ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, қорыта айтсақ, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен басты ерекшелігі, біріншіден, оның тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында атқарған ресми қызметтерімен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болған, дәл тәуелсіздік алдында Елбасы болып сайланған Н.Ә. Назарбаевқа сол жылдары болған барлық түбегейлі өзгерістердің ортасында жүріп, тарихи құбылыстардың куәсі болуына тура келді. Жәнеде соның бәрі туралы өз еңбектерінде жазып, маңызды дерек көздерін дүниеге әкелді. Екіншіден, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелгі, олардың Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы, оның ең бір қиын-қыстау сәттердегі тарихи шешімдер қабылдап, жаңа мемлекет қалыптастыра білу тарихы туралы мол мағлұмат сақтауында. Үшіншіден, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің деректік маңызы мен ерекшеліктері автордың жеке адами қасиеттерімен тығыз байланыстылығында. Оның ең бір ауыр жылдары қарапайым қазақ отбасында дүниеге келіп, еңбекке ерте араласуына байланысты, ел өмірін жете біліп, бар саналы өмірін соған қызмет етуге арнауында. Төртіншіден, Н. Назарбаевтың бастауыш партия ұйымынан бастап биліктің барлық сатысынан өтуі, оған елдің реальді саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайын әрдайым объкетивті бағалап, өз еңбектерінде шынайы бағалай білуге мүмкіндік берген.
Мысалы, тәуелсіздік жылдары Елбасы қасында болып, оның сан қырлы істерін жақыннан бақылауға мүмкіндігі болған М. Қасымбеков өз кітабында Н. Назарбаев еңбектерінің үлкен бір бөлігін құрайтын әр түрлі жиындарда жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінің тәуелсіздік тарихының дерек көздері ретіндегі маңызы туралы: “Президент Әкімшілігінің Кеңсесінде Нұрсұлтан Әбішұлының қызмет бабымен түрлі жиындарда сөйлеген сөздерінің түпнұсқалары мен көшірмелері, әртүрлі жұмыс нұсқалары жеке папкаларда сақтаулы тұр. Соларды асықпай отырып ақтарған адам еліміз тәуелсіз атанғалы бергі жылдарда мемлекет өмірінде болған талай-талай соқталы оқиғалар мен атқарылған ауқымды іс-шараларды еске түсіріп, көп нәрселердің төркініне қайта көз жібере алады. Өйткені, осы мерзім ішіндегі елімізде істелген істер мен саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы қиындықтардың сұлбасы бүгінде сарғыш тарта бастаған сол ақ парақтар бетінде көрініс тапқан...
Елбасының қолынан өткен сол баяндамалар мен сөйленген сөздердің мәтіндерімен жүйелі таныса бастасаң, осы мерзімде қаралып, талқыланған мәселелердің мазмұны мен сипаты да бірте-бірте жақсы жағына қарай өзгерістерге ұшырағанын байқау қиын емес”-дейді [27, 112 б.].
Н. Назарбаев еңбектерінің дерек көздері ретінде пайда болуының объективтілігі КОКП-ның 1985 жылғы сәуір Пленумынан кейін басталған қоғамдық құбылыстармен байланысты. “Қайта құру” деген атпен басталған қоғамдық процесс КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз республикалардың пайда болуымен аяқталды. Ал, ол, өз кезегінде, басқа да бұрынғы одақтас республикалардғы сияқты, Қазақстанда да жаңа мемлекет құруға алып келді. Осының бәрі Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде бейнеленді. Демек, Н. Назарбаев өзі куә болып, белсене араласқан қоғамдық құбылыстар туралы жазу арқылы, тәуелсіз Қазақстан тарихының өзіндік ерекшеліктері бар маңызды дерек көзін жасады.
Шексіз билікке ие болған КОКП басшылығын сынаған “Әділеттің ақ жолы...” атты кітабының КСРО өмір сүріп тұрған кезде пайда болуы, ондағы мәліметтердің шынайылық деңгейінің жоғары екендігін дәлелдесе, тәуелсіздік жылдары дүниеге келген еңбектерінде өз мемлекетімізді қайта қалыптастыру тарихы бейнеленген. Сонымен қатар, Н. Назарбаев еңбектерін пайда болған уақытына, мазмұны мен мақсатына, жаныры мен формасына қарай сыныптау, әр еңбектің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оларға деректанулық талдау тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді.
Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде көрсетілген КСРО-ның ыдырауының басты саяси себебі – елдегі ең жоғарғы билік басындағылардың, шексіз билікке ие болған партия басшылығындағы ат төбеліндей әміршіл топтың, жастарының ұлғайуына, денсаулықтарының нашарлауына т. б. факторларға байланысты ел басқару, елде қалыптасқан реальды саяси жағдайды объективті бағалап, қажетті шешімдер қабылдай білу қаблеттерінен толық дерлік айырылулары. Елдің басқару жүйесінде жалғандықтың, екіжүзділіктің, жеке басқа табынушылықтың төменнен жоғарыға дейін кең етек алуы. Саяси басшылықтың КСРО сияқты көпұлтты мемлекетте болмай қоймайтын ұлтаралық қайшылықтарды дер кезінде шешуде қаблетсіздік танытуы. Елдің саяси өмірінде түбегейлі өзгерістер жүргізудің айқын сезілуі. Сонымен қатар, елде “қайта құру” процесін бастаған М. Горбачевтың көп жағдайда сөзбұйдаға салынып, принципті мәселелерде табандылық таныта алмауы т.т. Ал осы кемшіліктерді Н. Назарбаевтың өз еңбегінде Одақ кезінде көрсетуі, М. Горбачевтың тарих алдындағы атқарған істерін жоғары бағалауы, оның еңбегіндегі мәліметтердің шынайылық деңгейінің жоғары екендігінің дәлелі.
Н.Ә. Назарбаев өз еңбектерінде КСРО-ның ыдырауының саяси себептерімен қатар, әлеуметтік-экономикалық себептерін де көрсетіп, оларға жан-жақты талдау жасау арқылы Одақты күйреуге алып келген процестің объективті негіздерін айқын аша білген. Егер, Одақтың ыдырауының әлеуметтік негіздерін ұлтаралық қатнастарда, әлеуметтік қамсыздандыру саласында, т. б. әлеуметтік салаларда жіберілген кемшіліктер құраса, экономика саласында бір орталықтан басқарылған жоспарлы экономиканың тоқырауы, жаппай көзбояушылық, талан-таражға жол беру т.т. құраған. Осының бәрі Н. Назарбаев еңбектерінде нақты фактілер негізінде дәлелденген. Демек, диссертациялық жұмыста келтірілген мысалдар мен дәлелдер Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектерінің тәуелсіздік қарсаңында елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалы объективті бейнеленген, шынайылық деңгейі жоғары дерек көзі екендігін толығымен дәлелдейді деп ойлаймыз.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында мүмкін болған тәуелсіз мемлекеттілігімізді қайта қалпына келтіру сияқты аса күрделі де қиын, маңызды да жауапты, тарихи да тағдырлы істің басында тұрған Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектеріне деректанулық талдау жасау, оның мемлекет құру барысында, осы істің теориялық негіздерін қалап, оның жолдары мен ерекшелікткрін және алғышарттарын ғылыми дәйектілікпен көрсете білгендігін дәлелдейді. Біріншіден, жаңа мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы көксеген ұлттық мемлекет құру туралы армандарының орындалуы болса, екіншіден, бұл тарихи тамыры тереңде жатқан бұрынғы мемлекеттеріміздің жаңадан жаңғыру еді. Үшіншіден, Қазақстан бір жүйеден екінші жүйеге өтуде революциялық емес, эволюциялық жолды таңдаған. Төртіншіден, жаңа жағдайға сәйкес жаңа мемлекет қалыптастыра білуде ескі мемлекеттік машинаны дұрыс пайдалана білу тактикасы өзін толық ақтаған. Бесіншіден, ең бастысы, жаңа қалыптаса бастаған ұлттық мемлекеттің тағдыры, сол мемлекеттің негізін қалаушы қазақ халқының қолында екендігін, өз кезегінде қазақ халқының тағдыры, сол мемлекеттің беріктігімен тікелей байланысты екендігін дәлелдеген. Н. Ә. Назарбаевтың жасаған тұжырымдарының дұрыстығының айқын дәлелі өмірдің өзі. Қазақстан халқының, қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін құру ісіндегі бүгінгі күні қол жеткізген табыстары. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихының келешек зерттеушілері ескеруге тиіс маңызды фактор.
Сонымен қатар Президент Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде келтірілген деректер тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру тарихының аса бір күрделі кезеңі туралы құнды мәліметтер жетікізіп отырғандығы күмәнсіз. Біріншіден, президенттік басқару формасы бұрынғы Одақ көлемінде де, республикаларда да Кеңес өкіметі қойнауында пайда болды. Оның басты себебі ескі кеңестік-партиялық, әміршілдік-әкімшілдік басқару жүйесінің толық дағдарысқа ұшырауы болды. Екіншіден, президенттік басқару жүйесі ескі Қазақ ССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізінде пайда болды. Үшіншіден, Қазақстандағы президенттік билік жүйесінің қалыптасуы, Қазақстан халқының өз тарихында тұңғыш рет өз Президентін жалпыхалықтық сайлау арқылы таңдауы КСРО-ның ыдырап, алып державаның тарих сақанасынан біржола кетуі жағдайында жүрді. Төртіншіден, президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы бұрын Қазақстан тарихында болмаған жаңа құбылыс – парламент пен президенттік билік арасындағы күрес жағдайында жүрді. Бесіншіден, елімізде президенттік биліктің толық қалыптасуының заңды негізі, мәтіні Н. Ә. Назарбаевтың басқаруымен және тікелей қатысуымен дайындалып, 1995 жылдың 30 тамызында өткен бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қаланды.
Сонымен, қорыта айтсақ, Н.Ә. Назарбаев еңбектері тәуелсіздік тарихының басқа да қырларымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің ішкі және және сыртқы атрибуттары тарихының да маңызды дерек көзі болып табылады. ХХ ғасырдың соңына қарай әлем картасынан өз орнын алған дербес мемлекеттің өзіне ғана тән басты атрибуттары – ұлттық валюта – “теңге” мен Ел Ордасы – Астана қаласының пайда болуына бастамшылық жасап, бар жұмысын өзінің тікелей басқаруымен атқартқан адам ретінде, ұлттың қауіпсіздігі мен мемлекеттілігін сақтау мақсатында орасан зор жұмыстар атқарып, ел іргесінің беріктігін, ұлттың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында әлем алпуыттарынан кепілдік ала білген адам ретінде Н. Назарбаев еңбектерінің деректік орыны да, ғылыми құндылығы да ерекше екендігі талассыз.
Егер, ұлттық ақшамыз “теңге” тәуелсіздігіміздің экономикалық негізін қаласа, “Астана” Елбасының алысты болжай білер көреген саясатшы екендігін дәлелдеумен қатар, тәуелсіздігіміздің саяси символына айналды. Ал ядролық қарудан өз еркімен бас тарту қазақ халқын ажал құшағынан құтқарып, бейбітсүйгіш ел ретінде басқалармен терезесі тең дәрежеде қарым-қатнастар жасауға жол ашты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Назарбаев Н. Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда //Егемен Қазақстан. -2004. -13 қазан.
2 Ақбиев М. Президент шыққан шаңырақ // Өмір.-1992.-№1.-16-22 б.
3 Әбділдаұлы Б. Тұңғыш Президенттің туған жерінде // Ақ жол.-2003.-10 шілде.
4 Әзиев Ә. Алатаудан ұшқан ақиық // Орталық Қазақстан.-2001.-8-15 желтоқсан.
5 Әмірова К. Әділетсіздікпен бетпе-бет; Таусылмайтын туған күн; Бізге беймәлім Теміртау:// Ана тілі.-2000.-22 наурыз.
6 Боржымбай Ж. Кейіпкерім – мақтанышым // Президент және халық.-2005.-2 желтоқсан.
7 Кенжебайұлы М.-Ш., Шайқақов Ж. Президенттің кіндік шешесі // Егемен Қазақстан.-1998.-6 маусым.
8 Лұқпан Е. Құрыш қалай шынықты? // Егемен Қазақстан.-2005.-6 шілде.
9 Машрапов Қ. Өмірі мен ісі өнеге // Сарыарқа.-1991.-30 қараша.
10 Омашев Қ. Теміртау мектебі // Егемен Қазақстан.-2006.-7 қаңтар.
11 Сапаралы Б. Президенттің балалық шағы: - Алматы: Ер-Дәулет,-1995, 174 бет.
12 Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: “Санат”,-1994.-512 бет.
13 Қонаев Д. Өтті дәурен осылай. - Алматы: РГЖИ “Дәуір”, МП Ынтымақ, -1992. -448 бет.
14 Кекілбайұлы Ә. Азаттықтың ақ таңы. - Алматы: Қазақстан, -1998.-736 бет.
15 Кекілбаев Ә. Тәуелсіздік толғауы. – Астана: -2002. -376 б.
16 Әбдікәрімов О. Елбасы еліне, елі Елбасына сенеді. // Егемен Қазақстан.-2005.-6 желтоқсан
17Тасмағамбетов И. Социально-политическое обновление Казахстана: тенденции и приоритеты. –Алматы: 1996.-190 с.
18 Тасмағамбетов И. Социальная политика и политическая трансформация.- Алматы: Ғылым.-1997.-250 с.
19 Терещенко С. Мен Назарбаевты тек Президент ретінде ғана емес, адам ретінде де білемін...// Жас Алаш.-1998.-24 желтоқсан.
20 Тоқаев Қ. Беласу.-Алматы: Дәуір, -2003.-656 бет.
21 Абдрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі.-Астана:-Елорда.-2001.-328 б.
22 Ертысбаев Е. Казахстан и Назарбаев: логика перемен.-Астана: Елорда,-2001,-576 с.
23 Қасымбеков М. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы.- Астана: Елорда, 2005. -200 бет.
24 Қасымбеков М. Елбасы қалай жұмыс істеді? // Егемен Қазақстан.-1999.-6 шілде.
25 Қасымбеков М. Билік және жүйе.// Парасат.-2002.№ 5.
26 Қасымбеков М. Елбасының жұмыс кестесі.// Егемен Қазақстан.-2000.-14 шілде.
27 Қасымбеков М. Қазақстан Республикасында Президенттік институттың қалыптасуы.// Егемен Қазақстан.-2000.-22 сәуір.
28 Құл-Мұхаммед М. Менің Президентім // Қазақ елі.-1999.-8 қаңтар.
29 Құл-Мұхаммед М. Президент Назарбаев: Кісілік келбеті // Егемен Қазақстан.-1996.-2 наурыз.
30 Құл-Мұхаммед М. Тарих табыстырған тағылым. // Егемен Қазақстан.-1995.-31 мамыр.
31 Мұхамеджанов Б. Президенттің нормативтік қызметі нені көрсетеді? // Егемен Қазақстан.-1995.-1 наурыз.
32 Сұлтанов Қ. Тәуелсіздік толғауы: 1993. // Егемен Қазақстан.-2001.-12 мамыр
33 Акулов В. Назарбаевқа сенуге болады // Егемен Қазақстан.-2006.-2 қаңтар
34 Ақатай С. Н. Ақ жол адастырмайды // Егемен Қазақстан.-2000.-6 шілде
35 Ақтаев С. Ел басы – біреу, басқалар тіреу болса игі // Ақиқат.-1995.-№ 6-3-13б.
36 Ақтаев С. Елбасы // Халық кеңесі.-1995.-25 сәуір.
37 Алаштың ардағы // Жас Алаш.-1993.-26 қазан
38 Аманжолов Қ. Сіз сол үшін де Президентсіз // Дала дидары.-1991.-25 сәуір.
39 Аманжолов Қ. Сені жақсы көрмесе // Дала дидары.-1991.-1-7, 15-21, 22-29 қараша; 5, 6-12 желтоқсан
40 Асаубаев Қ. Қазақстан Президентін жақан құрметтейді // Астана.-2005.-№ 6.-8-9 б.
41 Ахметбекұлы А. Әлем мойындаған дара тұлға // Әдебиет айдыны.- 2005.- 1 желтоқсан.
42 Әбдіманапов С. Елбасын ұлықтау – елдің мерейі // Астана хабары.-2006.-14 қаңтар
43 Әбдіманапов С. Елдің нұрлы жолы: ҚР Президенті жайлы // Нұр Астана.-2006.-15-22 ақпан
44 Әбіш Қ. Туған халқының дана перзенті // Алдаспан.-2005.-№ 11-12.-1-3 б.
45 Әлімбекұлы Б. Қиындық - өтпелі құбылыс // Халық кеңесі.-1995.-15 сәуір.
46 Әмшина Н. Ел рухын көтерген елбасы // Сыр бойы.-2005.-29 маусым.-1-2 б.
47Әуелбек Ә. Ертеңіне қол созған Қазақстан жарқын болашаққа бастаған 48 48 Елбасына сенеді // Дала мен қала.-2005.-11 маусым.-12-13 б.
49 Байжан-Ата С. Нар тұлғалар // Ақиқат.-1997,-№ 12.-51-55 б.
50 Байжан-Ата С. Ел тізгіні – ер қолында // Қазақ елі.-1998.- 5 маусым.
51 Байғұт М. Тұңғыш: ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы // Егемен Қазақстан.-2005.-23 желтоқсан
52 Бозымбекұлы Ж. Нұрсұлтан салған нұрлы жол //1993.-желтоқсан № 49.-1-3 б.
53 Бочаров Г. Президент Назарбаевтың батыл шешімі («Известия» газеті 1995 ж. 18 сәуір) // Егемен Қазақстан.-1995.-21 сәуір
54 Ғали Ә. Назарбаев – реформашыл тұлға //Қазақ әдебиеті.-2001.-28 шілде
55 Ғұмар М. Президент – халықтар сенімінің діңгегі // Қазақ әдебиеті.-1997.-29 сәуір.
56 Доғру Ш. Нұрсұлтанның нұрлы жолы // Қазақ елі.-2003.-№ 4.-4 б.
57 Жақып С. Нұрсұлтан Назарбаев// Дала мен қала.-2003.-18 қыркүйек
58 Жақып М. Ұлы көштің бастауы // Егемен Қазақстан.-2001-6 шілде
59 Жанболатұлы С. Мен білетін Нұрекең // Қазақ елі.-2003.-12 мамыр
60 Жандаулет Т. Саясаткер Назарбаев немесе Президент туралы кейбір ойлар // Жас Алаш.-1993.-9 ақпан
61 Жандәулетов В. Келешекке – кемел басшымен! // Қазақстан – ZAMAN.-2005.-1 шілде
62 Мұқаметқалиев Қ. Тәуелсіз Республикамыздың тұңғыш Президенті // Заң газеті.-2000.-5 шілде
63 Мұқаштегі М. Ел Президенті – реформатр // Алматы ақшамы.-1998.-14 желтоқсан
64 Өзбекұлы Р. Әлемдік тарихтан орын алған тұлға // Ақ жол.-2000.-8 шілде
Нұржекеұлы Б. Президент // Егемен Қазақстан.-2000.-4 шілде
65 Оңғарбайұлы Қ. Ерлікке баулаған ертегі //Ақ желкен.-2000. № -7-8.-10-11 б.
66 Смирнов В. Жаңа Қазақстан және оның көшбасшысы.-Астана ақшамы.-2001.-17 шілде
67 Түменбай Қ. Тәуекел – ердің жолдасы // Жас Алаш.-2001.-27 қараша
68 Тобағабылов Т. Нұр-Сұлтаны қазақтың // Жас Алаш.-1991.-27 қараша
69 Бөкеев О. Республика Президенті // Қазақ әдебиеті.-1990.-27 шілде
70 Видова О. Нурсултан Назарбаев: Портрет человека и политика.-Алматы: Білім.-1998.-320 с.
71 Дәдебаев Ж. Ел және Елбасы // Егемен Қазақстан.-2001.-23 қараша
72 Жүнісов С. Хан мен Президент // Арқа ажары.-2000.-6.-8.-11.-18 шілде
73 Жолдасбеков М. Сейдімбек А. Салғары Қ. Ел сенімін ақтаған Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаймыз. // Егемен Қазақстан.-2005.-12 қараша
74 Исабеков Д. Күдік сейіліп, тұман айыға бастады // Егемен Қазақстан.-2002.-13 сәуір
75 Қабдолов З. Тәуелсіздік толғауы: 2001// Егемен Қазақстан.-2001.-14 желтоқсан
76 Қайсенов Қ. Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол...// Әдебиет айдыны.-2005.-7 шілде
77 Қалижан У. Өмір ағысы //Жас Алаш.-1992.-1 желтоқсан
78 Медетбек Т. Ер жігіттің ішінде ат басындай шер өсер // Егемен Қазақстан.-2005.-14 желтоқсан
79 Мұртаза Ш. Тәуелсіздік толғауы: 1997 // Егемен Қазақстан.-2001.- қыркүйек
80 Нұрғали Р. Жүректегі жүздесулер // Егемен Қазақстан.-2005.-7 желтоқсан
81 Олжай Қ. Президент прағы. – Алматы: Атамұра,-1994.-208 б.
82 Оразалин Н. Азаттық кімге керек? // Қазақ әдебиеті.-1999.-1 қаңтар
83 Смайлов К. Мен білетін Президент...// Егемен Қазақстан.-1998.-30 желтоқсан
84 Смайлов К. Тәуелсіздік толғауы: 1996 // Егемен Қазақстан.-2001.-29 тамыз
85 Толмачев Г. И. Елбасы.-Алматы: -Дәуір.-2000.-248 б.
86 Зиманов С. Осыдан он жыл бұрын да Назарбаевқа тең келер тұлға болмады // Жұлдыз.-2001.-№ 10.-135-142 бб.
87 Зиманов С. Конституция и Парламент Республики Казахстан.-Алматы:-Жеты жарғы.-1996. 316 с.
88 Сартаев С. Елбасының ерлігін елі білсін // Егемен Қазақстан.-2005.-15 желтоқсан
89 Сапаргалиев Г. Президенттік басқару дегеніміз не? // Қазақстан коммунисі.-1991.-№ 7
90 Сапаргалиев Г. С. Конституционное право Республики Казахстан.-Алматы:-Жеті жарғы.-1998.-280 с.
91 Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы: - 2003.-2003.-692 б.
92 Бижанов А.Х. Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода.-Алматы: Онер.-1997.
93 Джунусова Ж. К. Республика Казахстан. Президент. Институты демократии.-Алматы:-Жеты жарғы.-1996.-?
94 Жотабаев Н. Р. О демократии и парламентаризме.-Алматы: «Арыс».-2000.-322 с.
95 Касымбеков М. Становление института президента в Республике Казахстан.-Астана. ? 1996. ?
96 Котов А. К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ.-Алматы.-Жеты жарғы.-1997.- 412 с.
97 Малиновский Глава государства суверенного Казахстана. –Алматы: -Адилет.-1998.?
98 Сааданбеков Ж. Нурсултан Назарбаев. Законы лидерства – Астана: «Күлтегін».-2005.-268 с.
99 Мурат Байкал Настройщик Евразий.-Азербайжан, Баку.-«ГАПП – Полиграф».-2004.-292 с.
100 Базарянников В. Ежевский Л. Своими глазами.- Украийна.- Днепродзержинск.-2003.-228 с.
101 Валавой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев.-М:.Мол. Гвардия.-1993.-191.
102 Азия асқарлары // Егемен Қазақстан.-2005.-15 желтоқсан
103 Аяғанов Б. Егемендік елшісі // Лениншіл жас.-1990.-5 қазан
104 Аяған Б. Құлдық сана қалыбы // Егемен Қазақстан.-2006.-22 наурыз
105 Қозыбаев М. Үлкен көште үлкен үміт жетелейді // Егемен Қазақстан.-2000.-11 қаңтар
106 Қозыбаев М. Өрге баста еліңді // Парасат.-2000.№ 6.-7-13 бб
107 Нұрпейіс К. Президент – ел тұлғасы // Жетісу.-2001.-31 наурыз
108 Есмағамбетұлы К. Тәуелсіздік философиясы // Қазақстан әйелдері.-2000.-№ 5.-1-5 бб.
109 Атабаев Қ. Тарихымыз қашанғы бұрмаланбақ? // Қазақ әдебиеті.-2003.-10 қазан
110 Салқынұлы С. Тұңғыш Президент. – Алматы: «Бабамұра-М».-2006.-256 б.
111 Аяған Б. Бурханов К. Султанов Б. Современная политическая история Казахстана ?
112 Лаппо-Данилевский А. С. Методология истории.-СПб.,-1910.-Ч.-1,-1913.-Ч.ІІ.
113 Ақорда веб-сайт w w w. Akorda KZ
114 Назарбаев Н. Ә. Әділеттің ақ жолы.-Алматы:-Қазақстан,-1991.- 288 б.
115 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 812-қор, 26-тізбе, 1-іс, 13-п.
116 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 812-қор, 26-тізбе, 1-іс, 15-16 пп.
117 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 812-қор, 26-тізбе, 1-іс,17-п.
118 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 812-қор, 26-тізбе, 1-іс,18-п.
119 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 812-қор, 26-тізбе, 1-іс,19-п.
120 Назарбаев Н. Халықтан жасыратын ештеңе жоқ.// Егемен Қазақстан. -1997-5 шілде
121 Назарбаев Н. Ел межесі – елулік // Егемен Қазақстан.-2006. – 22 наурыз
122 Андреев А. Феномен Назарбаева не разгадан // Известия.-1991.-3 декабрь
123 Феличев О. Феномен Назарбаева // Красная звезда.-1992.-21 ноябрь
124 Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы: - Алматы:- РГЖИ, “Дәуір”, 1992.-56 б.
125 Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. – Алматы: ПО Кітап, -1993.-32 б.
126 Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996.- 272 б.
127 Назарбаев Н. Қазақстан – 2030: Алматы: Білім,- 1998.-96 б.
128 Назарбаев Н. “Қазақстан – 2030” Стратегиясы іс жүзінде // Егемен Қазақстан.-2005.- 12 қазан
129 Назарбаев Н. Ә. Қалың елім, қазағым. –Алматы: Өнер.-1998.-306 б.
130 Назарбаев Н. Қазақстан – Ресей қатнастары: - Алматы: Қазақстан, -1998. – 336 б.
131 Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: - Атамұра, -1999.-296 б.
132 Назарбаев Н. Ә. Бейбітшілік кіндігі. – Астана: «Елорда», 2001. -304 б.
133 Назарбаев Н. Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, -2003. -240 б.
134 Назарбаев Н. Еуразия жүрегінде.Алматы: Атамұра, 2005.- 192 б.
135 Ельцин Б. Н. Исповедь на заданную тему. М.: ПНК, -1990.-192 с.
136 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Астана: Елорда, 2005. – 48 б.
137Мұртаза Ш. Президенттің сөзі мен ісі, - Ел мен Елбасы, - Алматы: Атажұрт,
2003. – 334 б.
138 Назарбаев Б. Ә. Аға. –Алматы: “Қазығұрт”, 2001. – 136 б.
139 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 708-қор, 133-тізбе, 18-іс,7-8-пп.
140 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 708-қор, 121-тізбе, 26- іс, 25-п.
141 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 708-қор,121-тізбе, 111-іс,5-п.
142 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 708-қор,127-тізбе, 97-іс, 5-6-пп.
143 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 708-қор,133-тізбе, 24-іс, 2-п.
144 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 708-қор,133-тізбе, 24-іс, 10-11-пп.
145 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 708-қор,133-тізбе, 67-іс,14-15-пп.
146 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 708-қор,133-тізбе, 67- іс,14-15-пп.
147 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 708-қор,127-тізбе, 68- іс,2-п.
148 Тәуелсіздік толғауы. – Астана: - 2002.- 376 б.
149 Нұрпейісов Е. Қ., Котов А. К. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік республикаға дейін. – Алматы: Жеті жарғы,- 1996.- 96 б.
150 Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық- Алматы:- 2003.- 692 б.
151 Президенттің жүз күні // Лениншіл жас.- 1990.- 1 тамыз.
152 Үлкен жолдың басында // Социалистік Қазақстан. – 1990.- 29 шілде.
153 Қазақстан жолы // Егемен Қазақстан. – 2005. – 15 желтоқсан.
154 Стенограммалық есеп. – Алматы: 1993.- 351 б.
155 Ғабжәлелов Х. Теңге.- Алматы: - 2003.- 212 б.
Достарыңызбен бөлісу: |