Пайдалы сілтемелер:
1
|
Әлем кереметтері (видео)
|
https://www.youtube.com/watch?v=7zXAu5m8YKo
|
2мин 08сек
|
3
|
Қазақстан кереметтері
(презентация)
|
http://yznaika.com/powerpoint/162-kazakhstan-keremeti
|
1мин 57сек
|
Қосымша:
Әлемдік мұра - ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар. 2018 жылғы жағдайына сәйкес әлемнің 167 мемлекеті бойынша Әлемдік мұра тізімінде — 1092 нысан. Соның ішінде 845 мәдени, 209 — табиғи және 38 — аралас нысан бар.
Бүгінгі таңда 5 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды. Олар Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі, Алматы облысындағы «Тамғалы тас» шатқалы, Жібек жолының ескерткіштері: «Тянь-Шань дәлізі», Сарыарқа мен Солтүстік Қазақстанның өзен-көлдері. Бұл тізім жыл сайын жаңа нысандармен толығып отырады.
1972 жылы БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет Ұйымы (ЮНЕСКО) дүниежүзіндегі мәдени және табиғи мұраларын қорғау туралы қарар қабылдады ( 1975 ж. Күшіне енген). КСРО бұл Қарарды 1988 жылы наурыздың 9 ратификациалады. 2010 жылы сәуірде қарарды 187 БҰҰ-ға мүше елдер ратификациалаған, соның ішінде Қазақстанда бар.
«Әлемдік мұра мәртебесінің» келесі артықшылықтары бар (табиғи ескерткіштер үшін):
Ерекше табиғи кешенге қосымша оның бірегей кешен болып сақталып тұруына кепілдік береді.
Ескерткіш орналасқан аймақ пен оның иелерінің абыройын арттырады.
Сол тізімге енген нысандарды дәріптеу және соның салдарынан баламалы табиғатты пайдалану үрдістерін қадыптастыруға (әсіресе, экологиялық туризмді) септігін тигізеді.
Ескерткіштерді қаржыландыру маңыздылығын орнатып, Әлемдік мұра қорынан қаражат бөлуді қамтамасыз ету.
Табиғи ескерткіштерді бірыңғай бақылап, тексеріп отыруды ұйымдастыруға ықпал етеді.
Ескерткіш орналасқан мемлекеттер сол ескерткіштерді сақтау міндеттемесін алады.
Негізгі тізім аясында Әлемдік мұра жоғалу қаупіндегі ескерткіштер ішкі тізімі бар. Бұл тізімге әр түрлі табиғи немесе адамдардың себебінен қауіп төніп тұрған ескерткіштер уақытша кіреді: қарулы қақтығыстар мен соғыстар, жер сілкініс пен табиғи апаттар, ластану, браконьерлік пен тәртіпсіз құрылыс салдары сияқты. Тізімге кірді деген сөз оларға ерекше назар аударып, шұғыл шаралар істеу керектігін айтады.
2007 жылы Омандағы Аравия ориксы қорығы (ақ орикске үзіліссіз аңшылық пен қорық аймағының тарылуынан) және 2009 жылы Германия Дрездендегі Елбі алабы (мәдени ландшафттағы аймақтағы толассыз салынып жатқан жол құрылысынан) ЮНЕСКО тізімінне алынып тасталды.
Әлемдік мұраның негізгі мақсаты — өз санатындағы ерекше болы табылатын ескерткіштерді дәріптеу және қорғау. Осы мақсатта объективті болу үшін бағалак критерийлері енгізілді. Басында (1978 жылдан бері). Мәдени мұра секерткіштері үшін критерий болған — бұл тізімде алты шарт болған. Содан әр құрлық арасында баланс орнату үшін табиғи объектілерді де қосып, оларға төрт шарт енгізілді. Ақыры, 2005 жылы барлық критерийлер біріктірілді, енді Әлемдік мұраның әр объектісі кем дегенде бір шартты қанағаттандырады
https://kk.wikipedia
Достарыңызбен бөлісу: |