Күнделікті қарым-қатынас жасауда сөз әдебін, сөйлеу этикетін
сақтап жүрміз бе? Елемей-ескермей жүргендеріміз бар ма? Бүгінгі
күннің талабына лайык жандандыра түсетін түрлері жоқ па?
Байыптап қарасақ, сөйлеу этикеті, сөз әдебі жайында әңгіме
қозғауға түрткі болар жайттар аз емес тәрізді. Жақсы сөз де жарық
сәуле сияқты айналаға жылылық сеуіп, көңілді қуанышқа бөлейді.
Адамдардың ынтымағын күшейтеді. Коллективте дәстүрге айналған
ізетті сөз, сыпайы мінез еңбек өнімділігіне де әсер етпей қоймайды.
Сөз
арасында қолданылатын кешіріңіз, ғафу етіңіз, мүмкін болса,
қажет деп тапсаңыз, рұқсат етсеңіз, мақұл көрсеңіз, лайы
қ деп
қарасаңыз, қалауыңыз білсін т. б. сөздер елеусіздеу керінгенмен, тілге
сыпайылық үстеп, ізеттілікті білдіреді. Мұндай майда сөздер үлкенге
де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін білдіреді.
Естіген құлаққа майдай жағады.
Шырағым, қарағым, шырақ, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей
тәрізді қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипатты
білдіреді. Тәрбиелі адамның
сіз бен
сен сөзінің жұмсалу дәстүрінен
жөнсіз ауытқымайтыны да этикет сақтауға жатады.
Сөйлеу этикетіне жататын сөздердің тілімізде сан алуан түрлері
бар. Тіл жұмсау дағдымызда мұндай сөздерді жиі қолданамыз.
Сондықтан болар, бұл сөздер тілімізге еш қиындықсыз орала кететін
оп-оңай нәрседей көрінеді. Мәселен, амандық сұрасудың еш
қиындығы
жоқ тәрізді (Сәлеметсіз бе?... Аман-есенсіз бе?, Армысыз!
Сәлем бердік! Ассалаумағалайкум! Кеш жарық т. б.).
Алайда, бұлардың толып жатқан түрлері, синонимдері,
варианттары бар. Сондықтан оларды талғап, таңдап қолдануға тура
келеді. Олардан туатын ерекшеліктерге мән бермесек, онда сөз
қолданысымызда еш мүкістік жоқ деп айта алмаймыз.
Амандық сұрасу – тұрмыста жиі айтылатын, құлаққа жиі естілетін
сөздеріміз. Бірақ бұлардағы мағыналық, стильдік реңк оларды
талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдануды қажет етеді.
Мысалы,
Сәлеметсіз бе? деп амандасу үлкен-кішіге, таныс-
бейтанысқа, ресми жағдайда да, еркін жағдайда да қолданыла
беретінін байқасақ, ал
Ассалаумағалайкум! деп амандасуды ауылдағы
кейбір жасы үлкен ақсақалдар ұнатып тұрады.
Әжелеріміз бен апаларымызға бұлай амандасу қолайсыз жағдайға
душар қылады. Немесе мектеп шәкірті ұстазымен
Сәлеметсіз бе? деп
сыпайы сәлемдеседі. Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуға
жататын этикет сөздерде мағына, стильдік өзгешеліктермен қоса
әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің үлкендерге
Сәлем
бердік! деп қолын ербеңдетуі, не жүрдім-бардым амандасуы тым
әдепсіздікке жатады.
Мұндайда амандық сұрасудың қарапайым этикеті бұзылады.
Әрине,
сәлемдесу, амандасу адамның бойындағы сыпайы мінез,
ізеттілікпен астасып жатса жарасымды шығады. М. Әуезовтің өзіміз
сүйіп оқитын «Абай жолы» романынан мынадай екі эпизодты еске
түсірейікші.
«Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың алдына
жұмысы бар кісідей кәлденеңдеп көп, тосып тұрды. Аттылар мұның
қозғалысын оқыс көрді ме немесе таныды ма, аттарын баяу
бастыра бастап, жақындап тұстас келді.
Сол уақытта Абай үлкен ыкылас білдіріп,
айрықша бір
тағзыммен төсін басып, катты дауыстап:
— Ассалаумағалайкум.!.. деп сәлем берді...
Өзге қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайылыққа
Бөжей оң назарын салды білем... атының басын тежей беріп:
— Уағалайкумәссалам, балам!... – деп тоқтай қалды».
Осылайша кішінің әдеп сақтап, үлкенге ықылас қоя берген
сәлемі әрдайым оның кішіпейілділігін көрсетіп, тәрбие-
парасатын аңғартып тұрады.
Ал сыпайылықтан алыс жатқан
даңғаза амандықты сәлем
алушылар салғырт қабылдайды.
«Енді біразда ауыз үйдің есігі ашылып, қолына қамшы
ұстаған, бет-аузын қырау басқан, табанының қары шақыр-
шұқыр еткен, аяздаған бір жолаушы кіріп келеді екен. Ол кіре
бере:
— Ассалаумағалайкум! – деп, мәжіліске даурыға сәлем берді.
Отырған жұрт бұның сәлемін тосырқай, жақтырмай,
ақырын
алды».
Сәлем – сөздің анасы. Жылы кейіп, жақсы сөз алдымен
амандық-саулықтан басталады.
Сәлемдесу, амандық сұрасу сөздерінің бірнеше синонимі бар
екендігі айтылды. Алайда тілдің осындай оралымды
мүмкіндігін кейбіреуіміз үнемі ескере бермейтін тәріздіміз.
Кейде сәлем алушы басқа сөз таппағандай сәлем берушіні
қайталап жатады.
Сәлеметсіз бе? деп амандасқан адамға оның өз
сөзін қайталап
Сәлеметсіз (бе)? деуден гөрі
«Аман-есенсіз бе?».. деп
жауап қату жарасымды болар еді.
Сөйлеу этикетіне жататын сөздердің бірі қоштасуға қатысты
сөз легі:
Сау болыңыз, қош болып тұрыңыз, келесі кездескенше,
Достарыңызбен бөлісу: