НҰСҚаулар мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»



бет4/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.6 Mb.
#16063
түріНұсқаулар
1   2   3   4

4. Орындалу үлгісі:

тақырыпша 8.1. эссе дайындау;

тақырыпша 8.2. кесте құру.

5. Орындау белгісі (тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.

6. Өткізу мерзімі: №2 аралық бақылаудан 1 жұма бұрын.

7. Бағалау белгісі:

Бағалау баллына әсер ететін шарттар:

- тапсырманы өткізу мерзімі;

- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы;

- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі;

- қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденуі;

- тапсырылған көлемнен бет сандарының артуы.

Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,

1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;

2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;

3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі

Қазақ тілінде:

1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.

2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.

3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.



Қосымша әдебиет:

1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.

2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.

3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.

4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.

Орыс тілінде:

Негізгі

1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б

2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.

3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.

4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.

5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.

6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.

9. Бақылау:

Сұрақтар: 1. Қаңқа бұлшық ет тінінің регенерациясы.

2. Бұлшық ет тінінің жасқа және салауатты өміріне байланысты өзгеруі.

3. Жүрек бұлшық ет тінінің регенерациялық мүмкіндігі.

4. Шығу тегі нейралды және эктодермалды бұлшық ет тіндері.

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. Қаңқа бұлшық ет тінінің физиологиялық және репаративтік регенерациясының даму көзін атаңыз.

2. Қаңқа бұлшық ет тіні қарт адамдарда қалай өзгереді?

3. Қандай жағдайларда бұлшық ет тіні гипертрофиясы мен атрофиясы байқалады?

4. Қаңқа бұлшық ет тінінің туа біткен атрофиясы неге байланысты?

5. Жүрек бұлшық ет тінінің регенерациясы қалай жүреді?

6. Шығу тегі нейралды және эктодермалды тегіс салалы бұлшық ет тінінің құрылысын сипаттап жазыңыз.

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттер:

1. Постэмбрионалдық кезеңде қаңқа бұлшық етіне камбиалды қор болады:

1) көлденең жолақты миоциттер

2) тегіс салалы

3) етті талшықтар

4) миосаттеллиоциттер

5) миофибробластар

2. қаңқа бұлшық ет тінінің миосателлиоциттері орналасады:

1) сарколемма астында

2) етті талшықтың базальді мембранасы мен плазмолемма арасында

3) базальді мембрана мен эндомизий арасында

4) перимизиде

5) эпимизиде

3. Бұлшық ет тінінің жасқа байланысты өзгеруіне тән емес белгі:

1) бұлшық етті талшықтың жартылай дегенерациясы

2) бұлшық етті талшықтардың атрофиясы

3) дәнекер тінінің бітісіп өсуі

4) миофибриллалардың диаметрі мен санының өсуі

5) саркоплазмалық тордың көлемінің азаюы

4. Қаңқа бұлшық ет негізіндежатыр:

1) бұлшық етті талшықтың жартылай дегенерациясы

2) бұлшық етті талшықтардың атрофиясы

3) дистрофин белоктарының синтезінің генетикалық дефектісі

4) миофибриллалардың диаметрі мен санының өсуі

5) саркоплазмалық тордың көлемінің азаюы

4. Қаңқа бұлшық ет негізіндежатыр:

1) бұлшық етті талшықтың жартылай дегенерациясы

2) етті талшықтардың атрофиясы

3) дистрофин белоктарының синтезінің генетикалық дефектісі

4) миобибриллдердің диаметрі мен санының өсуі

5) саркоплазмалық тордың көлемінің азаюы

5. Қаңқа бұлшық етінің туғандағы атрофиясының негізіне жатады::

1) бұлшық етті талшықтың жартылай дегенерациясы

2) бұлшық етті талшықтардың атрофиясы

3) дистрофин белоктарының синтезінің генетикалық дефектісі

4) миофибриллалардың диаметрі мен санының өсуі

5) саркоплазмалық тордың көлемінің азаюы

6. Миоэпителиалды тіннің регенерациясы қандай элементтер есебнде жүреді?

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. секреторлық жасушалар

Б. аз түрленген миоэпителиоциттер

В. түрленген миоэпителиоциттер

Г. көп қабатты эпителидің камбиалдығы

7. Шығу тегі мезенхимді тегіс салалы бұлшық ет тінінің регенерациясы қандай элементтер есебінде жүреді?

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. аз түрленген тегіс салалы миоциттер

Б түрленген тегіс салалы миоциттер

В. миофибробластар

Г. тегіс салалы миоциттердің қартаюшы пішіні

8. Бұлшық етті жүктеменің ұзақ өсуі кезінде байқалады:

1) бұлшық ет атрофиясы

2) бұлшық еттің қалпына келуі төмендеуі

3) бұлшық еттің серпімділігінің төмендеуі

4) талшықты бұлшық етті май тінімен ауыстыру

5) бұлшық ет гипертрофиясы

9. Гиподинамия, денервация кеінде байқалады:

1) бұлшық ет атрофиясы

2) бұлшық еттің серпінділігінің төмендеуі

3) бұлшық еттің серпімділігінің төмендеуі

4) бұлшық еттің миофибриллярлы аппаратының дамуы

5) бұлшық ет гипертрофиясы

10. Жүрек бұлшық етінің репаративтік регенерациясының стимуляциясы мақсатында қажет:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. кардиомиоциттердің апоптозын болдырмау

Б. анаболикалық препараттарды тағайындау

В. емдік дене шынықтыру мен дозаланған физикалық жүктемені тағайындау

Г. миосателлиоциттер трансплантациясын қолдану

Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. А.Н.Студитский ұсынған бұлшық ет тіні регенерациясы тәсілдері не үшін қажет?

2. Бұлшық ет тінінің репаративтік регенерациясы қандай жағдайларда орындалады?

3. Бұлшық ет тінінің атрофиясы мен гипертрофиясы кезінде қандай өзгерістер байқалады?

4. Жүрек бұлшық етінің репаративтік регенерациясының стимуляциясы үшін қандай жағдайлар қажет?

5. Шығу тегі нейралды және эпидермалды бұлшық етінің құрылымдық өлшем бірлігін атаңыз. Бұл тіндер қайда орналасады?



Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау тапсырмалар:

1. Бұлшық еттің регенерациясын көрсететін 2 препарат берілді. Оның бірінде түтік тәрізді ірі құрылымдар жақсы көрінген, олардың ортасында тізбектеліп орналасқан бірнеше ядролар орналасқан, ал екіншісінде фибробласқа ұқсайтын ұзыншақ жасушалар жиналған. Бұл препараттың қайсысы көлденең жолақты бұлшық етті көрсетеді?

2. Бұлшық етті талшықтың перифериялық бөлігі көрсетілген микрофотография берілген. Бұл суретте плазмолемма мен базалды мембрана арасында орналасқан үлкен емес жасушалар көрінген. Бұл жасуша қалай аталады және қызметі қандай?

3. Қаңқа бұлшық ет тінінің миобластарында белокты – синтездеуші жүйенің жұмысы блокадаланған. Қандай құрылымның синтезі бұзылады?

4. Тәжірибеде ұрықтың ерте даму сатысында миотом бұзылған. Қандай тіннің дамуы мүмкін болмайды?


1. Тақырыбы. Нерв тіні. Жасқа байланысты гистологиясы, регенерациясы. Нейрондық теорияның негізгі ережелері.

2. Мақсаты: нейрондар мен нерв талшықтарының регенерация ерекшеліктерін оқып үйрену бойынша білімді бекіту;

күрделі және қарапайым рефлекторлық доға жайлы ұғым қалыптастыру;

рефлекторлық доғаның «поляризациясында» синапстардың рөлін оқып үйрену бойынша білім қалыптастыру және бекіту;

нейрондық теорияның негізгі ережелерін оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту.



3. Тапсырма: 9.1. Нерв талшығының регенерация сызбасын салу.

Тапсырма 9.1. жеке орындалады.

Тапсырма 9.2. Соматикалық және автономдық рефлекторлық доғаның буындарының сипаттамасы бойынша салыстырмалы кесте құру.

Тақырыпша 9.1. Кесте «Соматикалық және автономдық рефлекторлық доғаның буындарының сипаттамасы».



Соматикалық рефлекторлық доға

Доға буындары

Нейрондармен түзілген

Нейрондар денесі

Нейрондар дендриттері

Нейрондар аксондары

Рецепторлық буын













Ассоциативтік буын













Эффекторлық буын













Автономдық рефлекторлық доға

Рецепторлық буын

Нейрондармен түзілген

Нейрондар денесі

Нейрондар дендриттері

Нейрондар аксондары

Ассоциативтік буын













Эффекторлық буын





























4. Орындалу үлгісі:

тақырыпша 9.1. кестені толтыру;

тақырыпша 9.2. кестені толтыру.

5. Орындау белгісі (тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Әр тапсырманың көлемі – 1 бет. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.

6. Өткізу мерзімі: №3 аралық бақылаудан 3 жұма бұрын.

7. Бағалау белгісі:

Бағалау баллына әсер ететін жағдайлар:

- тапсырманы өткізу мерзімі;

- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы;

- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі;

- қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденуі;

- тапсырылған көлемнен бет сандарының артуы.

Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,

1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;

2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;

3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.

8. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі

Негізгі

Қазақ тілінде:

1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.

2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.

3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.



Қосымша әдебиет:

1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.

2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.

3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.

4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.

Орыс тілінде:

Негізгі

1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б

2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.

3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.

4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.

5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.

6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.

9. Бақылау:

Сұрақтар: 1. Нейрондар мен нерв талшықтарының регенерациясы.

2. Рефлекторлық доға жайлы ұғым. Олардың түрлері.

3. Рефлекторлық доғаның «поляризациясында» синапстардың рөлі.

4. Нейрондық теорияның негізгі ережелері. ( Роман-си-Кахаль, Б.И.Лаврентьев)

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған сұрақтар:

1. Нерв талшықтары зақымданған кездегі регенерация процесін сипаттап жазыңыз.

2. Рефлекторлық доға дегеніміз не?

3. Рефлекторлық доғаның қандай түрлерін ажыратады?

4. Нейрогистолог С.Рамон-и-Кахальдің еңбегі. Ол нерв тіні дамуына қосқан үлесі үшін қандай сыйлықпен марапатталды?

5. Нейрондық теорияның негізгі ережелерін атаңыз.



Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттілер:

1.Нерв талшықтарының дегенерация мен регенерация процестерінде негізгі рөлді атқарады:

1) эпендимоциттер

2) талшықты астроциттер

3) протоплазматикалық астроциттер

4) нейролеммоциттер

5) микроглиялар

2. Нерв талшығы зақымданған кездегі дегенерация процесіне тән емес белгіні көрсетіңіз:

1) нерв талшығығы ұшының бөлінуі

2) тигролиз

3) миелиннің бұзылуы

4) Шванн жасушаларының өлуі

5) зақымданған нерв талшығының фрагменттерінің фагоцитозы

3. Перифериялық нервтің локальді компрессиясынан кейін қандай процестер жүреді?

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. Білікті цилиндрдің бұзылуы және перифериялық кесіндінің ұзына бойы миелиннің бөлектенуі

Б. орталық кесіндінің терминалдық бөлігінде нерв талшығының дегенерациясы

В. орталық кесіндіден перифериялыққа қарай аксонның өсуі

Г. шванн жасушаларының тізбегі бойынша регенерацияланатын аксондардың бағытталуы

4. Нервті кескеннен кейін дегенерацияланады:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. өсінділері нервтің құрамында өтетін нейрондар

Б. нервтің түзілуіне қатысатын, нейрондардың перикариондары айналасындағы глиалды жасушалар

Г. нерв талшықтарының перифериялық кесінділері

5. Перифериялық нерв талшығының бүтіндігін бұзған кезде болады:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. білікті цилиндрдің дисталдық кесіндісінің дегенерациясы мен резорбциясы

Б. дистальді кесіндіде леммоциттердің сызық тәрізді жіптің пайла болуы

В. леммоциттердің жігі бойынша білікті цилиндрдің орталық кесіндісі

Г. соңғы түзінділердің – рецепторлар мен эффекторлардың қалпына келуі

6. Кесілген нерв талшығының регенерациясы жүреді:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. кесілген ұштарының өсуі есебінен

Б. перифериялық кесіндідегі леммоциттердің тәжісі бойымен орталық кесіндінің білікті цилиндірінде өсуі есебінен

В. леммоциттердің өсуі есебінен

Г. білікті цилиндрдің жылдам өсу жылдамдығымен



Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген

тиісті дұрыс жауапты теріңіз:

(...) рефлекторлық доғаның бөлігі (...) түзілген...

7. афферентті – а) арқалық түйіннің сезімтал нейрондарымен

соматикалық

8. эфферентті – б) жұлынның ассоциативті нейронымен және

соматикалық вегетативтік түйіннің қозғалтқыш нейронымен

9. афферентті в) жұлынның бүйір мүйіз нейрондарымен

вегетативті

10. эфферентті г) жұлынның мотонейронымен

вегетативті

11. ассоциативті д) сезгіш және қозғалтқыш нейрондармен

вегетативті

Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. Нейрондардың физиологиялық регенерациясы қандай тип бойынша жүреді және оның мәні неде?

2. Қарапайым рефлекторлық доғаның күрделі рефлекторлы доғадан қандай айырмашылығы бар?

3. Күрделі және қарапайым рефлекторлық доғада қандай буындарды ажыратады?

4. Нейронды теорины өңдеуге қандай ғалымдар үлес қосты?

Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған тапсырмалар:

1. Науқас адамда паралич (сал) аруы пайда болды. Рефлекторлық доғаның қандай құрылымдары зақымдануы мүмкін?

2. Тәжірибеде жануардың жұлынының артқы түбiрi кесiлген. Түбiрдегi тармақтың миелиндi талшықтарында қандай өзгерiстер болады?3.Жұлынды микроскопиялық зерттеу барысында дорсальді баудың нерв талшықтарының дегенерациясы байқалған. Қандай нерв жасушасы зақымдалғанда мұндай өзгерiстi байқауға болады? Дорсальді баулардың нерв талшықтарының бiлiктi цилиндрiн бұл нерв жасушаларының қандай тармақтары түзедi?
1. Тақырыбы: Сезу мүшелері мен анализаторларға жалпы сипаттама. Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизмі. Көздің қосымша аппараты. Дәм сезу мүшесі.

2. Мақсаты: белгілі жағдайларға организмдердің бейімделуін қамтамасыз ететін сенсорлы жүйелер – ішкі және сыртқы анализаторлар туралы түсінік қалыптастыру;

рецепция механизмдері мен рецепторлық жасушалардың морфофункционалдық ерекшеліктері бойынша білімді бекіту;

көздің қосымша аппараттарының құрылысын оқып үйрену бойынша білімді қалыптастыру;

дәм сезу мүшелерінің құрылысын оқып білу бойынша білімді бекіту.



3. Тапсырма: 10.1. «Анализаторлар жайлы теориялық көзқараста сезім мүшелерінің жалпы сипаттамасы. Рецепторлық жасушалар және рецепция механизмдері» атты тақырыптарға рефераттар жазу. Реферат көлемі – 5 бет.

Тапсырма 10.1. жеке орындалады.

Тапсырма 10.2. Қабақ құрылысын сурет дәптеріне салу. Хаттама құру – тілдің жапырақ тәрізді бүртіктерінің дәм буылтығының гистологиялық препаратын жазбаша түрде сипаттау және элементтерін көрсете отырып, оның суретін салу.

4. Орындалу үлгісі:

тақырыпша 10.1. реферат дайындау;

тақырыпша 10.2. суреттер салу, хаттама құру- гистологиялық арепараттарды жазбаша сипаттау.

5. Орындау белгісі (тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Әр тапсырманың көлемі – 1 бет. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.

6. Өткізу мерзімі: №3 аралық бақылаудан 1 жұма бұрын.

7. Бағалау белгісі:

Бағалау баллына әсер ететін жағдайлар:

- тапсырманы өткізу мерзімі;

- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы;

- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі;

- қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденуі;

- тапсырылған көлемнен бет сандарының артуы.

Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,

1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;

2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;

3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.

8. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі

Қазақ тілінде:

1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.

2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.

3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.



Қосымша әдебиет:

1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.

2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.

3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.

4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.

Орыс тілінде:

Негізгі

1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б

2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.

3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.

4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.

5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.

6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.

9. Бақылау:

Сұрақтар: 1. Сезім мүшелерінің жалпы сипаттамасы.

2. Рецепция механизмдері және рецепторлы жасушалар.

3. Көздің қосымша аппараты.

4. Дәм сезу мүшесі.

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған сұрақтар:

1. «Сенсорлы жүйе» ұғымына анықтама беріңіз.

2. Анализаторлардың бөліктерін атаңыз.

3. Көздің қосымша аппаратына қандай элементтер жатады?

4. Дәс сезу бүршігі қайда орналасады?

5. Дәм сезу бүршігінің жасушалық құрамы қандай? Дәм сезу мүшелерінің жасушаларына морфофункционалдық сипаттама беріңіз.



Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тестілер:

1. Көздің қосымша аппаратына жатады:

1) торлы қабық

2) нұрлы қабық, кірпікшелі дене

3) ақ қабық, көздің қасаң қабығы

4) көздің қасаң қабағы

5) көздің бұлшық еті, қабақ, жас аппараты

2. Жас бездері құрылысы бойынша болады:

1) күрделі түтікшелі

2) қарапайым түтікті

3) күрделі альвеолярлы

4) күрделі альвеолярлы түтікті

5) қарапайым альвеолярлы

3. Жас бездері секретінің құрамына кіреді:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. натрий хлориды

Б. альбумин

В. шырыш


Г. лизоцим

4. Жас аппараты құрамна кіреді:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. жас бездері

Б. жас қапшығығы

В. жас – мұрын өзегі

Г. қабақ

5. Дәм сезу бүршігі бар құрылымды атаңыз:

А. тіл

Б. ерін


В. өңеш

Г. жұтқыншақ

6. Дәм сезу бүршігі түзілген:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. базальді жасушалардан

Б. сенсорлы эпителиоциттерден

В. қолдаушы эпителиоциттерден

Г. нейросенсорлы жасушалардан

7. Дәм сезу бүршігіне тән:

А. эпителиалды пластың қабатына олрналасқан

Б. нейромедиатор – серотанин

В. рецепторлы белоктар микробүрлер мембранасына орналасқан

Г. жасушалар жаңарады

8. Тілдің артқы бетіндегі дәм сезу бүршігінде қандай рецепторлы белок табылған?

1) тәтті сезуші

2) қышқыл сезуші

3) ашщы сезуші

4) ашты сезуші

5) тәтті және ашты сезуші

9. Дәм сезу бүртігінің элементтері регенерациясына қандай жасушалар қатысады:

1) сенсорлы

2) қолдаушы

3) сенсорлы және қолдаушы

4) базальді

5) сенсорлы және базальді

10. Тілдің алдыңғы бетіндегі дәм сезу бүршігінде қандай рецепторлы белок табылған?

1) тәтті сезуші

2) қышқыл сезуші

3) ашщы сезуші

4) ашты сезуші

5) тәтті және ашты сезуші

Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. Сезу мүшелері қандай қызмет атқарады?

2. Фотоқабылдаушы механизмі мен дыбыс рецепцияларын түсіндіріңіз.

3. Жас бездері құрылысы бойынша қандай болады?

4. Дәм сезу бүршігінің көбі қайда орналақан?

5. Дәм сезу бүршігінің даму көзі.

6. Дәм сезу бүртігінің регенерациясы қалай жүреді?

Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған тапсырмалар:

1. Тілдің артқы және бүйірінде орналасқан дәм сезу бүршіктері зақымданғанда тағамның қандай ингредиенттерінің қабылдануы бұзылуы мүмкін?

2. Асқазан – ішек жолдары жұмысы бұзылғандағы белгілердің бірі – тілдің ақ жұқа қабаты. Бұл кезде дәм сезу бұзылатынын қалай түсіндіруге болады?

3. Адамда тілдің түбінде дәм сезу бүршігі бұзылған. Қандай дәмді сезу бұзылады?



4. Адамда тілдің ұшында дәм сезу бүршігі бұзылған. Қандай дәмді сезу бұзылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет