жауласамын деген сөз бола ма екен? Ханы бар, хандығы жоқ ел
болғанын қайдан естіп жүрсің?
С ы р ы м – Тегінде, екінің бірі дұрыс болар: не
мен кырыққа
жетпей қартайған болармын, не кейбіреулер қырыққа жеткенше
қырқынан шыға алмай қойған болар...»
Сырым бейнесі бұдан әрі қарай да осылайша шешендік тілмен
даралана түсуге тиіс тәрізді көрінеді. Бірақ оқушы күтпеген жерден
тіл контрасына тап болады. Жаңағыдай ұтқыр уәжбен ұтымды
сөйлейтін шешен Сырымның сөз желісі өзге мәнерге ауысып
отырады.
«Жер-су мәселесі әділетпен шешілмеген болса, халық кеңесі өз
міндетін атқара алмаған болар еді... Халық
, кеңесінің кезекті
жиналысын ашық деп жариялаймын...» т. б. Біздіңше, сөз желісінің
бұлайша өзгеріп отыруының өзіндік көркем шешімі бар тәрізді.
Бұдан түйсінеріміз – жазушы Сырымды бастан аяқ ескі бидің
мақамымен сөйлете бермейді.
Сырым батыр, шешен ғана емес, ел
билеудің ескі тәсілі – хандыққа қарсы шыққан, күрескен халық
кеңесінің төр ағасы. Әсіресе ресми сипаттағы бөгде стильдік
қолданыстар кейіпкер тіліне ел басқарудың демократиялық түріне
лайық мазмұн үстеп тұрғанға ұқсайды. Жазушының тіл бояуы
осындай басты идеяға бағынған тәрізді.
Сөйлеу тілі фонында шешендікке тән сөз орамдары
(...қара қанжар
қайраулы..., ер жүректің шайылғаны, ер Сырымның тайынғаны...,
...еркелеттің – уандым, жан серігім дедің – бұрын естімей жүргендей
қуандым... т. б.); дипломатиялық мәнердегі
сөз ө р н е к т е р і
( Г у б е р н а тор – ...Ең алдымен халық кеңесі деген ел басқарудың
жаңа түрін тапқан, Сырым би, сізді...; ...сіздің осындай пікірді
аянбай жақтаған сіздің халқыңызды кұттықтаймын... Бұдан былай
Россия халықтарының арасында достық күшейе беруіне халық
өкіметі тізе қосар деп үміт етеміз. С ы р ы м – Рахмет, Барон мырза,
мен барлық халқымыздың атынан рахмет айтып, Сізді құттықтағым
келеді... Сізге деген біздің алғысымызды да
ауызбен айтып жеткізу
маған да оңай болып тұрған жоқ); кейіпкер тіліне ескілік сипат
үстейтін «гримдер» (улуғ мәртебелі; мархаматыңызға мауафих; Кіші
жүз халықтарының бахытына уаһам хурмет уғиззатын
бағышланмыш) т. б. стильдік бояулар контраст тудырып, шығарма
тілінің көркемдік сипатын аша түсуге септігін тигізіп тұр. Бояуы
бөтен, бөгде стильдік элементті жазушының сөзімтал қаламы сөйлеу
тіліне жаңастырып, «тірілтіп» отырады
(шала піскен мәселе, күйіп
Достарыңызбен бөлісу: