Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/3
Дата08.06.2016
өлшемі405.01 Kb.
#122398
1   2   3

ИСО 9001-2000 халықаралық стандарты тұтынушылардың талаптарын орындау жолымен олардың қанағатын арттыру мақсатымен сапа менеджменті жүйелерін құру, енгізу және нәтижелігін жақсарту кезінде „үрдістік тәсілдеме„ принципін қолдануын талап етеді.


Үлгерімді қызмет ету үшін ұйым қызметтін (жұмыстардың) көптеген өзара байланысқан түрлерін анықтау және басқару керек. Әдетте бір үрдістің шығуы келесі үрдістің кірісі болып табылады.

Ұйымда үрдістерді анықтау және өзара әрекетімен қатар үрдістер жүйесін қолдануы, сондай-ақ олардың менеджменті, „үрдістік тәсілдеме„ болып саналады.

Үрдістік тәсілдеменің артықшылығы үрдістердің жүйе шектерінде жеке үрдістер арасындағы қиылысында басқарудың бар болуында.

Сапа менеджменті жүйесінің ішінде бұл тәсілдемені қолдану төмендегінін маңыздылығын көрсетеді:



  • талаптарды түсіну және оларға сәйкестігінің;

  • үрдістерді құндылығың қосу есебінен қарастыру қажеттілігің;

  • үрдістердің жұмыс міңездемелерінде нәтижелесі және тиімділігіне жетудің;

  • объективті өлшеуге негізделген үрдістерді ұдайы жақсартудың.

Сапа менеджменті жүйесінің үлгісі үрдістердің байланысы туралы түсінік береді. Бұл үлгі кірістік деректерді анықтауда тұтынушылардың елеулі рөл атқаратынын көрсетеді. Тұтынушылардың қанағаттандырылғаның бақылауы тұтынушы талаптарын ұйыммен орындауын тұтынушылармен қабылдауына қатысты ақпаратты бағалауын талап етеді.

Бұл үлгі ИСО 9001-2000 халықаралық стандартының барлық талаптарын қамтиды, бірақ жете (толық) денгейде үрдістерді көрсетпейді.

Сонымен қатар барлық үрдістерге «Plan–Do–Check–Act” (PDCA) әдістемесі қолданылады.

Циклдің қысқаша сипаттамасы:



Жоспарлау (Plan): тұтынушылар талаптары мен ұйым саясатына сәйкес нәтижелерге жету үшін қажетті мақсаттар мен үрдістерді әзірлеңіз;

Жүзеге асыру (Do): үрдістерді енгізіңіз;

Тексеру (Check): саясатпен, мақсаттармен және өнімге қойылатын талаптармен салыстыруда үрдістерді және өнімді ұдайы бақылап және өлшеп, нәтижелері туралы баяңдап отырыныз;

Түзету әрекет (Act): Үрдістердің көрсеткіштерін ұдайы жақсарту жөнінде әрекеттер қабылданыз.



Тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен орындалу тәртібі

1.Бірнеше жұмыс тобың (4-5 адамнан артық емес) құру;

2 Сапа жүйесі элементтерінің тізімінен („басшылық жауаптылығы„, „ресурстар менеджменті„, „өндіру және қызмет көрсету„, „өлшеу, талдау, жақсарту„ және т.б.) бір элементін таңдап алу;

3 Тиісті элементтердің талаптарын оқып, құрылымын анықтау және құрылымдық элементерінің тізімін жасау;

4 Әрбір бағыныңқы элемент мазмұнымен танысып төмендегі кестені толтыру:



Элемент атауы

Элементтің белгіленуі

Элемент қызметтері

Қызметке қойылатын талаптар













Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп берудің талаптары

Жұмыс нәтижелері бойынша есеп дайындалады.

Есепке қойылатын талаптар:


  • тақырып атауы және мақсаты;

  • орындалған тапсырма;

  • сұрақтарға жауап;

  • қорытынды (орындалған жұмыс нәтижелерін талдап қорыту)


Бақылау сұрақтары

  1. „Үрдістік тәсілдеме„ принципі дегеніміз не?

  2. Сапа мененджмент жүйесін енгізу үшін ұйым қандай рәсімдерді ұйымдастыру керек?

  3. СМЖ-нің құжаттамасына қойылатын жалпы талаптарды сипаттаныз.

  4. „Сапа менеджменті жүйесіне қажетті құжаттар басқарылу керек„ деген талапты қалай түсінесіз?

  5. Өнімді шығару бойынша үрдістерді жоспарлау кезінде қандай рәсімдер анықталу керек?

  6. Өлшеуге және мониторингке (бақылауға) жататын нысандарды көрсетініз.

  7. Ұйым түзету және алдын алатын әрекеттерді қандай мақсатпен қабылдау керек?

Әдебиет

  1. ҚР СТ ИСО 9000-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.

  2. ҚР СТ ИСО 9001-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері.Талаптар

  3. ҚР СТ ИСО 9004-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар

  4. Спицнадель В.Н. Системы качества: Учеб.пособие. – Санкт-Петербург. Издательский дом "Бизнес пресса", 2000. – 336 с.

  5. Международные стандарты серии 9000:2000-9004:2000. – М.: Издательство стандартов, 2000.

5 практикалық сабақ



Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы: Сапа жүйесі элементерінің құрамы және мазмұнына талаптар
Жұмыстың мақсаты: Сапа жүйесі элементерінің құрамы және мазмұнына жалпы талаптарды оқып үйрену.

Тәжірибелік тапсырманы орындау нәтижесінде студентте:



  • сапа жүйелерінің нақты элементтері және бағыныңқы элементтерінің мазмұны;

  • халықаралық стандарттардың жалпы талаптарының нақты талаптарға ауысу әдістемесі;

  • басқарушылық құжаттарды әзірлеу туралы түсінігі болу керек;

Студент білуі тиіс:

  • чек-парақтарға талаптар және әзірлеу тәртібін;

  • чек-парақтарды әзірлеу әдістемесін;

  • сапа жүйесінің нақты элементтеріне қойылған халықаралық стандарт талаптарын;

  • нормативтік құжаттардың жалпыланған талаптарды өзгерте (қолдана) білуді;

  • чек-парақтарын әзірлеу бойынша нұсқауларды құрастыруды.


Тәжірибелік жұмыстың әдістемелік жабдықталуы

Тәжірибелік тапсырманы үлгерімді орындау үшін студент:

- сапа менеджменті жүйесінің элементтерінің мазмұнымен танысу керек;

- „Сапа жүйелері„ және „9000-2000 сериясының сапа жүйелері бойынша халықаралық стандарттар„ тақырыптар бойынша дәрістердін мазмұның білу керек;

- әдістемелік нұсқаулардың ережелерімен танысу керек.

Жұмыстың теориялық негіздемесі

ИСО 9000 сериясының халықаралық стандарттары көптеген елдердің тәжірибесін жинақтайды. Оларды зерделеу кезінде төмендегі ережелерге назар аудару керек:

1. ИСО 9000 сериясының халықаралық стандарттары өнеркәсіптің немесе экономиканың қандай да бір нақты саласына арналған емес;

2. ИСО 9000 сериясының халықаралық стандарттары негізіне сапа жүйесі элементтері және оларды құру әдістері кіреді.

3. Сапа жүйесі элементтерінен әрбір ұйым тек қана өзіне арналған өзінің бірегей сапа жүйесін жасайды.

4. ИСО 9000 сериясының халықаралық стандарттары сапа жүйесі міндеттері түрінде жазылған, бірақ бұл міндеттердің орындалуына қандай жолмен жету керектігін көрсетпейді, бұл таңдауды ұйым басшылығына ұсынады.

5. Сапа жүйелерін әзірлеу және енгізу үшін бастапқы нүкте болып жоғарғы басшылықпен ресми түрде „Сапа саласындағы ұйым саясаты„ деп аталатын құжатта берілген сапа саласындағы ұйымның негізгі бағыттары және мақсаттары болу керек.

6. Жабдықтаушы рөлінде болатын ұйым өз талаптарын қоятын қызығушылық білдірген тараптарға ие.

7. Жүйе өзарабайланысқан екі аспектіні қамтиды:

а) тұтынушының сұраныстарын және күтулерін;

б) ұйымның сұраныстарын және қызығушылығын.

Халықаралық стандарт әзірленетін рәсімдердің нақты тізімін бермейді, ол тек қана қызметтер бойынша ұсыныстарды береді. Сондықтан, сапа жүйесін құру алдында, құрастырушыңа стандарттын жалпы талаптарың нақтылау және оларды жүзеге асырылатын рәсімдерге айналдыру керек.

Әдетте нақтылау үрдісі чек-парақтарды әзірлеуден басталады.

Чек-парақтар әрбір бағыныңқы элемент бойынша құрылымдалған талаптардың тізімі болып табылады.

Мысалы, 5.2 „Тұтынушыға қарай бейімделу„ элементі бойынша чек-парақ төмендегі кестеде көрсетілген.

5.2 элементі бойынша чек-парақты толтыру үлгісі:




Элемент

Мақсаты

Жауапты

Жауаптының қызметі


Нысан

Рәсім


5.2. Тұтынушыға қарай бейімделу

Тұтынушыны қанағаттандыру


Жоғарғы басшылық

Кепілдік беру

Тұтынушының сұраныстары және күтулері


- белгілеу;

- техникалық талаптарға аудару;

- орындау



Тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен орындалу тәртібі:

1.Бірнеше жұмыс тобын (4-5 адамнан артық емес) құру;

2. Әдістемелік нұсқаудың жалпы ережелерімен танысу;

3. Сапа жүйесінің екі бағыныңқы элементін таңдап алу;

4. Тандап алынған бағыныңқы элементтердің мазмұнымен танысу;

5. Жалпы талаптарды нақты талаптарға ауыстыру бойынша ұсыныстармен сәйкес чек-парактарды әзірлеу;

6. Чек-парақты әзірлеу бойынша нұсқаудың жобасын әзірлеу;

Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп берудің талаптары

Жұмыс бойынша есептің құрамы:



  • жұмыстың тақырыбының аталуы және мақсаты;

  • орындалған тапсырма (чек-парақтардың тізімі)

  • чек-парақтарды әзірлеу бойынша нұсқау жобасы;

  • қорытынды.

Бақылау сұрақтары

  1. Чек-парақтың белгіленуі қандай?

  2. Сапа жүйесінің нақты және бағыныңқы элементтерінің мазмұны;

  3. Сапа жүйесінің нақты элементтеріне чек-парақтарына қойылатын талаптар;

  4. Сапа жүйесінің нақты элементтеріне чек-парақтарды әзірлеу әдістемесі;

Әдебиет

  1. ҚР СТ ИСО 9000-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.

  2. ҚР СТ ИСО 9001-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйелері.Талаптар

  3. ҚР СТ ИСО 9004-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар

  4. Спицнадель В.Н. Системы качества: Учеб.пособие. – Санкт-Петербург. Издательский дом "Бизнес пресса", 2000. – 336 с.

  5. Международные стандарты серии 9000:2000-9004:2000. – М.: Издательство стандартов, 2000.

6-7 практикалық сабақ



Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы: Сапа жөніндегі жетекшілік

Жұмыстың мақсаты: Сапа бойынша жетекшіліктің құрамына және мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды оқып үйрену

Жұмыстың теориялық негіздемесі

Сапа жөніндегі жетекшілік

Сапа жөніндегі жетекшіліктің негізгі белгіленуі — сапа жүйесін және оның бағыныңқы жүйелерінің (сапаны жоспарлау, сапаны басқару, сапаны қамтамасыз ету және сапаны жақсарту) жалпы сиппаттауы.

Сапа жөніндегі жетекшілік сапа жүйесін енгізу, оны жұмыс барысында сүйемелдеу және жетілдіру кезінде анықтамалы материалдың қызметін орындайды. Сапа жүйелерін сертификаттау кезінде аудиторлар, ең біріншіден, сапа жөніндегі жетекшілікпен танысады. Егер олай болмаған жағдайда, бұдан әрі сертификаттау бойынша жұмыстар тоқтатылады.

Ірі кәсіпорындарда сапа жөніндегі жетекшіліктің иерархиясы болуы мүмкін:

- сапа бойынша жалпы жетекшілік;

- әр түрлі өндірістер (өнім түрлері бойынша) үшін сапа жөніндегі жетекшілік;

- әр түрлі бөлімшелер үшін сапа жөніндегі жетекшілік;

- өндіріс үрдістерінің әр түрлі кезеңдері және онымен байланысты жобалау, материалдық-техникалық жабдықтау және т.б. қызметтер үшін сапа жөніндегі жетекшілік.

Сапа жөніндегі жетекшілікті құру ұйымның қажеттіліктерінен тәуелді болады. „Сапа жөніндегі жетекшілікті әзірлеу бойынша жетекшілік нұсқаулар„ ИСО 10013 стандартына сәйкес олардың құрамына төмендегі тарауларды енгізілуі ұсынылады:


  • аталуы, қолдану саласы;

  • мазмұны;

  • ұйым және сапа жөніндегі жетекшілік туралы кіріспе;

  • сапа саласындағы саясат;

  • ұйым, жауаптылық және өкілеттіліктің сипаттауы;

  • анықтамалар (қажет болса);

  • қосымша ақпаратпен қосымшалар (қажет болса).

Сапа жөніндегі жетекшілікте ИСО 9001 стандартының 20 параграфтарына сәйкес сапа жүйесі элементтерінің сипаттаулары болу керек. ИСО 9001 стандарт толық болып саналады және сапаны қамтамасыз етудің үш үлгісін есепке алады. Барлық 20 элемент тек қана бірінші үлгіге міндетті, ал басқа үлгілерге ондай талап қойылмайды.

ИСО 9001 стандартына сәйкес сапа жүйесіне әр біреуі сапа жөніндегі жетекшіліктін сәйкес тарауында сипатталатын төмендегі элементтер кіреді:



1. Басшылық жауаптылығы

Стандарт төмендегі сұраққа айқын жауапты талап етеді: өнім немесе қызмет сапа бойынша белггіленген талаптарға сәйкес болуына кепілдікке кімнің жауапты болатындығы және ұйымдағы сапаны басқару жүйесі тиімді екендігіне кім кепілдеме беретіндігі.

Бұл тарауға бірнеше бағыныңқы тараулар кіреді:

1.1 Сапа саласындағы саясат

Кәсіпорынның жоғарғы басшылығы тұтынушының талаптарына бейімделе отырып, сапа саласындағы саясатты, мақсаттар және міндеттерді анықтау және құжатты түрде рәсімдеу керек.

Сапа саласындағы саясат сапа саласындағы идеялар ұйымның барлық қызметкерлерімен қабылданғанына сенімділік беру керек. Сапа саласындағы саясат түсінікті және орындалуы мүмкін болу керек.

Жоғарғы басшылық төмендегі әрекеттерді орындау қажет:



  • сапа саласындағы саясатты анықтау және құжаттау;

  • сапа саласындағы ұйымның мақсаттарын анықтау және құжаттау;

  • сапаны жақсарту жөніндегі жұмыстарға әрбір қызметкердің тартылуын анықтау және құжаттау.

Сапа саласындағы саясат сапаны басқару бойынша бағдарламаның сапаны қамтамасыз ету және жақсарту жөніндегі күнделікті жұмыстарды қарастыратын негізі болып табылады.

Аудиторлардың көпшілігі сапа саласындағы саясатты ұйым қызметкерлерімен түсінуін расстауын талап етеді. Ол үшін олар қызметкерлермен әнгімелесіп олардың күнделікті тапсырмаларын талдайды. Сондықтан, ұйым қызметкерлерді сапа саласындағы саясатты түсінуге және оны нақты жұмыс тапсырмаларды орындауда қолдана білуге дайындау ұсынылады.



1.2 Жауаптылық, өкілеттік және мәлімет беру (хабарлау)

Бұл тарау ұйым сапаны қамтамасыз ету мәселелерінде әрбір қызметкердің жауаптылығын және өкілеттілігін анықтауын және құжатты түрінде рәсімдеуін талап етеді. Сондықтан, бұл тарауда шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің сапасына әсер ететін жұмысты орындайтын және тексеретін кызметкерлер мен басшылықтың жауаптылығы, өкілеттілігі, өзара әрекеттесуі айқын анықталу керек. Сондай-ақ, сапа жүйесін кім басқаратыны және кім тексеретіні анықталу керек. Сапа жүйесін басқаратын және тексеретін адам тиісті өкілеттіліктерге ие болу керек. Бұл жағдай сапа мәселелерін және сәйкессіздік себептерін табуға кепілдік береді.



1.3 Басшылық тарабынан талдау

Стандарттың бұл тарауы ұйымның сапа жүйесі таңдап алынған стандартқа үнемі сәйкестігін қамтамасыз етуде сенімділігін расстауын талап етеді.

Ұйым басшылығы сапа жүйесін қолдану нәтижелерін және оларды жақсарту үшін қандай шараларды жүргізу керектігін анықтау мақсатымен үнемі қарастыру керек.

Үнемі (ұдайы) жақсарту үшін талдау нәтижелерін тіркейтін құжаттар болу керек, мысалы:



  • ішкі тексеру нәтижелерін;

  • сапа шығындарын;

  • тұтынушыларымен кері байланысын.


2 Сапа жүйесі

Бұл тарауда ұйымның сапа жүйесінің сипаттауы беріледі. Ұйымда сапаны қамтамасыз ету үшін құжатты рәсімделген сапа жүйесі жасалу керек. Яғни:



  • қолданылатын әдістер жазба түрінде тіркелу және заманға сай күйде сүйемелдену (актуалдану) керек.

  • белгіленген талаптар әдістемелік нұсқау, жұмыс нұсқау, сынау бойынша нұсқауларда сипатталу керек;

  • құжатталған рәсімдер және нұсқаулардың тиімді қолдануы қамтамасыз етілу керек.


3 Келісім-шартты талдау

Келісім-шартты кезең-кезең бақылау және талдауды жүргізу, бұл жұмысты ұйымда, сондай ақ тапсырушыға бағыттау үшін қажетті рәсімдерді әзірлеу және жұмыс барысында сүйемелдеу керек.

Бұл төмендегіні қарастырады:


  • айқын техникалық тапсырманы;

  • ұсыныстар және келісім-шарттарды орындалу мүмкіндігін тексеруді;

  • келісім-шартты тапсырушымен келістіру.

ИСО 9000 стандарты ұйымның тұтынушымен келісім-шарттың барлық күш мерзімі бойы өзара байланысты қарастырады.
4 Жобалауды басқару

Бұл тарау шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін жобалау кезінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету үшін арналған.

Ол бірнеше бағыныңқы тараулардаң құралады:

4.1 Жалпы ережелер

Ұйым өнімнің тапсырылған сипаттамаларын қамтамасыз ету мақсатымен жобалауды басқару және бақылау бойынша рәсімдерді әзірлеу және жұмыс күйде сүйемелдеу керек.

4.2 Жобалау және әзірлеу үрдісін (процесін) жоспарлау

Ұйымда жобалау және әзірлеу кезінде жүргізілетін әрбір операцияға жауаптылық анықталатын жоспарлар әзірленеді. Жоспарлар жобалау үрдісі қалай орындалатынын, қызметкерлердің барлық деңгейлерде қатысу және жобалау тобының басқа қызметкерлермен өзара әрекетерін белгілеу керек.

4.3 Кірістік жобалау деректер

Жобалау үшін керекті талаптарды алу жүйесі анықталу керек. Жобаға қайшы келетін талаптарды талдау кезінде жобалау тобы маркетингті қызметпен белсенді өзара әрекеттесу керек.

4.4 Шығыс жобалық деректер

Бұл деректер құжатты түрде рәсімделу және талап, есеп, сондай-ақ талдаулар түрінде ұсынылу керек, кіріс жобалық талаптарға жауапты және қабылдау критерийлері бар болу керек.

4.5 Жобаны тексеру

Ұйым басшылығы жоспарлайды, белгілейді, құжаттайды және құзыретті қызметкерлерге жобаны тексеру қызметтерін бекітеді. Жобаның мұқият және құжатты түрде рәсімделгендігін қарастыруды қамтамасыз ету керек.

4.6 Жобаның өзгертулері

Жобаның барлық өзгертулерін анықтау, құжатты ресімдеу, тексеру және бекіту рәсімдерін ұйымның өзі белгілейді.
5 Құжаттаманы басқару

Қолданыстағы құжаттама уақытында ұсынылып, өкілетті мамандарымен қарастырылуы және қабылдануы керек.

ИСО стандарттарының талаптарын орындау тәртібі мен әдістерін анықтайтын барлық құжатттар оларды өндірісте қолдануға дейін басшылықпен қарастырылуы және қабылдануы керек. Бұл құжаттарға мыналар жатады: сапа саласындағы ұйымның саясаты; мақсаттар, сапа жөніндегі жетекшілік, бақылау әдістемелері мен рәсімдері, жұмысты тексеру туралы есептер және т.б.

Құжаттар барлық орындаушыларға жеткізілуі керек, ескірген құжаттаманы уақытында алып тастау керек. Бұл төмендегі талаптарды анықтайды:

- құжаттаманың тұрақты түрде тексеруін (кіммен әзірленген, тексерілген, және бекітілген, оның күш мерзімі және оның күштегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі);

- құжаттаманың таратылуын, яғни оны тарату, есепке алу және өз уақытында барлық көшірмелерге өзгертулерді еңгізуді;

- ескірген құжаттаманы жоюды.
6 Өнімді сатып алу

Өнімді сатып алу сапасын қамтамасыз етудің қажеттілігі төмендегіні қарастырады:

-жабдықтаушыларды (жеткізушілерді) бағалау және таңдап алу;

- сатып алынатын өңімге техникалық талаптарды көрсетуіне қатысты материалдық-техникалық жабдықтау құжаттамасын тексеру;

Сатып алынатын материалдар және бұйымдардың қабылдау кезіндегі бақылау.

Жеткізушінің өнімі қойылатын талаптарға сәйкес болатындығында ұйым сеңімді болу керек. Жеткізушілерді таңдап алу олардың сапа талаптарың орындау қабілеттілігін бағалау негізінде жүзеге асырылу керек. Жеткізушілерді бағалау процесінде алдындағы жабдықтау тәжірибесі ескерілу керек, сондықтан тұрақты жабдықтаушылармен жұмыс істеу ұсынылады.

Шикізат және материалдарды сатып алу құжаттамасына сатып алынатын материалдардың толық сиппаттауы, технологиялық үрдіске қойылатын талаптар, бақылау жөніндегі нұсқаулар және материалдар мен өнімді қабылдауына қатысты басқадай ақпарат кіреді.
7 Тұтынушымен жеткізілетін өнім

Бұл тарау ақырғы жабдықтау құрамына енгізу үшін тұтынушы жеткізетін өнімге арналған. Өнімнің шығыны, оның пайдалануға жарамсыздылығының барлық жағдайлары тіркеліп, жабдықтаушыға жеткізілуі керек, яғни тексеру, сақтау, жарамды күйде сақтау және тапсырушыға шығындар, зақымдалу және ақаулар туралы хабарлау керек.


8 Өнімді сәйкестендіру және бірізділік

Өнімнің идентификациясы деп бұйымның белгіленуін, ал бірізділігі деп оның тарихын анықтау мүмкіндігін түсінеді.

Тұтынушылардың талаптарын қаңағаттандырылуына сенімділікті қамтамасыз ету үшін ұйым материалдардың сәйкестендіруін және оны өндіру, буып-түю және жеткізу үрдісі бойынша рәсімдерін сүйемелдеу керек.

Өнімді сәйкестендіру және бірізділік әдістері құжатты түрде дайындалған және олардың тұтынушының талаптарына сәйкестігін көрсету мүмкіндігі болуына ұйым жауапты болады.


9 Үрдістерді басқару

Үрдістерді дұрыс басқару дайын өнімді алуға дейін өңдірістің барлық кезендерінде өнім сапасының болжау және тұрақтылығына кепілдік береді.

Сертификатталатын ұйымда өнім сапасына әсер ететін барлық үрдістерге белгіленген үлгідегі айқын жұмыс нұсқаулар болу керек. Үрдіске жұмыс құжаттар қажетті құрал-жабдықтарды, өңдірістік ортаны, нормативтік құжаттарды, сапа бойынша жоспарларды анықтау керек.

Қолданылатын құрал-жабдықтарға оны пайдалануға талаптарды анықтайтын бекітілген жұмыс нұсқаулар болу керек. Бұл нұсқаулар олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін сүймелдеу мақсатымен кезең-кезең бойынша қарастырылып отыру керек. Сондай-ақ, ұйым басшылығының міндетіне қызметкерлер үшін осы нұсқаулардың қол жетімділігін қамтамасыз ету кіреді.


10 Бақылау және сынақтарды жүргізу

Сапаны бақылау өнімге қойылатын талаптардың орындалуын расстау керек.

Сапаны бақылауға төмендегі талаптар кіреді:

- кіріс бақылау (материалдарды бақылаусыз үрдісте қолдануға болмайды, қабылданатын өнімнің тексеруі сапа жоспарында бекітілген рәсімдерге сәйкес және әр түрлі нысанда болуы мүмкін);

- аралық бақылау (ұйымда үрдіс ішінде бақылау және сынау рәсімдерді тіркейтін арнайы құжаттар болу керек, және ұйым бұл бақылауды жүйелі жүргізу керек);

- ақырғы бақылау (нақты дайын өнім және сапа жөніндегі жоспарымен белгіленген өніммен сәйкестігін анықтау үшін арналған, оған барлық алдындағы тексерістердің нәтижелері кіреді және өнімнің қажетті талаптарға сәйкестігін көрсетеді);

- бақылау және сынау нәтижелерін тіркеу (бақылау және сынау нәтижелері туралы құжаттар мүдделі ұйымдар мен тұлғаларға ұсынылады).
11 Бақылау, өлшеуіш және сынақ құрал-жабдықтар

Өлшеуіш және сынақ құрал-жабдықтардың дәлділігі сапаны бағалау ақиқаттығына әсер етеді, сондықтан оның сапасын қамтамасыз ету өте маңызды.

Бақылау, өлшеу және сынақ құрал-жабдықтарды басқару кезінде ұйым төмендегіні жасау керек:

- қандай өлшеулерді, қандай құралдармен және қандай дәлділікпен жүргізу керектігін анықтау;

- құрал-жабдықтың қажетті талаптарға сәйкестігін құжатты түрде дайындау;

- калибрлеуді (құралдың бөлулерін тексеруін) жүргізу;

- калибрлеу әдістемесін және кезеңін анықтау;

- калибрлеу нәтижелерін құжатты түрде дайындау;

- қоршаған ортаның параметрлерін есепке алуымен өлшеу техниканы пайдалану жағдайларын қамтамасыз ету;

- жөнделмеген немесе жарамсыз бақылау-өлшеуіш құралдарды жою;

- құрал-жабдықтардың реттеу және бағдарламалық қамтамасыз етуін тек қана арнайы оқытылған мамандар көмегімен жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет