НұСҚаулар «патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология»


«Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі»



бет14/27
Дата20.02.2023
өлшемі0.62 Mb.
#469809
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
KZ стом студ СРСП 14-15

«Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:

  • Жүрек қантамыр жүйесі аурулары кезіндегі клиникалық -зертханалық сараптауда машықтық дағдыны, коомуникативті дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Қанайналым жүйесі ауруларындағы клиникалық -зертханалық сараптауда тәжірибелік дағдыны жетілдіру

  • ЖҚЖ физикалық жүктемеге серпілісін зерттеу бойынша тәжірибе жүргізу барысында топта коммуникативті дағдыны жетілдіру

Жүргізу тәсілдері: кестелерді толтыру, кейс-стади, тест тапсырмаларын шешу



1 тапсырма.

Біріншілік артериялық гипертензия кезіндегі аталған жайттардың зақымдаушы әсерінің механизмін көрсетіңіз.




Қауіп қатер жайттары

Зақымдаушы әсерінің механизмі

Гиподинамия




Стресс




Кадмий, қорғасын




Магний тапшылығы




Шу




Созылмалы гипоксия




Ас тұзын артық пайдалану




2 тапсырма. Кейс-стади


1. 56 жастағы науқас А., 8 сағат бұрын пайда болып, 40 минут бойы жалғасқан, төс артындағы ауыру сезіміне байланысты реанимация бөлімшесіне түсті. Тексерген кезде: жағдайы орташа ауырлықта, өкпені тыңдағанда дерт жоқ, жүрек ырғағы бұзылған. ЭКГ-да - миокард ишемиясы белгілері. Қанда АСТ белсенділігі, тропонин мен креатинфосфат мөлшері бірден жоғарылаған. Қан талданымында: лейкоцитоз, тромбоцитоз. Протромбиндік индекс 120% (қалыптыда 105 %-дейін).



  1. Есептегі өзгерістер жүрек дерттерінің қай түрінің дамығандығын көрсетеді?

  2. Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.

  3. Бұл дертте қанда АСТ, тропонин, креатинфосфат белсенділігінің артқанын, лейкоцитозды қалай түсіндіресіз?

  4. Науқасты емдеу үшін қолданылатын дәрілерді атаңыз.



2 есеп. Жасөспірім М., 15 жаста, қысым түскенде күшейетін жүректегі мезгіл-мезгіл пайда болатын ауыру сезіміне шағымданды. Ангиографиямен тексергенде коронарлы артериялардың тарылуы анықталды. Тексерген кезде: саусақ буынының сіңір бұлшықеттерінің бойында тығыз сарғыш түсті көтерілімдер (сіңірлік ксантомалар) бар. Қан плазмасында ТТЛП-дің мөлшері жоғарылаған. Лимфоциттерді қосымша тексергенде, ТТЛП-ге арналған қабылдағыштардың санының азайғаны анықталды.


  1. М-де атеросклероз және инфаркт даму қаупі жоғары ма? Не себепті?

  2. Анықталған дерттің пайда болуы мен дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?

  3. ТТЛП-ге арналған қабылдағыштар санының немесе белсенділігінің төмендеуінің науқаста дерт дамуында патогенездік маңызы қандай?

3 есеп. 40 жастағы науқас ентікке, 4 апта бұрын пайда болып, бірте-бірте күшейген оң қабырғалықтағы ауыру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде: беті бозарған, ісіңкі, науқас алға қарай еңкейіп отырады, жүрек шекаралары оңға және солға 2 см-ге кеңейген. ЖСЖ 100 рет минутына, АҚ 90/60 мм с.б.б. өкпесінде – ұсақ көпіршікті сырылдар, тыныс жиңлңгң – минутына 30 рет, мойын тамырлары кеңейгендігі көрінеді, бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, сипағанда ауырады, аяқтары ісінген.


1. Осы науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар ма? Оны не мәлімдейді?
2. жүрек қызметі жеткіліксіздігінің түрі туралды қорытынды жасаңыз.
3. патогенездік емін негіздеңіз.



Демонстрациялық материал: ситуациялық есептер, тест тапсырмалары

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 471-482

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 460 - 471.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т. – 2012.-С. 148-247.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С 388-446.

  5. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 342-371

  6. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 120-126.

  7. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.3. – М.: «Академия», 2007.- с. 3-82

Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 142-151, 162-168.

БАҚЫЛАУ


  • Ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау

  • Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 306-332





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет