9. Бақылау:
Сұрақтар: 1. Бездер, құрылысы, олардың жіктелу қағидалары.
2. Секреторлық процестің гистофизиологиясы. Секреторлық циклдің әр түрлі фазаларына байланысты секреторлық жасушалардың құрылыс ерекшеліктері.
3. Секреция түрлері: мерокринді, апокринді, голокринді.
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Экзокринді бездер қандай бөлімдерден тұрады?
2. Эндокринді бездер қандай бөлімдерден тұрады.
3. Экзокринді бездердің морфологиялық жіктелу негізіне қандай белгі қойылған:
а) күрделі және қарапайым?
б) тармақталған және тармақталмаған?
в) түтікті, альвеолярлы және альвеолярлы- түтікті?
4. Секреторлы жасушалардан секреторлық өнімдерді шығарудың негізгі тәсілдерін атаңыз. Мысал келтіріңіз.
5. Секреттің химиялық құрамы бойынша экзокринді бездер қандай секрет бөледі?
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттер:
Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс
жауапты теріңіз:
Егер бездерде ... болса онда, ол ...
1. тармақталған шығарушы өзекше а) тармақталған
2. соңғы бөлімі тармақталмаған б) экзокринді
3. тек секреторлық бөлім в) күрделі
4. соңғы бөлімі тармақталған г) тармақталмаған
5. шығару өзегі тармақталмаған д) қарапайым
6. секреторлық бөлім және шығарушы өзек е) эндокринді
Секреция кезінде ... бездерде ...
7) макроапокринді а) жасуша толығымен бұзылады
8) мерокринді б) жасушалардың апикалды бөлігі бұзылады
9) голокринді в) жасуша құрылымы сақталады
10. микроапокринді г) жасушалардың микробүрлері бұзылады
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Экзокринді бездер мен эндокринді бездердің айырмашылықтарын атаңыз.
2. «Секреторлық цикл» ұғымына анықтама беріңіз.
3. Секреторлық циклдің әр түрлі фазаларына байланысты секреторлық жасушалардың құрылысы қандай?
4. Мерокринді, апокринді, голокринді бездердің регенерациясы қалай жүреді?
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау тапсырмалар:
1. Без препаратында оның шығару түтігі тармақталғаны жақсы көрінген. Оның әр біреуінен қапшық тәрізді бірнеше соңғы бөлімдер тарайды. Бұл бездің қандай морфологиялық түрі?
2. Безді жасушаны зерттеген кезде, онда жақсы дамыған пластинкалы кешен байқалған, ал секреторлы түйіршіктері цитоплазманың үлкен бөлігін толтырады. Секреторлық циклдің қандай стадиясына тән?
3. Бездің препараты Шифф-иодты қышқылмен тазартылған. Соның нәтижесінде қызғылт түске боялған секрет айқындалды. Бұл бездің секретінде қандай химиялық компонент болады?
4. Екі препарат ұсынылған. Бір бездің шығарушы өзегі тармақталмаған, ал соңғы бөлімі тармақталған. Басқа бездің шығарушы өзегі мен соңғы бөлімі тармақталған. Бұл бездер қандай түрге жатады?
5. Екі препарат ұсынылған. Біреуінде бездің шығарушы өзегінің соңғы бөлімі тармақталған, ал екіншісінде тармақталмаған. Бұл бездер қандай түрге жатады?
6. Без препартында шығарушы өзегі тармақталған және соңғы бөлімі қапшық тәрізді. Бұл бездің морфологиялық түрі қандай?
1. Тақырыбы: Қан және лимфа. Қанның жасқа байланысты гистологиясы мен регенерациясы
2. Мақсаты: қанның жасқа байланысты ерекшеліктерін, қанның морфологиялық құрамын және әр түрлі жастағы балалардың лейкоцитарлық формуласын оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту;
Қан мен лимфаның физиологиялық регенерациясы жайлы түсінікті қалыптастыру.
3. Тапсырма: 6.1. балаларда қанның формалық элементінің сандық көрсеткіштер сипаттамасы бойынша салыстырмалы - талқылау кестесін құру.
Тақырыпша 6.1. Салыстырмалы талқылау кестесі «Балаларда қанның формалық элементінің сандық көрсеткіштері».
Балалар жасы
|
Эритроциттер
|
Лейкоциттер
|
Тромбоциттер
|
Жаңа туған сәбилер
|
|
|
|
10 -14 тәулік
|
|
|
|
3-6 ай
|
|
|
|
Жыныстық даму кезеңі
|
|
|
|
Тапсырма 6.1. жеке орындалады.
Тапсырма 6.2. балаларда лейкоцитарлық формуланың динамикасын көрсететін кесте құрастыру. Әр түрлі жастағы балаларда қан құрамындағы нейтрофильді лейкоциттер мен лимфоциттердің өзгеруін кестеде көрсету қажет.
Тақырыпша 6.2. Кесте «Балаларда лейкоцитарлық формуланың жасқа байланысты ерекшеліктері».
Балалардың жасы
|
Лейкоциттер
|
Нейтрофильдер
|
Лимфоциттер
|
Жаңа туған сәбилер
|
|
|
1-3 тәулік
|
|
|
4 тәулік
|
|
1-2 жас
|
|
|
4 жас
|
|
Жыныстық даму кезені
|
|
|
Тапсырма 6.2. жеке орындалады.
4. Орындалу үлгісі:
тақырыпша 6.1. кестені толтыру;
тақырыпша 6.2. кестені толтыру.
5. Орындау белгісі (тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Әр тапсырманың көлемі – 1 бет. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.
6. Өткізу мерзімі: №1 аралық бақылаудан 4 жұма бұрын.
7. Бағалау белгісі:
Бағалау баллына әсер ететін жайттар:
- тапсырманы өткізу мерзімі;
- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы;
- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі;
- қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденуі;
- бет сандарының берілген көлемнен артуы.
Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,
1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;
2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;
3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі
Қазақ тілінде:
1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.
2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.
3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.
Қосымша әдебиет:
1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.
2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.
3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.
4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.
Орыс тілінде:
Негізгі
1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б
2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.
3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.
4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.
5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.
6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.
9. Бақылау:
Сұрақтар: 1. Қанның жасқа байланысты ерекшеліктрі.
2. Қанның және лимфаның физиологиялық регенерациясы жайлы ұғым.
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Әр түрлі жастағы балалар қанында эритроциттер қалай өзгереді?
2. Физиологиялық анемия дегеніміз не және адамдарда қандай жаста басталады?
3. Бала және ересек адамдарда лейкоциттердің мөлшерінде айырмашылық бола ма?
4. Бала және ересек адамдарда тромбоциттердің мөлшерінде айырмашылық бола ма?
5. Лимфа құрамы қай жастарда өзгереді?
6. Қанның физиологиялық регенерациясы қалай жүреді?
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттер:
1. Дәрігерлік көмекті қажет етпейтін физиологиялық анемия адамның қандай жасында байқалады?
1) 4 жаста
2) өмірінің алғашқы 2 жұмасында
3) өмірінің 3-6 айында
4) 2 жаста
5) 20 жаста
2. Қанның лейкоциттерінің бірінші физиологиялық тоғысуы адамның қай жасында байқалады.
1) 4 жаста
2) өмірінің алғашқы 2 аптасында
3) 4 тәулікте
4) 2 жаста
5) өмірінің 3-6 айында
3. Жаңа туған нәресте қанына тән емес эритроцитер көрсеткіштерінің өзгерісін атаңыз:
1) анизоцитоз
2) макроцитоз
3) ретикулоцитоз
4) эритроцитоз
5) пойкилоцитоз
4. 2. Қанның лейкоциттерінің бірінші физиологиялық тоғысуы адамның қай жасында байқалады.
1) 4 жаста
2) өмірінің алғашқы 2 аптасында
3) 4 тәулікте
4) 2 жаста
5) өмірінің 3-6 айында
5.Балалар мен ересектердің қандай қан жасушалары мөлшерінде айырмашылық болмайды?
1) эритроциттер
2) тромбоциттер
3) нейтрофильді лейкоциттер
4) лимфоциттер
5) эритроциттер мен лейкоциттер
6. Нәресте туған кезде қандағы эритроцит мөлшері құрайды:
1) 3,9- 5,5 x1012 /л
2) 3,7- 4,9 x109 /л
3) 200- 300 x109 /л
4) 6-7 x1012 /л
5) 4- 9 x109 /л
7. Нәресте туған кезде қандағы лейкоциттер мөлшері құрайды:
1) 3,9- 5,5 x1012 /л
2) 3,7- 4,9 x109 /л
3) 200- 300 x109 /л
4) 6-7 x1012 /л
5) 4- 9 x109 /л
8. Ересек адамдарда лейкоциттердің бірінші және екінші физиологиялық тоғысу кезінде нейтрофилды лейкоциттер мен лимфоциттердің мөлшері құрайды:
1) 65 %
2) 45%
3) 25%
4) 10%
5) 75 %
9. Балаларда қай жаста лейкоциттердің мөлшері ересек адамдар лейкоциттер мөлшерінен айырмашылық болмайды?
1) туған кезде
2) 4 тәулікте
3) 14-15 жаста
4) 10 жаста
5) өмірінің 14 тәулігінде
10. Постэмбрионалдық кезеңде қан эритроциттері қандай мүшелерде түзіледі?
1) тимуста
2) көкбауырда
3) қызыл сүйек кемігінде
4) лимфалық түйінде
5) бауырда
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Жаңа туған нәресте қанының көрсеткіштерінің ересек адам қан көрсеткіштерінен айырмашылығы неде?
2. Лейкоциттердің бірінші және екінші физиологиялық тоғысулары дегеніміз не және олар қашан пайда болады?
3. Адамның постнаталдық өмірінде қан жасушаларының түзілуі қай мүшеде жүреді?
4. Қандай жасушалар күнделікті қарқынды зақымдануға /200 млн. дейін/ ұшырайды?
5. Қанның қандай жасушалары өмір ұзақтығымен ажыратылады?
6. Қартаю кезінде қан құрамында қандай өзгерістер болады?
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау тапсырмалары:
1. Бес айлық баланың қан сараптамасында: қан құрамындағы эритроциттер – 2,8 x1012 /л, гемоглобин – 90 г/л. Бұл көрсеткіштер қалыпты жағдайға сәйкес пе? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
2. Жаңа туған нәресте қаны зерттелуде. Гемограмма мен лейкоцитарлық формулада қандай көрсеткіштерді тосуға болады.
3. 5 жастағы науқас бала қанында: эритроциттер – 3,5 x1012 /л, гемоглобин – 96 г/л. лейкоциттер – 10 x109 /л, нейтрофильдер – 75 %, эозинофильдер - 4%, лимфоциттер -15 %, моноциттер - 6%. Бұл қан сараптамасын қалай бағалайсыз?
1. Тақырыбы: Жасқа байланысты гистологиясы және регенерациясы. Сүйектің қайта құрылуы және оның құрылымына әсер етуші факторлар. Сүйектің қосылуы.
2. Мақсаты: шеміршектің регенерациясы ерекшеліктері мен жасқа байланысты өзгеруін оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту;
сүйектің эктопиялық дамуын оқып үйрену бойынша білім алу және қалыптастыру;
сүйек тінінің физиологиялық, посттравмалық регенерациясы ерекшеліктерін оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту.
3. Тапсырма: 7.1. Терең және терең емес зақымдану кезінде гиалинді шеміршектің посттравмалық регенерациясы сызбасын альбомға салу, оқу элементтерін көрсету керек.
Тапсырма 7.1. жеке орындалады.
Тапсырма 7.2. «Сүйек тінінің физиологиялық және постфизиологиялық регенерациясы. Сүйектің қайта құрылуы және оның құрылымына әсер етуші факторлар» атты тақырыбына реферат жазу.
Реферат көлемі 5 беттен аспау керек.
Тапсырма 7.2. жеке орындалады.
4. Орындалу үлгісі:
тақырыпша 6.1. сызба салу;
тақырыпша 6.1. реферат жазу.
5. Орындау белгісі (тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.
6. Өткізу мерзімі: №2 аралық бақылаудан 2 жұма бұрын.
7. Бағалау белгісі:
Бағалау баллына әсер ететін жайттар:
- тапсырманы өткізу мерзімі;
- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы;
- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі;
- материалды мазмұндаудағы реттіліктің сақталуы.
Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,
1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;
2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;
3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі
Қазақ тілінде:
1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.
2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.
3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.
Қосымша әдебиет:
1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.
2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.
3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.
4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.
Орыс тілінде:
Негізгі
1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б
2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.
3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.
4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.
5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.
6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.
9. Бақылау:
Сұрақтар: 1. шеміршек тінінің жасқа байланысты өзгеруі. Шеміршек регенерациясы.
2. Сүйек тінінің физиологиялық және постравмалық регенерациясы.
3. Сүйектің эктопиялық дамуы.
4. Сүйектің қайта құрылуы және оның құрылымына әсер етуші факторлар. Сүйектің қосылуы.
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Шеміршек тінінің жасқа байланысты өзгеруін атаңыз.
2. Шеміршек регенерациясы қалай жүреді? Шеміршек тінінің физиологиялық және репаративтік регенерациясының даму көзін атаңыз.
3. Сүйектің эктопиялық дамуы дегеніміз не?
4. Физиологиялық және зақымдамуы жағдайларда сүйек регенерациясы қалай жүреді?
5. Сүйек құрылымына қандай факторлар әсер етеді.
6. Сүйектің қандай қосылу түрлерін білесіз?
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттілер:
1. Шеміршек тінінің қартаюына тән емес белгіні атаңыз:
1) жасушалардың митоздық белсенділігінінің төмендеуі
2) жасушалардың өлуінің жылдамдығы
3) шеміршектің гидрофильдігінің ұлғаюы
4) шеміршектің әктенуі
5) шеміршектің ішінде сүйекті заттың түзілуі
2. гиалинді шеміршектің көмегімен балаларда сүйектердің қосылуы:
1) синдесмоз
2) симфиз
3) синостоз
4) синхондроз
5) диартроз
Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс
жауапты теріңіз:
... кезіндегі жағдайда сүйек тінінде өзгерістер болады:
3. С дәрумені жетіспеуі а) остеокластар қызметі артады
4. А гипервитаминозы б) сүйектің жұмсаруына әкеп соғатын,
кальцификация төмендейді
5. Д дәрумені жетіспегенде в) коллогенді талшықтардың түзілуі төмендейді
6. паратириннің артуы г) сүйектің резорбциясы мен фиброзды тіннің
дамуы байқалады
7. тирокальтинониннің артуы д) кальцификация өседі
Сүйектің қосылуы ... көмегімен орындалады:
8. синдесмоздар а) шеміршек
9. синхондроздар б) тығыз талшықты дәнекер тіндер
10. синостоздар в) шеміршекпен жабылған, үстіңгі жақ буындасу
11. буындар г) дәнекер тінсіз тығыз қосылуы
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Шеміршектің қоректену қалай жүреді?
2. Шеміршек регенерациясының стимуляциясын жүргізетін іс-шараларды атаңыз.
3. Сүйек тінінің эктопиялық даму себептерін атаңыз.
4. Сүйектің репаративтік регенерациясы стадияларын атаңыз.
5. Сүйектің қартаюына қандай гормондар әсер етеді.
6. Сүйектің қосылуының барлық түрлеріне мысал келтіріңіз.
Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау тапсырмалар:
1. Егер зақымданудың нәтижесінде шеміршек қабығы сақталған және жойылған жағдайларда сүйек тінінің физиологиялық және постравмалық регенерациясы қалай орындалады?
2. Қартайғанда шеміршек тінінде протеогликан азаяды. Бұл кезде тіннің гидрофильдігі қалай өзгереді?
3. Ортан жілік сынғаннан кейін, қалпына келу нәтижесінде орнында сүйек сүйелі түзілді. Сүйек тінінің қандай жасушалары есебінен сүйек сүйелі түзіледі? Олардың орналасу орнын көрсетіңіз.
4. Науқастың қолы сынғаннан кейін, оның нәтижесінде екі сүйектік сынық түзілген. Сынық тез бітісу үшін қандай дәруменді берген дұрыс? Неге екенін түсіндіріңіз.
1. Тақырыбы: Қаңқа бұлшық ет тінінің регенерациясы. Бұлшық еттің жасқа және салауатты өміріне байланысты өзгеруі. Жүрек бұлшық етінің регенерациясы мүмкіндігі. Шығу тегі нейралды және эпидермалды бұлшық еттер тіні.
2. Мақсаты: қаңқа бұлшық еттерінің регенерациясы ерекшеліктері, бұлшық еттің жасқа және салауатты өміріне байланысты құрылысының өзгеруін оқып үйрену бойынша білімді алу және бекіту;
Жүрек бұлшық етінің регенерациясы мүмкіндігін оқып үйрену бойынша білімді алу және бекіту;
шығу тегі нейралды және эпидермалды бұлшық еттер тінінің құрылыс ерекшеліктерін оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту.
3. Тапсырма: 8.1. «Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенерациясы. Бұлшық еттің жасқа және салауатты өмірге байланысты өзгеруі. Жүрек бұлшық ет тінінің регенерациясы мүмкіндігі» атты тақырыпқа эссе жазу.
Мазмұнды бөлімі:
- тапсырма мәтіні;
- тапсырмаға сұрақтар;
- тапсырманың орындалу алгоритмі:
Эссе – бұл тақырып бойынша еркін ойын жеткізу. Эссе көлемі 5 беттен артпауы керек. Эссе құрылымы: кіріспе, негізі және қорытынды бөлімдер.
Кіріспеде тақырыптың айқындалуы, тақырыптың өзектілігі, тақырып құрылымы, негізгі талдауға ауысуы келтіріледі.
Тапсырма 8.1. жеке орындалады.
Тапсырма 8.2. Шығу тегі нейралды және эктодермалды тегіс салалы бұлшық ет тінінің сипаттамасын көрсететін кесте құру.
Тақырыпша 8.2. Кесте «Шығу тегі нейралды және эктодермалды тегіс салалы
бұлшық ет тінінің сипаттамасы».
Белгісі
|
Шығу тегі нейралды
бұлшық ет тіні
|
Шығу тегі эктодермалды
бұлшық ет тіні
|
Даму көзі
|
|
|
Тіннің орналасуы
|
|
|
Тіннің құрылымдық өлшем бірлігі
|
|
|
Жиырылғыш аппарат
|
|
|
Регенерацияға қабілеттілігі
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |