Нұсқаулар 050506- экономика 050507- менеджмент 050508- есеп және аудит



бет2/4
Дата16.06.2016
өлшемі476.5 Kb.
#139942
1   2   3   4

* - СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формадағы тақырыптар бойынша тыңдаушылардың инициативалық ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған
Тақырып 1. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері

СӨЖ тапсырмалары:



  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

  3. Тест сұрақтарына жауап беру

  4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

  5. Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.

  6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

  1. Нарықтық бәсеке деген не? Нарық түрлерін қысқаша жазыңдар, оның жетілген бәсекелік нарықтан айырмашылығы?

  2. Сатып алушыға керекті тауардың санын не анықтайды?

  3. Сұраныс қисығы деген не және сұраныс кестесі, олар қалай бір-бірімен байланысқан? Неге сұраныс көлбеуі төмендейді?

  4. Тұтынушылар талғамы өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қозғалатын және сұраныс қисығының жақындауына әкеледі ме?

  5. Сатушылар ұсынатын тауар санын не анықтайды?

  6. Ұсыныс кестесі мен ұсыныс қисығы деген не және олар қалай байланысқан? Неге ұсыныс қисығы күн шығысқа қарай сипатталады?

  7. Өндірістік технологиясындағы өзгерістер ұсыныс қисығы бойынша қозғалысқа ұсыныс қисығының жылжуына әкеледі ме?

  8. Тепе-теңдік жағдайында болатын нарыққа анықтама беріңдер. Нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін күшті сипаттандар.

  9. Нарық тепе-теңдіксіз жағдайда бола ала ма?


СӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Үй жүмысы: тақырыппен танысу.

  2. Тақырыпқа байланысты ребустар құру.

  3. Есепті шешіңдер:

1-есеп.

Кестеде нарықтағы әр түрлі жағдайда концентірленген асбұршақтың көлемі туралы деректер берілген:



Баға (теңге)

Сұраныстың көлемі (жылына млн. банка)

Ұсыныстың көлемі (жылына млн. банка)

8

70

10

16

60

30

24

50

50

32

40

70

40

30

90

а) осы кесте бойынша сұраныс пен ұсыныс қисықтарын тұрғыз;

ә) осы нарықтағы асбұршақтың тепе-теңдік бағасын тап.

2-есеп.


Сүтке деген сұраныс функциясы төменде берілгендей:

Qd =50-5P,

Мұнда, Qd –сұраныс көлемі

Егер сүтті ұсыну көлемі тұрақты болса және оның көлемі 30 мың тоннаға тең болса, онда сүттің тепе-теңдік бағасы қандай болады?



Тест сұрақтары:

    1. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы сұраныс анықтамасын береді:

а) кез кедген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;

ә) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында барілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының мөлшері;

б) берілген нарықтағы заттардың көлемі;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.

2. Сұраныс функциясы дегеніміз не?

а) заттың бағасы мен оның көлеміның арасындағы қатынас;

ә) заттың бағысы мен табыстың арасындағы өзара байланыс;

б) заттың көлемі мен өндірістік факторлардың арасындағы қатынас;

в) барлық жауаптар дұрыс емес.

3. Жалпы жағдайдағы сұраныс функциясы дегеніміз не?

а) сұраныс көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы қатынас;

ә) сұраныс көлемі мен шығындардың арасындағы байланыс;

б) сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы өзара байланыс;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс емес.

4. Ұсыныс дегеніміз не:

а) сатушылардың белгілі бір уақыт арлығында сатуға қабілеті жететін заттарының көлемі;

ә) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында берілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының көлемі;

б) нарықтағы теңдестік бағаға сәйкес келетін ұсыныс көлемі;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.

5. Ұсыныс функциясы төмендегі көрсеткіштердің арасындағы тәуелділікті көрсетеді дейміз:

а) сатылатын заттың бағасы мен шығындардың;

ә) заттың сатылатын көлемі мен оның бағасының;

б) технология түрі мен шығындардың;

в) барлық жауаптар дұрыс.



Әдістемелік нұсқаулар:

Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиеттерден бастау керек. Дайындық барысында экономикалық теория курсы бойынша алған білімдерін қолдану керек. Бірінші сұрақты дайындау барысында сұраным (ұсыным) өзгерісі мен сұраным (ұсыным) көлемінің өзгерісі арасындағы айырмашылыққа көңіл бөлу керек және оларды графикалық түрде көрсете білу керек. Сұраныс (ұсыныс) функциясын түсіну өте маңызды роль атқарады. Ол сұраныс (ұсыныс) көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы функциональды байланыстарды сипаттайды. Бұл сұрақта әрбір мүмкін баға деңгейіндегі барлық тұтынушылар (өндірушілердің) жеке сұраныстарын (ұсыныстарын) қосу арқылы нарықтық сұранымды (ұсынымды) алу жолын қарастыру керек. Міндетті түрде графикті пайдалануыңыз шарт.



Екінші сұрақты дайындау барысында тек нарықтың тепе-теңдігін ғана біліп алмай, сонымен қатар нарықтық бағаны, сұраныс және ұсынысты өзгерте отырып, графиктің көмегімен әртүрлі жағдайларды құрастырыңдар. Бұл өзгерістерге нарық қалайша жауап беретінін көрсетіңіз. Келесі материалдарды қолданып Курс экономической теории: Общие основы экономической теории. Микроэкономика. Макроэкономика. Основы национальной экономики.: Учебное пособие / Под ред. д.э.н., проф. А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова- М.; Изд. «Дело и Сервис», 2001, стр.75-83, Микроэкономика / Под ред. Е.Б. Яковлевой – АКАЛИС, 1997, стр.43-57 сұраныс және ұсыныс анализінің көмегімен нарықтың мемлекеттік реттеу нәтижесін көрсетіңіз.

2 тақырып. Сұраныс және ұсыныс икемділігі. Салықтың әсері.

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

5.Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.

6.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:


  1. Тұтынушылар талғамының өзгеруі сұраныс қисығы бойынан қозғалысқа немесе сұраныс қисығының жылжуына әкеледі ме? Бағаның өзгеруі сұраныс қисығының бойынан қозғалысқа немесе сұраныс қисығының жылжуына әкеледі ме?

  2. Баға бойынша сұраныс икемділігіне және табыс бойынша сұраныс икемділігіне анықтама беріңдер.

  3. Баға бойынша сұраныс икемділігінің анықтайтын факторлар атаңдар.

  4. Икемділігі табыс бойынша 0-ден төмен болатын тауарды қалай атаймыз.

  5. Ұсыныстың бағалық икемділігінің формуласын жазыңдар. Оны қалай қолданатынын түсіңдіріндер.

  6. Баға, табыс бойынша жоғары икемділікті тауарларға, жоғары және төмен қиылысу икемділігі бар тауар жұптарына мысал келтіріңдер.


СӨЖ үшін тапсырмалар:

    1. Үй тапсырмасы. Материалды теориялық меңгеру және әрбір студент үшін міндетті түрде глосарий құру.

    2. Экономикалық жарыс өткізу (СӨЖО қосымшасын қараңдар).

    3. Семинар сабағының №2,3 сұрақтары дәстүрлі формада қарастырылатын болады.

    4. Әрбір студент үшін міндетті түрде глосарий құру.


Тест сұрақтары:

1. Икемді ұсыныс икемділігі кезінде жанама салықтың ауыртыпалығы:



  1. Сатып алушыға түседі;

  2. Тауар өндірушіге түседі;

  3. Өндіруші мен сатып алушы арасында бірдей бөлінеді;

  4. Банкіге түседі;

  5. Банк және тауар өндіруші арасында бірдей бөлінеді.

2. Үтікке деген баға бойынша сұраныс икемділігі нолдік болса, онда ол нені білдіреді:

  1. Бар баға бойынша үтіктердің бірнеше санын сатуға болады;

  2. Үтіктердің берілген саны ең жоғарғы баға бойынша сатылуы мүмкін;

  3. Сатып алушылар әр түрлі баға бойынша берілген игіліктің әр түрлі көлемін сатып алуға дайын;

  4. Сатып алушылар үтіктер бағасы мен сату көлеміндегі өзгерістерге келіспейді;

  5. Сатып алушылар берілген игіліктің нақты көлемін бекітілген баға бойынша сатып алуға дайын.

3. Табыс эффекті орнын толтыру эффектісімен қандай жағдайда сай келеді:

  1. Егер тауар бағасының төмендеуі оған деген сұраныстың төмендеуін тудырса;

  2. Егер бағаны жоғарылату нәтижесіндегі үнемделген табыс берілген тауарды алуға шығындалмайды;

  3. Егер бағаны жоғарылату нәтижесіндегі үнемделген табыстың бір бөлігі берілген тауарды алуға шығындалмайды;

  4. Егер бағаны жоғарлату нәтижесіндегі барлық үнемделген табыс берілген тауарды алуға шығындалмайды;

  5. Егер тауар бағасының жоғарылауы оған деген сұраныстың жоғарылауын тудырса.

4. Гиффен тауары – бұл:

  1. Тұтынудың ақшалай табысы өскенде сұранысы төмендейтін тауар;

  2. Осы тауар бағасы өскен кезде сұраныс көлемі өсетін тауар;

  3. Тұтынудың нақты табысы және тауардың сатыстырмалы бағасының өзгермеген кездегі сұранысы өсетін тауар;

  4. Тауардың өзгерген кезде сұранысы өзгермейтін тауар;

  5. Тауар бағасының өсуі кезінде сұраныс көлемі төмендейтін тауар.

5. Сұраныстың өзгеруі және сұраныс көлемінің өзгеруі қалай ерекшеленеді:

  1. Сұраныстың өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеру сомасынан тұрады;

  2. Сұраныстың өзгеруі берілген тауардың бағасынан басқа сұранысты анықтайтын факторлардың өзгеру кезінде болады;

  3. Сұраныс көлемінің өзгеруі бағасыз факторлардың өзгеру нәтижесінде болады;

  4. Сұраныс көлемінің өзгеруі – бұл сұраныс қисығының жылжуы.

  5. Ұсыныс шамасы өзгермейді.

6. Сұраныстың Qd=50-2P және ұсыныстың Qs=20+P функциялары берілген, мұнда P-тауар бағасы. Егер баға өссе, басқа шарттар өзгеріссіз қалса, онда ұсыныс заңы неден көрінеді:

  1. Ұсыныстың қысқаруынан;

  2. Ұсыныс шамасының өсуінен;

  3. Ұсыныстың көбеюінен;

  4. Ұсыныс шамасының төмендеуінен;

7. Тауар және қызметтерді сұраныстың иекемділік және икемсіз топтарына бөлу критериясы болып не табылады:

  1. Бірлік икемділік;

  2. Иінді икемділік;

  3. Қилысқан икемділік;

  4. Табыс бойынша икемділік;

  5. Сұраныс қисығының икемділігі.

8. Нарықтық сұраныс Qd=2P түріне ие, Р-нарықтық баға. Ұсыныс функциясы Qs=2P. Тепе-тең нарық бағасы неге тең екенің анықтандар:

  1. 4;

  2. 2;

  3. 3;

  4. 1;

  5. 1,5.

9. Баға бойынша сұраныс икемділігі немен сипатталады:



  1. Сұраныс өзгерісіне баға өзгерісінің қатынасымен;

  2. Сұраныс өзгерісіне ұсыныс өзгерісінің қатынасымен;

  3. Сұраныс шамасының проценттік өзгерісінің тауар бағасының проценттік өзгеріснің қатынасымен;

  4. Тауар ұсынысының проценттік өзгерісінің сұраныс шамасының проценттік өзгерісімен;

  5. Тепе-тең баға өзгерісінің ұсыныс өзгерісіне қатынасымен.

Әдістемелік нұсқаулар:



сұрақтың материалдарын дайындау белгілі бір күш пен көңілді талап етеді. Біріншіден, сұраныс және ұсыныс икемділігінің концепциясының мәнін еске түсіріп алу қажет; бағаға сұраныс икемділігін, табысқа және қиылыспалы сұраныс икемділігін анықтаңыз. Екіншіден, сұраныс (ұсыныс) икемділік коэффицентінің математикалық жолмен анықтауға басты назар аударыңыз. Сонымен қатар икемділіктің нүктелік және дөңес мәнін, икемділіктің өзгеріс шектеулерін; икемді, икемсіз сұраныс және бірлік сұраныс икемділігін анықтаңдар. Үшіншіден, сұраныс (ұсыныс) икемділігін айқындайтын барлық факторларды сипаттаңдар. Төртіншіден, икемділік концепциясын қайда, қалай және не үшін қолдануға болатынын көрсетіңдер.
3 ТАҚЫРЫП. ТҰТЫНУшы іс-әрекеті.

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

5.Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.

6.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:


  1. Тұтынушылар талғамын зерттеуі неше кезеңнен тұрады?

  2. Тұтынушының теңдестік жағдайы деген не?

  3. Табыс және бағада болатын өзгерістерді қалай түсінесің?

  4. Табыс әсері дегеніміз не?

СӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Үй жұмысы: тақырыппен танысу.

  2. Тақырыпқа байланысты глосарий құру.

  3. Жаттығуды шеш:

Өзінің күнделікті қажеттіліктеріне студент әке-шешесінен әр апта сайын 20 долл. аоып тұрады. Горизонталді оське ойын-сауықты, вертикальді оське студенттің тұтыну тағамдарын белгілеп бюджет сызығын сыз.

а) тұтыну тағамының бағасы (Рf ) =50 цент, ойын-сауықтың бағасы

(PH )=50 цент;

ә) Рf = 50 цент; PH = 1 долл;

б) Рf = 1 долл; PH = 50 цент;

в) Рf =40 цент; PH = 40 цент;

г) Рf = 50 цент; PH = 50цент;

ғ) в және г бюджет сызықтарын а бюджет сызығымен сылыстыра отырып түсіндір.



Тест сұрақтары:

1.Тұтынушы талғамы теориясы былай тұжырымдалады:

а) тұтынушының талғамы қалыптасқан жағдайда заттың пайдалылығын

бағалау іс-әрекеттері болады;

ә) тұтынушының бюджеті шектеулі екендігі ескеріледі;

б) ең жоғары пайдалылыққа қол жеткізетін тауарлар құрамын анықтайды;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.

2. Талғамсыздық қисығы дегеніміз:

а) тұтынушыға бірдей пайдалық әкелетін тауарлардың жиынтығы;

ә) ең жоғары пайдалылық әкелетін тауарлар жиынтығы;

б) ең төмен деңгейдегі пайдалылық әкелетін тауарлар жиынтығы;

в) а жэне ә жағдайлары дұрыс.

3. Талғамсыздық қисиғының кез келген нүктесінде:

а) тұтынушы ең жоғарғы пайдалылыққа ие болады;

ә) пайдалылықтың мәні тұрақты болады;

б) алмастырудың икемділік коэффициенті тұрақты;

в) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы дұрыс емес.

4. Тауардың тұтынушыға әкелетін шекті пайдалылығы деп:

а) әрбір қосымша пайдаланылатын тауардың экелетін қосымша

пайдалылығын атаймыз;

ә) тауарлардың жалпы пайдалылығын атаймыз;

б) тауарлардың жалпы пайдалылығын олардың санына бөлгенден пайда

болатын көрсеткішті атаймыз;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.

5. Тұтынушының теңдестік жағдайы дегеніміз:

а) баға ең аз шамада, ал тұтынатын тауарлар көлемі ең жоғары шамада

болатын жағдай;

ә) сатылатын тауарлардың құны сатып алынатын тауарлардың құнымен

дәлме-дәл, сәйкес келетін жағдай;

б) тауарларды тұтынғандағы пайдалылық өте жоғары пайда болатын

жағдай;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.


Әдістемелік нұсқау:

Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиеттерден бастау керек. Бірінші сұрақты дайындау барысында пайдалылық функциясын анықтап алыңдар. Одан кейін тұтынушының таңдау теориясындағы кардиналистік (сандық) көз қарасты талдау қажет. Кардиналистік бағыт шекті пайдалылық пен сандық пайдалылық өлшемімен байланысты. Пайдалылықтың сандық функциясын пайдалана отырып, жалпы және шекті пайдалылыққа мінездеме бере аламыз. Кейін жалпы және шекті пайдалылық арасындағы байланысты анықтап алыңдар. Пайдалылықты максимизациялауды формуланың көмегімен сипаттаңдар.



Екінші сұрақта ординалистік бағыттың мәнін түсініп алу керек. Реттік пайдалылық функциясы белгілі бір ретімен көрсетеді және де онда белгілі бір тұтынушы үшін игіліктер тобының талғамсыздық немесе тең бағалы рангтары орналасады. Реттік жақта талғам тұтынушы таңдауының басты субъективті фактор ретінде қарастырылады. Талғам мен аксиоманың мәнін ашыңдар. Пайдалылық және талғамдық функцияларының анализі үшін талғамсыздық қисығын және оның негізгі қасиеттерін қарастырыңдар. Одан кейін талғамсыздық қисығының қисықтығын анықтаңдар, яғни ол екі тауардың шекті алмастыру нормаларының төмендеуін талап етеді.

Үшінші сұрақта тұтынушылық таңдауының экономикалық факторлары қарастырылады. Бюджеттік шектеу жалпы шығынның табысқа тең болу керектігін көрсетеді. Бюджеттік шектеулікті қарастыру барысында бюджет сызығының координат осьтерімен және бюджет сызығының еңкіштігімен қиылысуының экономикалық мағынасын көрсетіңдер. Графиктің көмегімен табыс және баға өзгерісінде бюджет сызығын қалайша ығыстыратынын сипаттаңдар. Логика мен бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарын ескере отырып, тұтынушының бюджет шектеулігінде қалайша өзінің пайдалылығын максималдайды, яғни тепе-теңдікке жетеді.

4 тақырып. Салыстырмалы статика және сұранысты талдау.
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару


Өзін -өзі бақылау үшін сұрақтар:

  1. «Табыс-тұтыну» қисығы нені білдіреді?

  2. «Баға-тұтыну» қисығы нені білдіреді?

  3. «Баға-тұтыну» сызығы бойынша игіліктердің ауыстырылу дәрежесін қалай анықтауға болады?

  4. Слуцкой және Хикс теорияларындағы табыс әсері және ауыстыру тиімлігі.

  5. Жеке сұраныс деген не?

  6. Халықтың әл-ауқаты неден тәуелді болады?

СӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Үй тапсырмасы. Кейінгі тақырыппен танысу.

  2. Аталмыш тақырып бойынша глосарий жазу.

  3. Семинарлық сабақтың 1,3,4, сұрақтары дәстүрлі формада өтетін болады.

  4. Семинарлық сабақтың 2 сұрағы презентация формасында өтеді.

  5. Келесі болжамдар ақиқат па:

А) Табыс әсері салыстырмалы бағалар тұрақты болып қалған жағдайда бағаның өзгеруіне қатысты тауарларды тұтынудағы өзгерістерді білдіреді.

Б) Ауыстыру тиімділігі және табыс әсерінің соммасы дегеніміз бағалар қозғалысынан болған тауарларды тұтынудағы өзгерістер болып табылады.

В) Гиффен парадоксы туындау үшін тұтыну бюджетіндегі сапасыз игіліктерге шығындар үлесі көп болуы керек.

С) Егер селқостық қисығы теріс ойыс болса, ауыстыру тиімділігі үнемі оң болады.

Д) «Баға-тұтыну» және жеке сұраныс қисығы сәйкес келеді.

6. Есепті шығарындар:

Тұлға 8 бірлік А тауарын және 4 бірлік В тауарын сатып алды. А тауарының бағасы 2 ақша бірлігі, ал ауыстырудың шекті нормасы 0,5 тең болғандағы оның табысын анықтандар.

Тест сұрақтары:

1. Бірінше қажетті тауарлар үшін Энгельс қисығы нені білдіреді:









С А

В




  1. А қисығын;

  2. В қисығын;

  3. С қисығын;

  4. Тік осьті;

  5. Көлденең осьті.

2.Орнын басу эффектісі әрқашан қандай болуы керек:

  1. Жағымды;

  2. Жағымсыз;

  3. Әр түрлі;

  4. Шығын эффектісінен көп;

  5. Шығын эффектісіне аз.

3. Табыс эффектісі:

  1. Әрқашанда жағымсыз болу керек;

  2. Әрқашанда жағымды болу керек;

  3. Жағымды және жағымсыз да болуы мүмкін;

  4. Орнынбасу эффектісінен аз болу керек;

  5. Әрқашан нолге тең.

4.Қалыпты тауарлар қай уақытта тұтынылады:

  1. Нақты шығындар көбейгенде;

  2. Нақты шығындар төмендегенде;

  3. Баға өскенде;

  4. Тұтынушылар талғамы өзгергенде;

  5. Бағалар өзгермегенде.

5.Пайдалылықтың кардиналиялық теориясының ординалиялықтан өзгешілігі неде:

  1. Моделдерді қолданбайды;

  2. Субьективті артықшылықтарды қарастырмайды;

  3. Пайдалылықтың сандық өлшемін мүмкін деп есептейді;

  4. Субьективті артықшылықтарды қарастырады;

  5. Айырбас сферасын абсолюттайды.

6. Шекті пайдалылықтың кему принципі:

  1. Қандайда бір игілікті пайдаланудан алатын пайдалылықтың максималды шамасы;

  2. Тұтынушыны қанағаттандыру үшін ұтыстар мен ұтылыстарсыз бір игілік басқамен алмасуы мүмкін норма;

  3. Тұтыну шамасының өсімінен алынған қосымша пайдалылық шамасы;

  4. Ресурстарды қолданудың ұлғаю шамасы бойынша өндірілген өнімнің кемуіне қатысты принцип;

  5. Кей игіліктің қолданылуының көп болғуына қатысты пайдалылықтың қосымша өсуінің аз болу принципі.

7.Талғаусыз қисық қандай қасиеттерге ие емес:

  1. Басқа қисықтан жоғары және оң жақта жатқан талғаусыз қисық тұтыну үшін аса артықшылықты тауар жиынтығын білдіреді;

  2. Талғаусыз қисық жағымсыз иінге ие;

  3. Талғаусыз қисықтар ешқашан қилыспайды;

  4. Талғаусыз қисықтар координат басына қарай дөңес;

  5. Талғаусыз қисық жағымсыз иінге ие емес.

8.Бірдей пайдалылыққа ие игілік жиыны:

  1. Бір талғаусыз қисыққа қатысты;

  2. Энгелдің бір қисығында жатады;

  3. Ұсыныстың бір қисығында жатады;

  4. Бюджеттік шектеу сызығында болуы тиіс;

  5. Талғаусыз қисық пен бюджеттік сызық арасында болуы тиіс.

9.Тұрақты табысы бар тұтынушы тепе-тең жағдайға қай кезенде жетеді:

  1. Екі тауардың орнын басудың шекті нормасы оларға деген сұраныс шамасының қатынасына тең болғанда;

  2. Сұраныс шамасы қатынасы осы тауарлар бағасының қатынасына тең болғанда;

  3. Табыс эффектісі субститут эффектісінен асқанда;

  4. Орнын басудың шекті нормасы осы тауарлар бағасының кері қатынасына тең болғанда;

  5. Субсидия эффектісі табыс эффектісінен асқанда.


5. Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы.
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару


Өзін -өзі бақылау үшін сұрақтар:

  1. Ресурстты көбейтудегі шектеу критериіне не жатады?

  2. Өндіріс факторлар нарығындағы тепе-теңдікті қандай жағдайлар қамтамасыз етеді?

  3. Неге еңбек ұсыныс қисығы азаюшы учаскіге ие болады?

  4. Қаржылық капитал ұсынысын қандай факторлар анықтайды?

  5. Адам капитал түсінігіне анықтама беріңдер.

  6. Уақытаралық бюджеттік шектеу мен уақытаралық қалау мәнің түсіндіріңдер.

  7. Уақыттық қалаудың шекті нормасы деген не?

  8. Егер ссудалық пайыздың нарықтық ставкасы 6 % болғанда көптеген тұлғалар үшін уақыттық қалаудың шекті нормасы қандай болады?

СӨЖ үшін тапсырмалар:

Есеп.


Ағымдық табыс 100 теңгеге тең. Болашақ табыс 200 теңгеге тең. Тиімділік функциясы И=С1С2. Болашақ және ағымдық жинақтау ұсынысның функциясын анықтандар.

Тест сұрақтары:

1. Нақты еңбек ақы-бұл:

А) әр бір жұмысының алатын ақшасы;

В) есептелген еңбек ақы соммасы;

С) инфляция шамасына реттелген номиналды еңбек ақы;

Д) негізгі және қосымша еңбегі бойынша еңбек ақы;

Е) еңбек ақыдан ұсталған ақша соммасы.

2. Номиналды еңбек ақы бұл:

А) жалдамалы жұмысшылардың ақша соммасы;

В) тауарлар мен қызметтер түрінде көрінетін еңбек ақы;

С) сатып алу қабілеттілігін анықтайды;

Д) қосымша еңбек ақы;

Е) ұсталған еңбек ақы сомасы.

3. Еңбек ақы ставкасының жоғарлауы үй шаруашылықтарының еңбек ұсынысның төмендеуіне әкелді. Бұған мынадай себептер әсер етті:

А) еңбек нарығындағы монополия;

В) еңбек нарғындағы монопсония;

С) табыстар жайлы мотивация ауыстыру жайлы мотивациядан артады;

Д) ауыстыру жайлы мотивация табыстар жайлы мотвациядан артады;

4. Пайыздық ставка ұлғайған жағдайда тұлға мынандай әрекеттер жасайды:

А) ағымдық тұтынуды арттырады;

В) ағымдық тұтынуды азайтады;

С) құнды қағаздарға көп инвестициялайды;

Д) адам капиталына көп инвестициялайды.

5. Еңбек ақы ставкасының жоғарылауы еңбек ұсынысның төмендеуіне әкелді. Бұл мүмкін болады, егер:

А) еңбек нарығында монопсония болса;

В) еңбек нарығда монополия болса;

С) табыс әсері ауыстыру тиімділігінен артса;

Д) ауыстыру тиімділігі табыс әсерінен артса.


6 ТАҚЫРЫП. ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару


Өзін -өзі бақылау үшін сұрақтар:

  1. Өндірістің технологиялық әдісі дегеніміз не?

  2. Өндірістік процесте қолданылатын факторлар нен түрге бөлінеді?

  3. Жалпы өнімге сипаттама бер.

  4. Изоквантаға түсініктеме бер.

СӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Үй жұмысы: тақырыппен танысу.

  2. Тақырып бойынша глосарии құру.

  3. Есептерді шешу:

1-есеп. Егер еңбектің орташа өнімділігі 30 бірлікке тең болып, ал жұмысшылар саны 100 адам болса, еңбектік жалпы өнімі қандай болады?
2-есеп. Фирманың өндірістік процестері келесі функциямен сипатталады:

У = ( 2*K*L)0.5

Өндірілетін өнім көлемі 4-ке тең болатын изоквантаның грфигін тұрғызындар.
3 есеп. Шағын фирманың өндірістік функциясы келесі түрде берілген:

У = 0,9 * K0,6* L0,5

Талдау кезенінде капитал мөлшері 200-ден 240 өлшемге дейін көбейген, ал еңбек 60-тан 66 өлшемге дейін көбейсін. Осының нәтижесінде, өндіріс көлемі қаншаға көбейетінің анықтандар.

Тест сұрақтары:

1. Өндірістік функция деп мынаны айтамыз:

а) өнім көлемі мен өндіріс факторларының арасындағы байланысты;

ә) өндіріс факторларының белгілі бір қүрамын пайдаланғанда өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі;

б) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс емес.

2. Өндіріс факторлары дегеніміз:

а) өндірістік процесте қолданылатын шикізаттар, құрал-жабдықтар және еңбек күштері;

ә) өндірісте алынатын дайын өнім көлемі;

б) а және ә пункттері;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.

3.Өнрістік функцияның жалпы қасиеттері бойынша:

а)өндіріс факторларының Т есе өсуі өндірілетін өнім көлемін де осы шамаға өсіреді;

ә) қолданылатын өндіріс факторларының көлемінің артуы өндіріс деңгейін төмендетпейді;

б) тек қана бір фактордың санын арттыру нәтижесінде өнім көлемін өсіргенімен оның шекті тиімділігі кемиді;

в) өндіріс факторлары бірін-бірі алмастырады және толықтыра алады.

4. Қысқа мерзімді кезең дегеніміз:

а) негізгі өндірістік қорлардың болатын уақыт аралығы;

ә) өндірісте қолданылатын материалдар мен заттардың құны тұрақты болатын уақыт аралығы;

б) негізгі өндірістік қорлардын, көлемдері айнымалы болатын уақыт аралығы;

в) жоғарыда айтылған тұжырымдардың ешқайсысы да дұрыс емес.

5. Ұзақ мерзімді кезенде өндірістік процесте қолданылатын:

а) факторлардың бәрі де түрақты болады;

ә) факторлардың бәрін де өзгертуге болады;

б) еңбек факторларын ғана өзгертуге болады;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.


Әдістемелік нұсқау:

Бірінші сұрақта өндіріс факторлары мен осы тауарлардан өндірілетін тауар мөлшерінің арасындағы байланыстарды қарастырып алу керек. Өнім көлемін ұлғайтудағы технологияның атқаратын ролін көрсетіңдер. Өндіріс функциясы, өндірісте қолданатын факторлар мен солардың көмегімен өндірілетін максимальды өнім көлемінің арасындағы қатынасты көрсетеді. Өндіріс функциясы берілген технология үшін құрылатынын ұмытпау керек. Қарастырып отырған материалды жеңілдету үшін өндірістің барлық шығындары еңбек және капитал шығындарынан тұрады деп болжамдаймыз:Q = f (K,L). Кейін өндіріс функциясының негізгі қасиеттерін ашыңдар.

Изоквантаның қисығын құру үшін, ең алдымен әрбір берілген комбинация факторларының көмегімен өндіруге болатын өнім көлемінің өндірістік функциясын суреттейтін өндірістік торды, яғни кестені құру керек. Одан кейін изокванта қисығын құрып, олардың неге жағымды еңкіш болатынын түсіндіріңдер.

Изокванта анализі кезінде бір факторды басқа фактормен алмастыру мүмкіншіліктерін анықтаңдар. Технологиялық шекті нормалардың төмендеуін еңбекті капиталымен (MRTSLK) немесе капиталды еңбекпен (MRTSKL) технологиялық алмастырудың шекті нормасын түсіндіріңдер.

Екіншіі сұрақты дайындау барысында қысқа мерзімдегі өндірістік таңдаудың мәнін табыңдар. Өнім шығару көлемінің ұлғаюы қысқа мерзімде әртүрлі шығындар түрлерінің өзгерісінің дәрежесіне байланысты болады. Қысқа мерзімдік уақытта өнім шығару көлемінің жоғарылауы өндірістің өзгермелі фактордың өзгеру дәрежесіне тәуелді болады. Демек, одан кейін жиынтық (TR), орташа (AP), өзгермелі шығындардың шекті өнімдерін (MP) және олардың графикалық көріністерін қарастырыңдар. Неге кемімелі шекті өнімділіктің заңында өзгермелі фактордың орташа өнімі (басқа жағдайлар тұрақты болған жағдайда) алдымен жоғарылайды. Яғни максимумға жетеді, ал одан кейін төмендей бастайды.

Үшінші сұрақта ұзақ мерзімде өндіріс факторларының өзгерістеріне байланысты өнім көлемінің қалай өзгеретінін анықтаңыз. Ұзақ мерзімде шекті өнімділіктің төмендеу заңы әсер етпейді, барлық өндіріс факторлары өзгермелі болады. Өндірістің ауқымының өсу әсерлерін қарастыра отырып, қандай факторлар оның жоғарылауына және төмендеуіне әсер ететінін түсіндіріңдер.
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАР
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару


Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

  1. Экономикалық шығындарға не жатады?

  2. Өндірістік шығындарға түсініктеме.

  3. Қысқа мерзім кезеніндегі шығындар қалай анықталады?

  4. Тұрақты шығындарға не жатады?

  5. Айнымалы шығындарға ше?

СӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Үй жұмысы: тақырыппен танысу

  2. Тақырыпқа байланысты глосарии құру

  3. Есептерді шешіңдер:

1-есеп. «Мерей» фирмасы жиһаз шығарумен айналысады. Берілген кәсіпорынның бухгалтерлік шығындардың негізгі бөлшектерін атап көрсетіңіз.Бұл жағдайдаайқынсыз шығындардың қайсысы орын алады?

2-есеп.Үкімет заңды тұлғалардың мүлкіне алынатын салық көлемін көтерді деп жорамалдайық. Бәсекелестік фирма үшін орташа айнымалы шығындардың мөлшері мен тұрақты және жалпы шығындардың мөлшері өзгере ме?

3-есеп. Киім тігумен айналысатын фирма үшін матаның бағасы көтерілуі оның тұрақты шығындарының мөлшеріне қалай әсер етеді? Бұл жағдайда шекті шығындардың мөлшері өзгере ме?

Тест сұрақтары:


  1. Экономикалық шығындар құрамына:

а) айқын және айқын емес шығындар, сондай-ақ кәдімгі пайда да қосылады;

ә) айқын шығындар қосылып, айқын емес шығындар қосылмайды;

б) айқын емес шығындар қосылып, айқын шығындар ескерілмейді;

в) айқын және айқын емес шығындар қосылмайды.

2. Ұзақ уақыт мерзімінде:

а) барлық шығындар айнымалы болады;

ә) барлық шығындар тұрақты болады;

б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі;

в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.

3. Қысқа мерзім аралығында:

а) барлық шығындар айнымалы болады;

ә) барлық шығындар тұрақты болады;

б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі;

в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.

4.Төменде көрсетілгендердің қайсысы жалпы шығынды сипаттайды:

а) Δ MC;


ә) VC-FC;

б) FC+VC+MC;

в) FC+VC;

г) (FC+VC)/Q.

5. Орташа жалпы шығындар дегеніміз өнімнің бір данасын өндіруге жұмсалатын:

а) тұрақты және айнымалы шығындар;

ә) тұрақты шығындар;

б) айнымалы шығындар;

в) шекті шығындар.

Әдістемелік нұсқау:

Бірінші сұрақта өндіріс функциясын пайдалана отырып, шығындар функциясын қалайша құруға болатынын көрсету керек. Екі факторлы өндіріс жағдайында өндірістің жиынтық шығындар мөлшерін анықтаңдар. Изокоста қисығы нені көрсетеді және өндіріс факторына баға өзгерісі қалай изокоста еңкіштігіне әсер ететінін анықтаңдар. Бірінші сұрақта кәсіпкердің өндіріс факторларының комбинациясын қалайша таңдайтынына көңіл бөлулерің қажет. Берілген өнім көлемі неғұрлым аз шығынмен өндірілуі керек. Одан кейін технологиялық алмастырудың шекті нормасының деңгейін анықтаңдар. Неғұрлым аз шығындар принципін есте сақтау абзал.

Екінші сұрақты жиынтық шығындардың құрылымынан бастау керек (TC): өзгермелі (VC) және тұрақты (FC) шығындар. Олардың графиктерін құрыңдар. Сонымен қатар шекті өнімділіктің төмендеу заңы мен VC, ATC, TC қисықтарының қысқа мерзімдегі байланыстылығын түсіндіріңдер. Өндіріс шығындарын талдау барысында бір өнімге шаққандағы шығындарға көп көңіл бөліңдер: жиынтық орташа шығындар (ATC), орташа өзгермелі (AVC) және орташа тұрақты (AFC) шығындар. Орташа шығындарының деңгейінің динамикасын график түрінде көрсетіңдер. Орташа тұрақты шығындардың қисығы әрқашанда төмен қарай еңкіш бола отырып, неге жиынтық орташа және орташа өзгермелі шығындардың қисықтары U – тәріздес болатынын түсіндіріңдер. Оны талдау барысында қысқа мерзімде өнім көлемінің жоғарылауынан ATC және AVC жақындайтынына көңіл бөліңдер. Ол AFC-тің төмендеуіне байланысты.

Екінші сұрақты дайындау барысында шекті шығындардың динамикасын түсініп алыңдар. Сонымен қатар шекті шығындардың мөлшеріне тұрақты шығындар әсер етпейді, ол тек қана өзгермелі шығындарға ғана тәуелді болады.

Графикалық талдау қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарының арасындағы тәуелділікті айқындауға көмектеседі: 1) MC < AVC, AVC және ATC кезінде төмендейді, ал MC > AVC кезінде - өседі; 2) ATC және AVC нүктелерінің қиылысулары өспелі бөлігі MC олардың min нүктерелі болады; 3) AFC өнім шығарудың өсуі кезінде төмендейді, FC = const болғандықтан; 4) AFC-ның төмендеуі өнім шығарудың өсуіне байланысты ATC және AVC-ның жақындасуына себепші болады.

Үшінші сұрақты талдау барысында барлық факторлар өзгермелі болғанда, ұзақ мерзімдегі уақытта өндіріс шығындарының қисықтары әрбір берілген өнім көлеміне байланысты минималды шығындарды көрсететінін анықтау қажет. Графикалық анализді пайдалана отырып ұзақ мерзіміндегі шығындар қисығы қалай құрылатынын көрсетіңдер. Минималды ұзақ мерзімді орташа шығындарды беретін оптималды масштабты кәсіпорынның таңдауы қалай қамтамасыз етілетінін көрсетіңдер. Одан кейін өндіріс масштабының жоғарылау әсерін ұзақ мерзімдегі шығындар қисығының түріне қалай әсер ететінін сипаттаңдар.


7 тақырып Бәсекелес фирманың пайдасын максимилизациялау

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бәсекелік фирмалардың экономикалық іс-әрекетіне тән сипаттарды атаңдар.

2.Өндіріс көлемінің оңтайлығын анықтаудағы қандай тәсілді қолданады?

3.Қысқа мерзімдік кезенде бәсекелік фирманың ұсынысы қалай қалыптасады?

4. Ұзақ мерзімдік кезенде бәсекелік фирманың ұсынысы қалай қалыптасады?

5. Бәсекелік фирманың экономикалық іс-әрекетінің тиімділік деңгейі қандай?


СӨЖ арналған тапсырмалар:

  1. Үй жұмысы.

  2. Семинар сабағының бірінші және екінші сұрақтарына дайындалу, минипрезентация көзбен шолу элементтерімен және ауызша жауап.

3.Үшінші сұрақ «дөңгелек үстелда» қаралады, 10 минут бақылау жұмысын орындауда материалдарды бекіту үшін.

4. Тақырыпты талқылау үшін мини- коллоквиум ұйымдастыру.

Есептер:

1Есеп. Өнімге сұраныс салалық жетілген бәсекеде көрсетілген

Qd= 55-P, ал ұсыныс Qs=2p-5. Егер фирманың функциясы шығынмен тең болса, TC=20-4q+Sq2 онда фирма қандай бағада және өнімнің көлеміндегі пайданы максимизациялайды.

2 Есеп.


Нарықтық баға өнім шығарудың бірлігі 72 теңге. Орташа шығынның (Ac) шамасы өнілуі оптималдық өңдіргенде, өнімнің 10 бірлігін құрайды, 80 тең.Орташа шектеулі шығын шамасы, сол көлемде өндірілген өнімнің 50 теңгесін құрайды. Сіз қалай ойлайсыз, қысқа мерзім кезеңінде шешуге тиіс – жетілген бәсеке кезінд сондай экономикалық жағдайда: нарықтан кету керек пе, не қалу керек пе?

3 Есеп.


Жетілген бәсеке кезінде фирма өзінің жиынтық табысының (TR) деңгейіне әсер ете ме?Егер етсе, қандай жағдайда?Егер жоқ болса, неге?

4 Есеп.


Жетілген бәсеке кезінде саланың 20 біртиптік фирмалардың тұрақты ұзақ мерзім кезіндегі шығыны. Шекті шығын қысқа және ұзақ мерзім кезінде барлық фирманың бірдей және берілген теңдік:MC=q2-12q+36q – фирманың шығаратыны. Егер рыноктік сұраныс екі кезеңге де теңдік Р=189Q, ал орташа шығын фирма өндірісінің минимизацияланады қысқа мерзімде өндіріледі q-8 бірлік, ұзақ мерзімде өндіріледі q-9 бірлік. Осы өндіріс саласы ұзақ мерзім кезінде тұрақты жағдайда бола ма? Қандай жағдайға әкеледі, егер салаға жаңа фирма кірсе, өнім өндіруді жалғастырса 5 теңге бірлікте? Есепті шығарыңдар.
Тест сұрақтары:
Пайданың максималдайтын немесе залалдардың минималдайтын өндіріс көлемін анықтайтын фирма кезіңдегі жағдай болып не табылады:

А) Орташа жалпы шығындар минимумы;

В) Жалпы шығындар минимумы;

С) Баға мен орташа жалпы шығындар теңдігі;

D) Баға мен шекті шығындар теңдігі;

Е) Ауыспалы шығындар минимумы.


1. Бәсекелес фирма үшін жалпы тұрақты шығындар 10 000 теңгеге тең. Жалпы ауыспалы шығындар (TVC) кестеде берілген.


Q (мың бірлік)

1

2

3

4

5

TVC (мың теңге)

2

6

12

20

30

Қандай жағдайлар кезінде фирма пайда ала алмасада, нарықта сатушы ретінде әрекет ете алады:

А) P > 2;

В) P < 7.33;

С) 2 < P < 7.33;

D) P < 2;

Е) P > 7.33/

2. Егер саладағы барлық бәсекелес фирмалар үшін ауыспалы өндіріс фактоларының бағасы жоғарыласа, онда қысқа мерзімді эффект келесідей түрде болады:

А) Барлық фирмалар шығаруды тоқтатады, және нарықтық ұсыныс азаяды;

В) Өнім бағасы өседі;

С) Барлық фирмалар өнім шығаруды баяғы көлемде жүргізеді, ұзақ мерзімді кезеңде қандай өзгерістер болсада;

D) Өнімнің нарықтық бағасы өзгермейді, тек фирма пайдасы ғана өзгереді;

E) Шығару қысқарады, ұсыныс азаяды, баға көтеріледі

3. Ұзақ мерзімді тепе-теңдікте саладағы фирма саны неге байланысты:

А) Ұзақ мерзімді кезеңдегі нарықтық сұраныс қисығының қалпына;

В) Оның орташа шығындары минималды болатын нүктедегі орташа фирманың шығаруына;

С) Салаға кіру үшін барьерлерге;

D) Жоғарыда айтылғандардың барлығы;

Е) Айтылғандардың ешқайсысына байланысты емес.

4. Жиынтық молшылық неге тең:

А) Тұтынушы мен өндіруші молшылығының арасындағы айырмаға;

В) Тепе-тең тауар саны сызығымен шектелген ұсыныс пен сұраныс қисығының ауданының сомасына;

С) Тепе-тең тауар саны сызығымен шектелген ұсыныс пен сұраныс қисығының ауданының арасындағы айырмаға;

D) Тұтынушы мен өндірушінің молшылығының сомасына;

Е) Тұтынушы мен өндірушінің молшылығының арасындағы айырмаға.

5. Сұраныс пен ұсыныс қисықтардың икемділігі кезінде бағаның мемлекеттік бақылануы нәтижесінде:

А) Өндіруші молшылығы төмендеу мүмкін;

В) Тұтынушы молшылығы өсуі мүмкін;

С) Тұтынушы мен өндірушінің жиынтық молшылығы азаяды;

D) Өндіруші молшылығы төмендеу мүмкін,тұтынушы молшылығы өсуі мүмкін, тұтынушы мен өндірушінің жиынтық молшылығы азаяды;

Е) Өндіруші молшылығы өсуі мүмкін,тұтынушы молшылығы төмендеуі мүмкін, тұтынушы мен өндірушінің жиынтық молшылығы көбейеді.

6. Бәсекелес фирма өніміне сұраныс қисығы:

А) қайшы, жағымсыз еңкіш болады;

В) берілген баға деңгейінде көлденең сызық;

С) берілген ұсыным көлемінде тік сызық;

D) 1/п еңкіш болады, мұнда п-саладағы фирма саны;

Е) онды еңкіш болады.
7. Монополистің бәсекелес фирмадан айырмашылығы, (өзгешелігі)

А) Өз өніміне кез-келген бағаны коя алады;

В) МС=МR кезінде пайданы максималдайды;

С) Кез-келген өнімнің көлемін өндіре алады және оны кез-келген бағамен сатады;

D) Берілген нарықтық сұраныс қисығында, максимум пайда беретін, баға және шығару көлемі комбинациясын таңдап алуға болады;

Е) Сұраныс қисығының жетілген икемділігімен кездеседі.

8. Монополистік бәсеке кезіндегі фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдік жағдайын көрсетіңіз:

A) (MR=MC)


AC

В)(МR=МС)=Р=АС;

С) (МR=МС)=Р<АС;

D) (МR =LRМС)=LRАС=Р;

Е) (МR =LRМС)=LRАСmin.

9. Қандай көзқарас тұрақты экономикалық пайданың айырмашылығы қысқа және ұзақ мерзім кезеңіндегі айырмашылығына:

А) тұрақты;

В) тұрақсыз;

С) информациялық дәреженің жоғары болуына байланысты тұрақтылық;

D) информациялық дәреженің жоғары болуына байланысты тұрақтылық емес;

E) абсолюттік тұрақты.

10. Қандай жағдайда ресурсқа сұраныс қисығы тым серпілісті:

а) монополиялық жағдайда;

ә) олигополиялық жағдайда;

б) жетілген бәсеке жағдайында;

в) жетілмеген бәсеке жағдайында;

г) бұл жағдайлардың бірде-бірінде емес.

11. Фирма өнім көлемін анықтайды, шектеулі табысты теңдестіру арқылы, жетілген бәсеке жағдайында өнімнің бірліктегі бағасы тең және шектеулі шығын. Сол кезеңге дейін жағдай жасайды өндіруге шектеулі шығынмен баға бірдей болғанға дейін. Өндіруді одан әрі арттыруға болады:

а) Көп дәрежеде шығынды көбейту, табысқа қарағанда;

ә) Аз дәрежеде шығынды көбейту, табысқа қарағанда;

б) Еңбек ақыны көбейту;

в) Шығарған өнімнің көлемін көбейту;

г) Адамның капиталының сапасын арттыру.

12. Өндіріс көлеміне тең шектеулі табыс және шектеулі шығын айтылады:

а) тепе-теңдік нүктелері;

ә) өңдірудің оптималдық нүктелері;

б) өңдірудің минималдық нүктелері;

в) максималды шығару нүктелері;

г) минималдық шығару нүктелері.

8 ТАҚЫРЫП. Жетілген бәсеке нарығы

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жетілген бәсекенің белгілерінің мінездемесін айтыңдар.

2.Өндіріс көлемінің оңтайлығын анықтаудағы қандай тәсілді қолданады?

3.Неге шектеулі табыс және шектеулі шығын маңызды тепе-тең болады фирманың өнімін өндіру көлемін анықтағанда барлық нарықтық құрылым жағдайында?

4.Жетілген бәсеке жағдайында баға графигі неге фирманың орташа және шектеулі табысына бірдей болады?

5.Жетілген бәсеке жағдайында фирманың қисық ұсынысы бірдей болады, оның шектеулі қисық кесіндісінен орташа айналым шығыны қисығынан жоғары жатқанда? Осы бекітуді түсіңдіріндер?

6.Фирма үшін ұзақ мерзімдегі жетілген бәсекенің тепе-теңдігіне қалай жетеді?

СӨЖ арналған тапсырмалар:


  1. Үй жұмысы.

  2. Семинар сабағының бірінші және екінші сұрақтарына дайындалу, минипрезентация көзбен шолу элементтерімен және ауызша жауап.

3.Үшінші сұрақ «дөңгелек үстелда» қаралады, 10 минут бақылау жұмысын орындауда материалдарды бекіту үшін.

4. Тақырыпты талқылау үшін мини- коллоквиум ұйымдастыру.

Есептер:

1Есеп. Өнімге сұраныс салалық жетілген бәсекеде көрсетілген

Qd= 55-P, ал ұсыныс Qs=2p-5. Егер фирманың функциясы шығынмен тең болса, TC=20-4q+Sq2 онда фирма қандай бағада және өнімнің көлеміндегі пайданы максимизациялайды.

2 Есеп.


Нарықтық баға өнім шығарудың бірлігі 72 теңге. Орташа шығынның (Ac) шамасы өнілуі оптималдық өңдіргенде, өнімнің 10 бірлігін құрайды, 80 тең.Орташа шектеулі шығын шамасы, сол көлемде өндірілген өнімнің 50 теңгесін құрайды. Сіз қалай ойлайсыз, қысқа мерзім кезеңінде шешуге тиіс – жетілген бәсеке кезінд сондай экономикалық жағдайда: нарықтан кету керек пе, не қалу керек пе?

3 Есеп.


Жетілген бәсеке кезінде фирма өзінің жиынтық табысының (TR) деңгейіне әсер ете ме?Егер етсе, қандай жағдайда?Егер жоқ болса, неге?

4 Есеп.


Жетілген бәсеке кезінде саланың 20 біртиптік фирмалардың тұрақты ұзақ мерзім кезіндегі шығыны. Шекті шығын қысқа және ұзақ мерзім кезінде барлық фирманың бірдей және берілген теңдік:MC=q2-12q+36q – фирманың шығаратыны. Егер рыноктік сұраныс екі кезеңге де теңдік Р=189Q, ал орташа шығын фирма өндірісінің минимизацияланады қысқа мерзімде өндіріледі q-8 бірлік, ұзақ мерзімде өндіріледі q-9 бірлік. Осы өндіріс саласы ұзақ мерзім кезінде тұрақты жағдайда бола ма? Қандай жағдайға әкеледі, егер салаға жаңа фирма кірсе, өнім өндіруді жалғастырса 5 теңге бірлікте? Есепті шығарыңдар.
Тест сұрақтары:

1.Нарық жетілген бәсеке- бұл:

а) маңызды шындық;

ә) теориялық абстракция;

б) математикалық модель;

в) мемлекеттің экономика әсерінің нәтижесі;

г) экономикалық дағдарыстың нәтижесі.

2.Фирмаға жетілген бәсеке кезінде өзінің жиынтық табысы деңгейіне әсер етуі мүмкін бе?

а) мүмкін;

ә) мүмкін емес;

б) тек бірен-саран;

в) тек мемлекеттің қолдауымен;

г) тек сұраныстың ажиотаждық жағдайында.

3. Жетілген бәсекеде нарықтағы баға дискриминациясын іске асыруы мүмкін бе:

а) жоқ;

ә) иә;


б) тек бірен-саран;

в) тек мемлекетке әсер етсе;

г) тек сұраныстың ажиотаждық жағдайында.

4. Жетілген немесе еркін нарықтық бәсекеде – бұл бәсеке:

а) бір қатысушы рыноктік бағаға әсер етуі мүмкін өнімді сатуға ұсынған;

ә) бірде-бір қатысушылар рыноктік бағаға әсер ете алмайды;

б) тек бірнеше қатысушылар рыноктік бағаға әсер етеді, сатуға ұсынылған өнімге;

в) екі қатысушы рыноктік бағаға әсер етуі мүмкін, сатуға ұсынылған өнімге;

г) мМемлекет әсер етуі мүмкін рыноктік бағаға сатуға ұсынылған өнімге.

5. Қандай жағдайда «таза» монополист сұраныс сызығы және шектеулі табыс сызығы бір-біріне дәл келмейді, жетілген бәсеке жағдайындағы

а)монополист бағаны төмендетуге тиіс, әрбір қосымша шығарылған бірлік өнімге, осы бағаны барлық өнімге қояды;

ә) нарыққа кіруге жоғары барьер қойылған;

б) монополист пайданы монополизациялауүшін әрбір қосымша өндірілген өнімге бағаны арттырады, сол бағаны барлық сататын өнімге қолданады.

в) бағаны дискриминизациялау кезінде;

г) экономикаға мемлекеттің белсене қатысу кезінде.

6. Қандай көзқарас тұрақты экономикалық пайданың айырмашылығы қысқа және ұзақ мерзім кезеңіндегі айырмашылығына:

а) тұрақты;

ә) тұрақсыз;

б) информациялық дәреженің жоғары болуына байланысты тұрақтылық

в) информациялық дәреженің жоғары болуына байланысты тұрақтылық емес;

г) абсолюттік тұрақты.

7. Қандай жағдайда ресурсқа сұраныс қисығы тым серпілісті

а) монополиялық жағдайда;

ә) олигополиялық жағдайда;

б) жетілген бәсеке жағдайында;

в) жетілмеген бәсеке жағдайында;

г) бұл жағдайлардың бірде-бірінде емес.

8. Фирма өнім көлемін анықтайды, шектеулі табысты теңдестіру арқылы, жетілген бәсеке жағдайында өнімнің бірліктегі бағасы тең және шектеулі шығын. Сол кезеңге дейін жағдай жасайды өндіруге шектеулі шығынмен баға бірдей болғанға дейін. Өндіруді одан әрі арттыруға болады:

а) Көп дәрежеде шығынды көбейту, табысқа қарағанда;

ә) Аз дәрежеде шығынды көбейту, табысқа қарағанда;

б) Еңбек ақыны көбейту;

в) Шығарған өнімнің көлемін көбейту;

г) Адамның капиталының сапасын арттыру;

9. Өндіріс көлеміне тең шектеулі табыс және шектеулі шығын айтылады:

а) тепе-теңдік нүктелері;

ә) өңдірудің оптималдық нүктелері;

б) өңдірудің минималдық нүктелері;

в) максималды шығару нүктелері;

г) минималдық шығару нүктелері.



    1. Монополия және монопсония. Нарықтық билік.

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:


  1. Неге сұраныс қисығы монополиялық фирманың өкіміне жағымсыз иілуі болады? Сұраныс қисығы серпілісі 1-ге тең болғанда MR неге тең. Жауапты түсіндіріңіз.

  2. Неге MR қисығы абсцисса осьін осы жолының қиылысының D қисығының қиып өтетін жерінен алған қашықтығын ортасынан қияды?

  3. Неге монополияның қисық ұсынысы болмайды?

  4. Ұзақ мерзімдегі кезеңде монополияның пайда болуында қандай факторды маңызды деп қарастыруға болады?

  5. Монополиялық өкімет мықты болса пайда көп болады деген тұжырым қаншалықты дұрыс деп санайсыз?

  6. Монополиялық үстемдіктің (өкіметтің) қайнар көзі қандай? Мысалдар келтіріңдер?

  7. Фирма көп пайда алса, соған байланысты көп билік (өкімет) бола ма?

  8. Монополияның болуы әрқашан жоғары баға қою және таза монополиямен салыстырғанды өте аз көлемде өндірумен байланысты бола ма?

  9. Монополиялық өкіметтің қоғамдық шығыны қандай?

  10. ҒТП-ны жылдамдату монополияға қалай әсер етеді?


СӨЖ арналған тапсырмалар:

  1. Үй тапсырмасы: тақырыппен танысу.

  2. Тақырып бойынша глосарий жасау.

  3. Әрбір студент дискуссияға (айтысқа) дайындалуы керек, ол үшін күнделікті газет, журнал материалдарын пайдалануға болады.

  4. Ситуациялық есептерді шығарыңыздар, соған байланысты берілген тапсырмаға комментарий жасаңыз:

А – «Джеральдс» компаниясы рыноктағы монополист. Өндірістегі толық шығын функциясы: TC=2+10 бір айдағы өндіріс көлемі. Бағаның қандай деңгейінде компанияның пайдасы максималды болады, егер рыноктік сұраныстың серпілісі сол нүктеде 6-ға тең болса.

Ә - Монополист сигарет шығарады дейік, оның әр қорапшасы бағасы 45 теңге болсын. Сигаретке сұраныс серпілісі – 3, фирма өз пайдасын максимизациялайды. Шектеулі табыстың деңгейін M және монополистің шектеулі шығынын табыңыздар.



Б - Өндіріс саласында шығару көлемі 2,3,5,10 және 20% жалпы өндірістен алынған өндіріс көлемдері бар бес фирма жұмыс істейді. Қалған өнім сатуы 1%-дан аспайтын кіші фирмаларда шығарылады. Қажетті есептеулер жасаңыз, соның негізінде өндіріс саласының монополизациялау дәрежесіне қорытынды жасаңыз.

Тест сұрақтары:

  1. Монополиялық нарық сипаттамасы:

    1. кірудің еркіндігі;

    2. шығудың еркіндігі;

    3. кіруді блокировкалау;

    4. өнімді дифференциациялау.

  2. Монополистің таза бәсекелік кәсіпорыннан айырмашылығы қандай ісімен анықталады:

      1. өндіріс шығынын азайту;

      2. шектеулі табыс және шектеулі шығын тең болғанда пайданы максимизациялайды;

      3. экономикалық пайда алу;

      4. максималды пайда алуды қамтамасыз ететін баға және шығару көлемінің комбинациясын таңдау.

  3. Сату көлемінің өсуіне қарай монополияның шекті табысы қалай өзгеретінін табыңыздар?

  1. өседі;

  2. бағаға қарағанда баяу қысқарады;

  3. бағадан тез қысқарады;

  4. өзгеріссіз қалады.

  1. Қай жағдайға байланысты монополист бағаны төмендету арқылы өз пайдасын максимизациялайды:

    1. сұраныстың азаюынан;

    2. шектеулі қайтарым көбеюінен;

    3. сату көлемінің көбеюінен;

    4. ілеспелі тауарлардың бағасының төмендеуінен.

  2. Монополист ұзақ мерзім кезеңінде экономикалық пайда ала ма екенін көрсетіңіз:

    1. иә, ол өнімнің шығару көлемін анықтайды, бұл жағдайда шектеулі табыс шектеулі шығыннан жоғары;

    2. иә, егер оған басқа кәсіпорынның өндіріс саласына кіруге мүмкіншілік жасалса;

    3. жоқ, себебі оның орташа жалпы шығыны міндетті түрде тауардың бағасымен теңеледі;

    4. жоқ, себебі мүмкіншілігі шектеулі табыс пен шектеулі шығынның теңелуіне жағдай жасай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет