойынша жинақ шотына қабылданатын шекті сома тиісті банкі өнімінде және банктік салым келісімшартында басқа шарттар белгіленбесе, 1 теңгеден басталатын соманы құрайды және ол 150 000 000 000,00 (Жүз елу миллиард) теңгеден немесе сол соманың шетел валютасындағы баламасынан аспауы тиіс;
2) депозиттің шекті мерзімі:
а) Клиенттің ағымдағы шотының мерзімі шектелмейді, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және/нем Қазақстан Республикасының және/немесе банктік салым келісімшартында басқа шарт қарастырылмаса;
б) Банктік салым келісімшарты бойынша жинақ шотының шекті мерзімін 1 (Бір) банктік күннен 60 (Алпыс) айға дейінгі мерзім құрайды.
Шартты банктік салымы Банктік салым келісімшартында белгіленген жағдайлар басталғанға дейін әрекет етеді.
Талап етілгенге дейінгі салым Салымшы алғашқы талап еткен кезде, толығымен немесе ішінара қайтарылуы тиіс.
3) депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамасы:
а) пайыздық мөлшерлеменің ең аз мәні жылдығына 0 (Нөл) пайызды құрайды;
б) жеке тұлғаларға арналған пайыздық мөлшерлеменің ең жоғарғы мәнін Банк Қазақстаннның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынған сыйақы мөлшерлемелерінің шеңберінде өзі дербес белгілейді, заңды тұлғалардың депозиттері бойынша жылдығы 20 (Жиырма) пайыз мелшерінде белгіленеді.
4) депозит/салым бойынша сыйақы төлеу банктік шот келісімшартының/ банктік салым келісімшартының шарттарына сәйкес (ай сайын/тоқсан сайын/ мерзім соңында/басқа мерзім) жүзеге асырылады.
-
Бұл ретте Клиенттердің ағымдағы шоттарына қабылданатын депозиттер бойынша сыйақы есептеу және төлеу тиісті банктік салым келісімшартында осы шарт болған жағдайда қарастырылады.
-
Клиентке қолданыстағы Салымның шарттары туралы кеңес беру кезінде осы Ереженің 13-тармағына сәйкес берілетін ақпаратқа қосымша Банк жұмыскері Клиентке келесі ақпараттарды ауызша береді:
1) салым түрі (талап етілгенге дейінгі, мерзімді, шартты);
2) салым мерзімі (мерзімі болғанда);
3) салымның ең төменгі сомасы мен салым бойынша төмендетілмейтін қалдық сомасы (болған жағдайда);
4) Клиенттің Банкке жүгінген күнгі Салым бойынша сыйақы мөлшерлемелері, оның ішінде сенімді, жылдық, тиімді салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесі (нақты құны);
5) қосымша келісім жасамастан, Салым мерзімін ұзарту шарттары (мерзім көрсетілген жағдайда);
6) салымды толықтыру мүмкіндігі, капиталдандыру шарттары;
7) салымды толығымен немесе ішінара мерзімінен бұрын алу шарттары;
8) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналасқан депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңына сәйкес кепілдендірілген салымдар бойынша кепілдікті орнын толтырудың белглінген мөлшері.
-
Қазақстан Республикасының заңнамасында басқа шарттар карастырылмаса, жеке тұлғалардың салымдары/депозиттері ұлттық және валюталарында, қолма қол және қолма қол емес ақша түрінде қабылданады, заңды тұлғалардың салымдары салымшылардың Банкте ашқан ағымдағы шоттарынан ұлттық және шетел валютасындағы қолма қол емес ақша түрінде қабылданады.
-
Салым операциялары бойынша Банк пен Клиент арасындағы өзара қатынастарын банктік салым келісімшартының шарттары реттейді.
-
Банктік салым келісімшарты, бірақ олармен шектелмей, төмендегідей шарттарды қамтиды:
а) салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
б) салым бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшері;
в) салым салынған мерзімге дейінгі салым мерзімі және оны ұзарту мүмкіндігі/шарттары;
г) ақшаны толықтыру/ішінара алу мүмкіндігі;
д) салым бойынша сыйақы төлеу шарттары;
е) салым бойынша басқа да шарттар.
Егер Банктің уәкілетті органы жеке шарттар шеңберінде басқа шарттарды белгілемесе, тиісті банктік салым келісімшартында қарастырылған салым сомасы мен мерзімі Банкі тиістін банк өніміне белгілеген салымның ең аз сомасы мен мерзімінен төмен болмауы тиіс.
-
Салым бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі тиісті банкі өнімінің шарттарына байланысты және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есептеледі.
-
Егер сәйкесті банктік өнімінің немесе сәйкесті келісімшарттың шарттарында басқа шарттар қарастырылмаса, салымдар/депозиттер бойынша сыйақы есептеген кездегі ай 30 (Отыз) күнге, жыл 360 (Үш жүз алпыс) күнге тең деп есептеледі.
-
Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей қарастырылған жағдайларда заңды тұлғаның салымы/депозиті бойынша есептелген сыйақыны төлеу Клиент сәйкесті келісімшартта көрсеткен банктік шотқа аудару арқылы, төлем көзінен кіріс салығын ұстай отырып, жүзеге асырылады. Қажет болғанда, Банк Клиентке төлем көзінен ұстап қалған кіріс салығының мөлшері туралы тиісті анықтама береді.
-
Салым кепіл заты болған жағдайларды қоспағанда, салымды банктік салым келісімшартының қолданысы кезеңінде, кез келген уақытта мерзімінен бұрын талап етуге болады. Бұл ретте салым бойынша сыйақы төленбейді немесе сәйкесті келісімшартта белгілеген салымды мерзімінен бұрын талап еткен кезде төленетін шарттарда төленеді.
-
Қосымша келісім жасамастан, салым мерзімін ұзартқан кезде, сыйақы мөлшерлемесін төмендету жағына өзгерткен жағдайда, Банк Клиентке сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін төмендеткені туралы сәйкесті келісімшартта қарастырылған салым/депозит мерзімі аяқталғанға дейін хабарлайды.
-
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттері жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің нысаны болып табылады. Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті түрде кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болып табылады.
Бөлім 5. Банк қабылдайтын қамтаманы ескере отырып, қарыз беру операцияларын жүргізудің жалпы шарттары мен қарызын төлеуге қабілетсіз Клиенттермен жұмыс жүргізу шарттары
-
Банк қарыз беру операцияларын, мақсатына сай пайдалану, ақылық, мерзімділік және қайтарымдылқ шарттарда, сондай-ақ қарыз алушының (Клиенттің) ол жөніндегі және жасалатын мәміле туралы мәліметтерді, сонымен қатар тараптардың өз міндеттемелерін орындауға байланысты ақпаратты кредиттік бюролардың деректер базасына беруге жазбаша келісімі және кредиттік бюроның кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге жазбаша келісім болғанда жүзеге асырады.
§ 1. Қарыз беру операцияларын жүргізу шарттары
-
Қарыз беру операцияларын жүргізу шарттармен жүзеге асырылады:
1) берілетін қарыз сомаларының шекті мәні келесі соманы құрайды:
а) карыздың ең төменгі сомасы – 1 (Бір) теңгеден аз емес;
б) карыздың ең жоғарғы сомасы жиынтығында өзара байланысты қарыз алушылар тобына – Банктің өз капиталының 25 (Жиырма бес) пайызынан көп емес, бұл ретте банктік қарыздар бойынша Банктің өз капиталының 10 (Он) пайызынан көп емес1.
2) қарыздар бойынша мыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамасы;
а) қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме мөлшерінің ең аз мәні жылдығы 0,5 (Нөл бүтін бес ондық) пайызды құрайды;
б) қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме мөлшерінің ең жоғарғы мәні қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге қатысты Банк ұстап қалатын комиссиялар мен өзге де төлемдердің барлық түрлерін есепке алғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актіне сәйкес белгіленетін сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мәнінен аспауы тиіс.
3) қарыз берудегі шекті мерзімдер: ең төменгі мерзімі 1 (Бір) банктік күннен 20 (Жиырма) жылға дейін.
4) Клиенттің өтінішін қарастыру мен қарыз беру туралы шешім қабылдаудағы шекті мерзімдер:
а) жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Банктің талаптарына сәйкес келетін толық құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 60 (Алпыс) күнтізбелік күннен аспайды;
б) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер (шаруа қожалығы) үшін – Клиент Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Банктің талаптарына сәйкес келетін толық құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 180 (Жүз сексен) күнтізбелік күннен аспайды.
Банктің Уәкілетті органы шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (Үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Банк Клиентке қабылданған қарыз беру (немесе бермеу) туралы шешім жөнінде хабарлайды. Қарыз бермеу туралы шешім қабылданған жағдайда, Банк оның себебін хабарлайды.
5) Егер банктік қарыз келісімшартының шарттарында басқа шарттар қарастырылмаса, сыйақы есептеген кездегі ай 30 (Отыз) күнге, жыл 360 (Үш жүз алпыс) күнге тең деп есептеледі.
-
Клиентке қолданыстағы кредит өнімінің шарттары туралы кеңес беру кезінде осы Ереженің 13-тармағына сәйкес берілетін ақпаратқа қосымша Банк жұмыскері Клиентке қарызға қатысты келесі ақпараттарды ауызша береді:
1) банктік қарыз берілетін мерзім;
2) банктік қарыздың шекті сомасы мен валютасы;
3) сыйақы мөлшерлемесінің түрі: тіркелген немесе өзгермелі, егер сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болса, оны есептеу тәртібі;
4) Клиенттің Банкке жүгінген күнгі сыйақы мөлшерлемесінің жылдық пайызындағы мөлшері және оның сенімді, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген мөлшері (нақты құны);
5) банктік қарызды алуға және оған қызмет көрсетуге (өтеуге) қатысты банктің пайдасына алынатын комиссиялардың, тарифтердің және басқа шығындардың толық тізбесі мен мөлшерлері;
6) Клиент-заңды тұлғамен жасалған банктік қарыз келісімшартының шарттарын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында банктер мен банктік қызмет туралы» Заңында қарастырылған жағдайларда біржақты өзгерту мүмкін болғанда;
7) банктік қарыз келісімшарты бойынша міндеттемелерін орындамағанда Клиенттің жауапкершілігі мен тәуекелдері;
8) банктік қарыз келісімшарты бойынша Клиенттің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында жасалған келісімшарттың тарабы болып табылатын кепілзат берушінің, кепілгердің, кепілдеме берушінің және басқа тұлғаның жауапкершілігі;
9) өтеу әдістері;
10) өтінішті қарастыруға қажетті құжаттар тізімі.
-
Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, қорғаушылар, шаруа қожалықтары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарын ескере отырып, әрі заңды тұлғаларға, әрі жеке тұлғаларға берілетін кредит өнімдерін пайдалануға құқылы. Қарыз беру шарттары мен Банк пен Клиент арасындағы барлық қатынастарды банктік қарыз келісімшарты реттейді, оған осы Ережеде көрсетілген шарттардың алдында басымдылық беріледі.
-
Банктік қарыз келісімшартында банктік қарыз берудегі келесі шарттар көрінісі табады: қарызды өтеу мерзімі мен әдісі, қамтама мен басқа да шарттар. Бұл орайда қарыз берудің шарттары Банктің уәкілетті органының шешімімен анықталады, бұл арада Бакнтің ішкі нормативтік құжаттары мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары есепке алынады.
-
Қарызға қызмет көрсету кезеңінде Банк Клиенттің (қарыз алушының) немесе кепілзат берушінің сауалымен, сауалды алған күннен бастап 3 (Үш) жұмыс күні ішінде оған (Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған банктік құпияны жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып) жазбаша мәлімет береді:
1) банкке төленген ақша сомалары туралы;
2) кешіктірілген берешектің сомасы туралы (берешек бар болса);
3) берешек қалдығы туралы;
4) кезекті төлемдердің мөлшерлері мен мерзімдері туралы;
5) кредиттеудегі лимит туралы (лимит бар болса).
-
Клиенттің өтінішімен Банк өтініш түскен сәттен бастап 3(Үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Клиентке жазбаша түрде ақысыз ақпарат береді:
1) түсіп жатқан ақшаны банктік қарыз келісімшарты бойынша берешекті өтеу есебіне бөлу туралы – айына 1 (Бір) реттен көп емес;
2) Банк банктік қарыз келісімшарты бойынша берген ақшаны ішінара немесе толығымен қайтарған кезде, қайтаруы тиіс соманың мөлшері туралы.
-
Банк осы Ереженің 49 және 50 тармақтарында қарастырылған мәліметтерді беруді негізгі қарыз сомасының, сыйақының, комиссияның, тұрақсыз төлемнің және айыппұл шараларының басқа түұрлерінің сомаларын, сондай-ақ банктік қарыз келісімшартының шарттарына сәйкес төлеуі тиіс басқа да сомаларды көрсете отырып, жүзеге асырады.
-
Қарыз бен оның сыйақысын және/немесе қарыз бойынша басқа да берешектерін өтеу қарыз алушының Банкте ашқан банктік қарыз келісімшарты бойынша берешегінің мөлшеріне тең мөлшердегі ақша қаражатымен қамтамасыз ету арқылы және Банктің қарыз алушы қарызы бойынша берешегінің сомасын акцептсіз тәртіпте алуы арқылы, сонымен қатар келісімшартпен (кредит желісі туралы келісім немесе осыған ұқсас құжат) қарастырылған басқа да әдістермен жүзеге асады.
-
Қарызды өтеу үшін келесі тәсілдер қолданылуы мүмкін:
1) сараланған төлемдер әдісі, бұл әдіс бойынша банктік салым келісімшартының берешектері біртіндеп төмендетіле отырып, төленеді, оған негізгі қарыздың теңдей бөліктерге бөлінген сомалары мен белгілі кезең ішінде негізгі қарыз қалдығына есептелген сыйақы сомалары кіреді;
2) аннуитетті төлемдер әдісі, бұл әдіс бойынша банктік салым келісімшартының берешектері банкітк қарыз мерзімінің бүкіл мерзіміне теңдей үлестерге бөліп төлеу арқылы жүзеге асады, негізгі қарыз бойынша төлемдер біртіндеп көбейеді, белгілі кезең ішінде негізгі қарыз қалдығына есептелген сыйақы төлемдері біртіндеп азаяды. Алғашқы және кейінгі төлемдер арасындағы айырмашылықтар болуы мүмкін;
3) өтеудің дербес әдісі, Банктің уәкілетті органы белгілейді.
-
Егер Клиент жеке тұлға (жеке кәсіпкер) болса, онда кредиттік менеджер міндетті түрде танысуы және таңдауы үшін, Ереженің 52-тармағының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген өтеу әдістері арқылы есептелген қарызды өтеу кестесінің жобаларын ұсынады.
-
Сыйақы мөлшерлемелері мен Банктің қарыз (кредиттер) бергені және оны сүйемелдегені үшін ұстап қалатын комиссиялардың мөлшерін Банктің уәкілетті органы белгілейді. Қарыз беру операцияларына қатысты Клиентке Банктің қолданыстағы мөлшерлемелері мен тарифтері туралы нақтырақ және маңызды ақпарат беру осы Ерженің 12-тармғына сәйкес жүзеге асырылады.
-
Қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялардың мөлшері қарыздың сомасы мен мерзіміне, Клиенттің берген қамтамаға және банктік өнімінің шарттарына сәйкес келетін басқа да факторларға қарай белгіленеді.
-
Қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі сәйкесті банк өнімінің шарттарына байланысты және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есептеледі.
§ 2 Банк қабылдайтын талаптарға қойылатын талаптар
-
Қарыздар бойынша Клиенттің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде Банк өтімді, азаматтық айналымнан (соның ішінде мүлік құқығы) алынбаған, Банктің кепілзаттық саясатының талаптарына сай келетін, оны кепілге алу Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мүлікті, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың кепілдіктерін/ кепілдемелерін Қазақстан Республикасы заңнамасына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес кепілге алады.
-
Кепілзаттық қамтаманың жекелеген түрлерінің кепілзаттық қамтаманың жалпы құрылымында арақатынасы сәйкесті банк өнімімен, сонда-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі.
-
Мүлікті кепілзаттық қамтама ретінде қабылдау туралы соңғы шешімді Банктің сәйкесті уәкілетті органы шығарады.
-
Жылжымайтын мүлікті кепілзаттық қамтама ретінде қабылдау кезінде, Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келетін Қарыз/Кепіл (қарыз сомасының кепілзаттық қамтама ретіндегі жылжымайтын мүліктің бағасына қатынасы) көрсеткіштер арақатынасын сақтау міндетті шарт болып табылады.
-
Қамтаманың кепілзаттық құнын анықтауда, оның өтімділігінің төмендейтін коэффициенті қолданылған нарықтық құнының негізінде, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес анықталады.
-
Егер келісімшарттың қатыеастарында және/немесе Банктің ішкі нормативтік құжаттарында басқаша талап етілмесе, мүлікті бағалау және кепілге қою келісімшартын/қосымша келісімді, мүлік құқығын, мүлікпен жасалған мәмілелерді жүзеге асыратын уәкілетті органға/тұлғаға тіркеткені үшін алым төлеу туралы есеп дайындауға байланысты барлық шығындар, сондай-ақ кепілзаттық мүлікті қайта бағалау шығандары қарыз алушыға (кепілзат берушіге) жүтеледі.
-
Банк жұмыскерлері кепіл затын Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес зерттейді.
§ 3. Қарызын төлеуге қабілетсіз Клиенттермен жұмыс жүргізудің жалпы шарттары
-
Банк берешекті өндіруді Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банктік қарыз келісімшартында белгіленген тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырады.
-
Банктік қарыз келісімшарты бойынша мерзімі кешіктірілген берешекті өндіріп алу мақсатында Банк Клиентке міндеттемелері бойынша кешіктірілген берешегі бар екені және банктік қарыз келісімшарты бойынша төлемдер жасау қажеті екені туралы, сонымен қатар Клиенттің өз міндеттемелерін орындамағандағы салдары туралы хабарлайды. Бұл орайда Банк қарыз алушыға/серіктес қарыз алушыға/кепілгерге банктік қарыз келісімшартында қарастырылған мерзімдер мен тәсілдерге сәйкес хабарлайды.
-
Банктік қарыз келісімшарты бойынша берешегін өндіріп алу туралы хабарламада негізгі қарыздың, сыйақының, комиссияның, тұрақсыз төлемнің және басқа айыппұл шаралары түрлерінің сомалары, сонымен бірге төленуі тиіс басқа да сомалар көрсетілген банктік қарыз келісімшарты бойынша бенрешектің мөлшері туралы қысқаша ақпарат қамтылады. Клиентке, сонымен қатар кепілзат берушіге, кепілгерге, қарызды қамтамасыз ету туралы келісімшарттың тарабы болып табылатын басқа да тұлғаға, банктік қарыз келісімшарты бойынша қызмет көрсетуге байланысты ауызша ескерту (телефон арқылы) және хабарлама жергілікті уақытпен сағ. 9-дан 21-ге дейін жасалды.
-
Осы Ереженің 66-тармағында көрсетілген хабарламада көрсетілген талаптарды қанағаттандырмаған жағдайда, Банк Клиентке Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында банктер және банк қызметі туралы» Заңында көрсетілген шараларды қолданады.
-
Егер банктік қарыз келісімшартында Банктің банктік қарыз келісімшарты бойынша құқығын (талабын) үшінші тұлғаға тапсыруға (талабын шегінуге) құқығы қарастырылған болса, Банк құқығын (талабын) тапсырғаннан кейін 3 (Үш) жұмыс күні ішінде ол жөнінде қарыз алушыға/серіктес қарыз алушыға (уәкілетті өкіліне) тапсырылған құқықтарының (талаптарының) толық көлемін, сондай-ақ негізгі қарыздың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыз төлемнің, айыппұлдардың кешіктірілген және ағымдағы сомаларының қалдықтарын және төленуі тиіс басқа да сомаларды, қарызды өтеуге қатысты келешектегі төлемдердің тағайындалуын көрсетіп, Банкке немесе құқықтары (талаптары) тапсырылған тұлғаға жазбаша хабарлайды.
6-Бөлім. Банктік және басқа да операцларды жүргізудің жалпы шарттары
-
Жоғарыда көрсетілген операциялармен қатар, Банк Лицензиясына, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Банк келесі операцияларды жүргізуге құқылы:
-
корреспонденттік шоттар ашу мен жүргізу;
-
аударым операциялары;
-
төлем карточкалары қолданылатын операциялар;
-
кассалық операциялар;
-
шетел валютасын айырбастау операциялары;
-
қолма қол емес шетел валютасын сатып алу/сату операциялары;
-
инкассация қызметтері;
-
сейф ұяшықтарын жалға беру қызметі;
-
аккредитив ашу (көрсету) мен растау және міндеттерін орындау;
-
ақшалай формада орындалуы қарастырылған банктік кепілдіктер беру;
-
үшінші тұлғалар үшін міндеттеріне, ақшалай формада орындалуы қарастырылған банктік кепілдеме беру;
-
қашықтан банктік қызметтер көрсету;
-
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес банктерге тыйым салынбаған немесе шектелмеген басқа да операциялар.
-
Банктің осы Ережеде көрсетілген операцияларды орындауының нақты шарттары Банктің ішкі нормативтік құжаттарында және Клиентпен жасалатын сәйкесті келісімшарттарда белгіленеді және оны Клиент осы Ереженің 1-5 қосымшаларында көрсетілген Тарифтерге сәйкес төлейді. Бұл орайда:
- Банктің уәкілетті органы Клиентке немесе Клиенттер тобына, мөлшері Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген, 1 (жылдан) аспайтын, сонымен қатар акциялар, қайырымдылық пен әлеуметтік жобалар кезеңіне дисконт беру туралы шешім қабылдауға құқылы, оған Ұйымдармен жасалған келісімшарттар негізіндегі «Еңбекақы» өнімдері бойынша берілген және келісімшарттар бұзылғанға немесе уәкілетті орган дисконтты жою/оның мөлшерін өзгерту туралы шешім қабылданғанға дейін әрекет ететін дисконттар қосылмайды.
Банктің уәкілетті органы немесе филиал директоры (орнын басатын тұлға) шешімімен белгіленген есептік-кассалық қызмет көрсетудегі тарифтерін қолданудың ең ұзақ мерзімі - 1 (бір) жыл.
Уәкілетті орган/филиал директоры шешімімен белгіленген топтамадан алынған тарифтерді қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін Клиент жалпы қолданыстағы тарифте көрсетілетін қызметке көшіріледі, егер уәкілетті орган/ филиал директоры топтамадан алынған тарифтерді қолдану туралы жаңа шешім қабылданбаса.
-
Қаржылық мониторинг субьектісі ретінде Банк Клиент пен Клиенттің операцияларына Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен тапқан табыстарды жария ету (ізін жасыру) немесе лаңкестік әрекеттерді қаржыландыруға қарсы әрекет туралы» заңнамасына сәйкестігіне тексеріс жүргізеді. Клиентті тексеру кезінде анықталған, ақша жасыру немесе лаңкестікті немесе Банк қабылдай алмайтын басқа да заңсыз қызметті қаржыландырудың жоғарғы тәуекелі және болған жағдайда, Банк Клиентке банктік шот ашудан, операция (шотта немесе шот ашпастан) жүргізуден бас тартады;
Атап айтқанда, Клиент БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі салған санкциялар қолданылып отырған тұлғалар тізіміне енгізілген, бұл жағдай банктік шот келісімшарттарын жасаудан және Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттерге банктік шоттар ашу, жүргізу және жабу ережесіне сәйкес шот ашудан бас тартуға негіз бола алады.
Клиент немесе оның контрпартнері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі салған санкциялар қолданылып отырған тұлғалар тізіміне енгізілген жағдайда, банктік шот ашпастан, ақша аударудан бас тартуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен тапқан табыстарды жария ету (ізін жасыру) немесе лаңкестік әрекеттерді қаржыландыруға қарсы әрекет туралы» заңы негізге алынып, сонда қарастырылған тәртіпте банктік салым беру тоқтатылуы мүмкін.
-
Клиенттің банктік қызметтер (соның ішінде кепілдік, кепілдеме беру, аккредитивтер ашу операциялары) көрсету туралы өтінішіне байланысты уәкілетті органдардың шешім қабылдауы қажет болған жағдайларда, Клиент-заңды және жеке тұлғаның өтініштерін қарастыру және банктік қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдау мерзімі – Клиент Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Банктің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық жиынтығын тапсырған сәттен бастап 60 (Алпыс) күнтізбелік күнді құрайды, егер жекелеген операцияларға қатысты осы Ережеде басқаша шарттар белгіленбесе.
Достарыңызбен бөлісу: