НұСҚаулар «патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология»


«ГИПОКСИЯ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет10/27
Дата20.02.2023
өлшемі0.62 Mb.
#469809
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
KZ стом студ СРСП 14-15

«ГИПОКСИЯ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімін қолдануды үйрену

  • есептерді талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру



Оқыту тәсілдері: аз топпен жұмыс жасау: кейс-стади

1 тапсырма. Кейс-стади.


1. Ұзақ уақыт ойық жара ауруымен зардап шеккен 45 жастағы науқас К., асқазанынан қан кетуінен клиникаға әкелінді. Ауруханаға түсер кезінде үдемелі әлсіздікке, басының айналуына, құлағындағы шуға, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Науқас бозарған. Айқын ентігу байқалады. АҚ 90/60 мм.с.б. Тамыр соғысы — 100 рет/мин,.



  1. Науқастағы гипоксияның көріністерін атаңыз

  2. Науқаста гипоксияның қандай түрлері дамыды?

  3. Патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.

2. Анилинді бояғыштар өндірісінің жұмысшысы дәрігерге анилинмен уланудың клиникалық көріністерімен әкелінді. Науқас басының ауыруына, құлағындағы шуға, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, көзіне шіркейдің ұшуы көрінуіне шағымданады. Тері мен шырышты қабаттарының жер түстес болуы назар аударады.



  1. Науқастағы гипоксияның көріністерін атаңыз

  2. Науқастың қанын тексергенде не анықталды? Науқаста гипоксияның қандай түрлері дамыды?

  3. Науқаста оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?

  4. Патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.

3. Науқас ауруханаға цианидтермен ауыр уланып түсті. Оттегі бойынша артерио-веноздық айырма 2 көл%.



  1. Берілген көрсеткіш гипоксияның қай түрін анықтайды?

  2. Осы гипоксияда оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?

4. Жедел жәрдеммен ес-түссіз жеткізілген науқастың тері мен шырышты қабаттары алқызыл түсті, артериялық қандағы оксигемоглобин - 60%, веналық қанда - 45%, қанның оттегіге сыйымдылығы төмендеген.



  1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамуы мүмкін?

5. Науқастың артериалық қанындағы оксигемоглобин мөлшері – 98%, веналық қанда – 45%, эритроцит саны қалыпты; аяқ-қолдарының ұштарында, мұрыны мен еріндерінде айқын цианоз. Жүректің минуттық көлемі (ЖМК) – 2,5 л. Артериялық қандағы көмір қышқыл газының кернеулігі – 40 мм с.б.

  1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамуы мүмкін?

  2. Оттегілік көрсеткіштердің өзгерісін түсіндіріңіз.

6. Науқасты тексергенде оттегі бойынша артерио-веноздық айырма 4-тен 2 көлемдік %-ға дейін төмендеді.



  1. Зерттеу нәтижелері науқаста гипоксияның қай түру дамығандығын мәлімдейді?

  2. Оттегілік басқа көрсеткіштер (қанның оттегіге сыйымдылығы, артериялық және веналық қандағы гемоглобиннің оттегігу қанығуы) қалай өзгереді?

  3. Осы гипоксияның этиологиясы мен патогенезі қандай?

7. Науқасты тексергенде оттегі бойынша артерио-веноздық айырма 5-тен 7 көлемдік %-ға дейін артты.



  1. Зерттеу нәтижелері науқаста гипоксияның қай түру дамығандығын мәлімдейді?

  2. Оттегілік басқа көрсеткіштер (қанның оттегіге сыйымдылығы, артериялық және веналық қандағы гемоглобиннің оттегігу қанығуы) қалай өзгереді?

  3. Осы гипоксияның этиологиясы мен патогенезі қандай?

Демонстрациялық материал: ситуациялық есептер


ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. Учебник //под ред А.Н. Волажина, Г.В. Порядина Т I М.: «Академия» 2006, с121-139

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 2 . Раздел Внутреннее дыхание.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2010. - С. 201-211.

  4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 69 -72

  5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 – 228

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.2. – М.: «Академия», 2007.- с. 114-118



Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 84-87

  2. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351

БАҚЫЛАУ:


  • ситуациялық есептер бойынша қорытынды.

  • Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 – 228



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет