Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/3
Дата08.06.2016
өлшемі405.01 Kb.
#122398
1   2   3

12 Бақылау және сынақ статусы

Өнімнің бақылау және сынақтан өтуі көрнекті түрде расталу керек (мысалы, этикеткалар, бирка, пломба арқылы немесе т.б.). Тексеру критериялерыне сәйкес келмейтін өнім бөліп алынады. Сонымен қатар, бұл бақылауды жүргізу үшін жауапты мамандар анықталады және олардың өкілеттіліктері белгіленеді.


13 Сәйкессіздірілген өнімді басқару

Сәйкессіз болып белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнім саналады. Сәйкессіз өнім табылғанда оны басқа өнімнен бөліп алу және идентификациялау керек.

Сәйкессіздіктерді басқару жөніндегі барлық операциялар (әрекеттер) құжатты түрде рәсімделу керек. Ол үшін төмендегі қызметтерді жүзеге асыру керек:


  • бағалау, жою, белгілеу, қосымша өндеу (түзету), жөндеу, түзетілмеген жарамсыз өнімді жою;

  • өнімнің ақаулы бірліктерін есепке алу және олар туралы ұйым ішінде хабарлау;

  • әрекеттегі (қолданылатын) жүйе туралы тапсырушыны ақпараттау.

Сапасы сәйкес келмейтін өнім тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатымен түзетілуі, басқа мақсаттармен пайдалану үшін басқа категорияға ауыстыру немесе жарамсыз деп қалдықтарға жіберілуі мүмкін.
14. Түзету және алдын алатын әрекеттер

Бұл әрекеттер тұтынушылардың шағымдарында, қызмет көрсетуде жіберілген қателіктерде, сапа жөніндегі жазбаларда және т.б. негізделу керек. Олар сәйкессіздіктердің себептерін табуға және шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтін белгіленген талаптарға сәйкессіздігін алдын алу мақсатымен рәсімдерді түзетуге мүмкіндік береді. Ол үшін:



  • сәйкессіз өнімнің талдауын жүйелі түрде жүргізу;

  • өнім мен үрдістерді жетілдіру бойынша іс-шараларды анықтау;

  • сапасы төмен өнімді алу қауіпін (тәуекелін) болдырмау үшін түзету іс-шараларды жасауын жүзеге асыру;

  • түзету әрекеттердің тиімділігін бақылауды жүргізу;

  • сөйкессіздіктерді болдырмау мақсатымен нұсқаулықтарға өзгерістерді енгізу керек.


15 Жүк тиеп-түсіру жұмыстары, сақтау, буып-түйю және жеткізу

Бұл тарау өнімді тиеп-түсіру, сақтау, буып-түйю және жеткізумен байланысты барлық жұмыстар толық құжатталу керектігін қарастырады. Оған бірнеше бағыныңқы тарау кіреді:

15.1 Жүк тиеп-түсіру жұмыстары

Жүк тиеп-түсіру жұмыстарды жүргізу әдістері өнімнің сақталуын қамтамасыз ету керек. Олар құжатты түрде рәсімделеді және қызметкерлерді оқытуын қарастырады.

15.2 Сақтау

Материалдар мен өнімді олардың бұзылуын, шығындарың және араласуын болдырмау үшін ұйым сақтаудың сенімді әдістерін әзірлеу және қолдану керек. Құжатталған рәсімдер және әдістемелер сақталатын материалдардың сақталуына кепілдік беру үшін оларды тексеруін қарастыру керек.

15.3 Буып-түйю

Буып-түйю және таңбалау операциялары құжатты түрде рәсімделу керек. Буып-түйю жөніндегі нұсқаулықтарда өнімді бұзылудан сақтайтың әдістер беріледі.

15.4 Жеткізу

Жеткізу келісім-шартқа сәйкес жүргізіледі. Ұйым өнімнің белгілену орнына жеткізгенге дейін сақталуын қамтамасыз ету керек. Жеткізу әдістері және оны жүзеге асыру тиісті құжаттармен қамтамасыз ету және олардың қатысушылары осы міндеттерді атқаруға (орындауға) үйретілуі керек.


16 Сапа туралы деректерді тіркеу

Ұйым өнім сапасы туралы деректерді тіркеуі қажет. Бұл деректерге міндетті түрде ішкі тексерулер, жеткізушілерді бағалау, тұтынушылармен келісім-шартты талдау, жобаларды қарастыру, қолданылған түзету және алдын алу әрекеттер, өнімді бақылау және сынау нәтижелері кіреді.

Сапа туралы деректер нақты анықталуы қажет және тіркелуі керек, сонымен қатар, қол жетімді жерде сақталу керек. Осы деректер көмегімен өнімнің бірізділігі қамтамасыз етіледі.
17 Сапаның ішкі тексерулері

Сапа жүйесі тиімділігін және оны тандап алынған 9000 сериялы ИСО стандартының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен ұйым өз қызметінің жан-жақты тексеруін жүзеге асырады. Тексерулер операциялар мен әрекеттердің күйі және маңыздылығының дәрежесіне тәуелді әртүрлі салалардағы жоспарланған аудит түрінде жүргізілу керек. Тексерулер құжатты түрде рәсімделген нұсқауларға сәйкес және мамандармен жүргізіледі.

Тексеру нәтижелері құжат түрінде рәсімделіп, түзету әрекеттерді және тексеру кезіндегі табылған кемшіліктерді жою үшін басшылыққа жеткізіледі. Тексеру жүргізу жиілігі алдында өткізілген тексеру тәжірибесі негізінде анықталады. Бір салада тексерулер жылына бір реттен кем емес жүргізіледі және бекітілген жоспар бойынша орындалады. Бекітілген жоспарда тексеруді жүргізу орны және уақыты, аудиторлардың біліктілігі, дайын өнімге қойылатын талаптар, тексеру жүргізу әдістері және нәтижелерді ұсыну тәртібі көрсетіледі.
18 Кадрларды дайындау

Бұл тарауда қызметі өнім сапасына әсер ететін қызметкерлерінің арнайы дайындығың қамтамасыз етуі қарастырылады. Қызметкерлерді даярлау жоспары ұйымға маңызды міндеттермен байланысты болу керек. Стандарт қызметкерлерді даярлау және оқыту нәтижелерінің міндетті түрде тіркеуін талап етеді.


19 Техникалық қызмет көрсету

Сапа саласындағы саясат және тұтынушылармен келісім-шарттарға сәйкес ұйым сапа жөніндегі жоспарда белгіленген деңгейде қызмет көрсетуге кепілдеме беру керек. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық әрекеттер келісім-шарттар мен шығарылатын өнімге қатысты ұйым кепілдігіне толық сәйкес болу керек.


20 Статистикалық әдістер

Бұл тарауда ұйым өнімді өндіру және бұл өнімнің талаптарға сай сипаттамаларына жету мүмкіндіктерін растау үшін статистикалық әдістерді белгілеу керек.


Тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен орындалу тәртібі

9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттар талаптарының негізінде өнімнің нақты түрін өндіру үшін сапа жөніндегі жетекшіліктің нұсқасын әзірлеу.

Сапа жөніндегі жетекшіліктің қарапайым нұсқасын әзірлеу үшін 1-3 практикалық жұмыстарды орындау керек.

Сапа жөніндегі жетекшілік — ұйымның сапа саласындағы саясатын баяңдайтын және сапа жүйесін сипаттайтын құжат. Сапа жөніндегі жетекшілік ұйымның барлық қызметін немесе тек қана оның бөлігін қамтуы мүмкін. Сапа жөніндегі жетекшіліктің атауы және қызмет саласы оның қолдану саласын көрсетеді. Сапа жөніндегі жетекшіліктің құрамына сапа саласындағы саясат, сапаға әсер ететін жұмысты орындайтың, тексеретін немесе талдайтын жетекшілікті жүзеге асыратын қызмекткерлердің жауаптылығы, өкілеттіліктері және өзара қатынастары, сапа жүйесінің әдістемесі және нұсқаулықтары, жетекшілікті қайта қарастыру және түзету жөніндегі ережелер енеді.

Сапа жөніндегі жетекшілік ұйымның қажеттіктерін есепке алуымен көлемі және нысаны бойынша ерекшеленуі мүмкін. Ол бірнеше құжаттардан құрылуы мүмкін. Белгіленуіне тәуелді жетекшілік „сапаны қамтамасыз ету бойынша жетекшілік„ немесе „сапаны әкімшілік басқару жөніндегі жетекшілік„ деп аталады. Тәжірибе көрсетуі бойынша сапа жөніндегі жетекшіліктің стандартты көлемі әдетте 50 бетке дейін болады. Жетекшіліктің мазмұныннақтылау керек емес, себебі сапа жөніндегі жетекшіліктің бар болуын тексеретін сапа жүйесінің аудиторлары оның таңдап алынған ИСО стандарттарының (ИСО 9001, ИСО 9002, ИСО 9003) барлық тараптарына (барлық элементтеріне) сәйкес болуына назар аударады.
Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп берудің талаптары

Жұмыс бойынша есепте сапа жөніндегі жетекшіліктін қарапайым нұсқасы болу керек. Қорытындыда орындалған жұмыс нәтижелерінің талдауы беріледі.


Бақылау сұрақтары

    1. Сапа бойынша жетекшіліктің құрамына және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар?

    2. Сапа жөніндегі жетекшіліктің негізгі белгіленуі?


Әдебиет

  1. ҚР СТ ИСО 9000-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.

  2. ҚР СТ ИСО 9001-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері.Талаптар

  3. ҚР СТ ИСО 9004-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар

  4. Спицнадель В.Н. Системы качества: Учеб.пособие. – Санкт-Петербург. Издательский дом "Бизнес пресса", 2000. – 336 с.

  5. Международные стандарты серии 9000:2000-9004:2000. – М.: Издательство стандартов, 2000.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Спицнадель В.Н. Системы качества: Учеб.пособие. – Санкт-Петербург. Издательский дом "Бизнес пресса", 2000. – 336 с.

  2. Окрепилов В.В. Управление качеством: Учеб.пособие. – М: Издательство стандартов, 2000. – 696 с.

  3. Федюкин В.К. и др. Методы оценки и управления качеством промышленной продукции: Учебник. – М.: Издательство "Филин", 2000. – 328 с.

  4. Лифиц И.М. Стандартизация, метрология и сертификация: Учебник. – М.: Издательство "Юрайт", 2002. – 296 с.

  5. Гличев А.В. Основы управления качеством продукции. – М.: Издательство АМИ, 1998. – 956 с.

  6. Версан В.Г. и др. Интеграция производства и управления качеством продукции. – М.: Издательство стандартов, 1995. – 350 с.

  7. Международные стандарты серии 9000:2000-9004:2000. – М.: Издательство стандартов, 2000.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет