еркектер тәрізді
Әй, пәленше!, Әй, түгенше! деп, зайыбының атын
атап,
Әй-ді қосақтап айтуға ауыздары бармайды.
Болаттың көкесі-
ау!, Асқардың әкесі-ау! Біздің үйдегі кісі деп сыпайы үнмен сынық
сейлеп отырады. Бұлайша атауға бұрынғы замандағы әлеуметтік
теңсіздік мәжбүр еткен. Сондықтан болар, әйелін жек керіп айтпаса
да, біразға дейін еркектер «әй» деп сейлеуге әдеттеніп кеткен. Дөрекі
біреу болмаса қазіргі кезде «әй»-ді ешкім айта қоймайды. «Әй»-дің
заманы алыстаған. Қазіргі заманда ерлі-зайыптылар бірін-бірі қалай
атаймын десе өз еркі. Сондықтан да болу керек, отбасында
отырғанның өзінде кейбіреулер бірінің атын бірі «паспорттағыдай»
атап отырады. Дегенмен ынтымағы
жарасқан отбасының өз
этикетінің болуы жарасымды емес пе? «Жаным десе, жан семіреді»
дегендей ерлі-зайыптылар бірінің атын бірі тура атап, «пәленше»,
«түгенше» дегеннен гөрі, сыпайылықпен іш тарта атаса несі айып?
Ондай жылы шырай, сыпайы рең үстейтін тәсіл тілімізде бар ма?
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі қалай атағаны жөн?
Мысалды алыстан іздемей-ақ қояйық.
Сонау соғыс жылдарында
майдангерлердің зайыбымен жазысқан хаттарын еске түсірейікші.
Сәлем хаттағы
«Дүйсенжан, Сейсентай, Бейсеш, Майраш,
Жамалжан, Жұмажан» тәрізді ыстық сөз солдаттың сарғайған
сағынышы іспетті емес пе?
Сыйластығы мол, тату-тәтті кейбір ерлі-зайыптылар осындай
түрде
Сәулені – Сәулеш, Нұрбекті – Нұржан т. б. деп атайды.
Кейбіріміз қолдансақ та, кейбіріміз елей бермейтін мұндай
жаңамалап атауды от басының әдебіне айналдырсақ, сыйласымға
сыпайылық үстемей ме? Оның үстіне кісі есімін бұлайша жаңамалап
атау – атты бүрмалау емес. Халық дәстүрінде
баланы кішкене
кезінен еркелетігі атау дағдысы бар. Осындайдан барып
Құдайберген
Достарыңызбен бөлісу: