Нұсқаулар Пән : mik 1203: «Микроэкономика»


«Мен және менің фирмам» тақырыбы бойынша іскерлік ойын



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі375 Kb.
#124753
түріНұсқаулар
1   2   3   4

«Мен және менің фирмам» тақырыбы бойынша іскерлік ойын


Мақсаты:

  • Фирманы құру мен ұйымдастыру туралы алатын білімді жүйелендіру және қорытындылау;

  • Экономикалық ситуациялар туындаған кезде оларды шешу жолдарын табу қабілетін дамыту;

  • Командамен бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу.


Ойынға қатысушылар:

Экономиканың салалары бойынша топты бөлу:



  • экономист – консультант (Экономикалық теория және ХЭ кафедраның оқытушы);

  • заңгер – консультант (Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедра оқытушы);

  • әділ қазылар.


I. «Мен және менің фирмам» атты жобаны құру бойынша топтағы жұмыс.
Жобаларды рәсімдеу бланкі

Фирма атауы _________________

Қызметтің құқықтық формасын ұйымдастыру ____________

Қызметтің түрі _______________________________________

Басты капиталды қалыптастыру _________________________

Экономикалық ресурстар _________________________________

Күтілетін нәтиже ______________________________________
II. Жобаны қорғау

III. Ойын сабағының қорытындысы

IV. Рефлексия

V. Үй жұмысы (таңдау бойынша)

  • Фирманы тіркеу құжаттар пакетін толтыру;

  • «Мен және менің фирмам» атты тақырыпқа экономикалық эссе;

  • Ауылдың экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жоба жасау.

Берілген тақырып бойынша қаржы мамандығына лабораториялық жұмысты орындау және тапсыру қажеттілігі қарастырылған (№2).


Тақырып 6 Өндіріс шығындары

СӨЖ тапсырмалары:
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару


Өзін -өзі бақылау үшін сұрақтар:

  1. Өндірістің технологиялық әдісі дегеніміз не?

  2. Өндірістік процесте қолданылатын факторлар нен түрге бөлінеді?

  3. Жалпы өнімге сипаттама бер.

  4. Изоквантаға түсініктеме бер.

СӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Үй жұмысы: тақырыппен танысу.

  2. Тақырып бойынша глосарии құру.

  3. Есептерді шешу:

1-есеп. Егер еңбектің орташа өнімділігі 30 бірлікке тең болып, ал жұмысшылар саны 100 адам болса, еңбектік жалпы өнімі қандай болады?
2-есеп. Фирманың өндірістік процестері келесі функциямен сипатталады:

У = ( 2*K*L)0.5

Өндірілетін өнім көлемі 4-ке тең болатын изоквантаның грфигін тұрғызындар.
3 есеп. Шағын фирманың өндірістік функциясы келесі түрде берілген:

У = 0,9 * K0,6* L0,5

Талдау кезенінде капитал мөлшері 200-ден 240 өлшемге дейін көбейген, ал еңбек 60-тан 66 өлшемге дейін көбейсін. Осының нәтижесінде, өндіріс көлемі қаншаға көбейетінің анықтандар.

Тест сұрақтары:

1. Өндірістік функция деп мынаны айтамыз:

а) өнім көлемі мен өндіріс факторларының арасындағы байланысты;

ә) өндіріс факторларының белгілі бір қүрамын пайдаланғанда өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі;

б) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс емес.

2. Өндіріс факторлары дегеніміз:

а) өндірістік процесте қолданылатын шикізаттар, құрал-жабдықтар және еңбек күштері;

ә) өндірісте алынатын дайын өнім көлемі;

б) а және ә пункттері;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.

3.Өнрістік функцияның жалпы қасиеттері бойынша:

а)өндіріс факторларының Т есе өсуі өндірілетін өнім көлемін де осы шамаға өсіреді;

ә) қолданылатын өндіріс факторларының көлемінің артуы өндіріс деңгейін төмендетпейді;

б) тек қана бір фактордың санын арттыру нәтижесінде өнім көлемін өсіргенімен оның шекті тиімділігі кемиді;

в) өндіріс факторлары бірін-бірі алмастырады және толықтыра алады.

4. Қысқа мерзімді кезең дегеніміз:

а) негізгі өндірістік қорлардың болатын уақыт аралығы;

ә) өндірісте қолданылатын материалдар мен заттардың құны тұрақты болатын уақыт аралығы;

б) негізгі өндірістік қорлардын, көлемдері айнымалы болатын уақыт аралығы;

в) жоғарыда айтылған тұжырымдардың ешқайсысы да дұрыс емес.

5. Ұзақ мерзімді кезенде өндірістік процесте қолданылатын:

а) факторлардың бәрі де түрақты болады;

ә) факторлардың бәрін де өзгертуге болады;

б) еңбек факторларын ғана өзгертуге болады;

в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.


Әдістемелік нұсқау:

Бірінші сұрақта өндіріс факторлары мен осы тауарлардан өндірілетін тауар мөлшерінің арасындағы байланыстарды қарастырып алу керек. Өнім көлемін ұлғайтудағы технологияның атқаратын ролін көрсетіңдер. Өндіріс функциясы, өндірісте қолданатын факторлар мен солардың көмегімен өндірілетін максимальды өнім көлемінің арасындағы қатынасты көрсетеді. Өндіріс функциясы берілген технология үшін құрылатынын ұмытпау керек. Қарастырып отырған материалды жеңілдету үшін өндірістің барлық шығындары еңбек және капитал шығындарынан тұрады деп болжамдаймыз:Q = f (K,L). Кейін өндіріс функциясының негізгі қасиеттерін ашыңдар.

Изоквантаның қисығын құру үшін, ең алдымен әрбір берілген комбинация факторларының көмегімен өндіруге болатын өнім көлемінің өндірістік функциясын суреттейтін өндірістік торды, яғни кестені құру керек. Одан кейін изокванта қисығын құрып, олардың неге жағымды еңкіш болатынын түсіндіріңдер.

Изокванта анализі кезінде бір факторды басқа фактормен алмастыру мүмкіншіліктерін анықтаңдар. Технологиялық шекті нормалардың төмендеуін еңбекті капиталымен (MRTSLK) немесе капиталды еңбекпен (MRTSKL) технологиялық алмастырудың шекті нормасын түсіндіріңдер.

Екіншіі сұрақты дайындау барысында қысқа мерзімдегі өндірістік таңдаудың мәнін табыңдар. Өнім шығару көлемінің ұлғаюы қысқа мерзімде әртүрлі шығындар түрлерінің өзгерісінің дәрежесіне байланысты болады. Қысқа мерзімдік уақытта өнім шығару көлемінің жоғарылауы өндірістің өзгермелі фактордың өзгеру дәрежесіне тәуелді болады. Демек, одан кейін жиынтық (TR), орташа (AP), өзгермелі шығындардың шекті өнімдерін (MP) және олардың графикалық көріністерін қарастырыңдар. Неге кемімелі шекті өнімділіктің заңында өзгермелі фактордың орташа өнімі (басқа жағдайлар тұрақты болған жағдайда) алдымен жоғарылайды. Яғни максимумға жетеді, ал одан кейін төмендей бастайды.

Үшінші сұрақта ұзақ мерзімде өндіріс факторларының өзгерістеріне байланысты өнім көлемінің қалай өзгеретінін анықтаңыз. Ұзақ мерзімде шекті өнімділіктің төмендеу заңы әсер етпейді, барлық өндіріс факторлары өзгермелі болады. Өндірістің ауқымының өсу әсерлерін қарастыра отырып, қандай факторлар оның жоғарылауына және төмендеуіне әсер ететінін түсіндіріңдер.
Берілген тақырып бойынша қаржы мамандығына лабораториялық жұмысты орындау және тапсыру қажеттілігі қарастырылған (№3).
Тақырып 7 Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс.
СӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жетілген бәсекенің белгілерінің мінездемесін айтыңдар.

2.Өндіріс көлемінің оңтайлығын анықтаудағы қандай тәсілді қолданады?

3.Неге шектеулі табыс және шектеулі шығын маңызды тепе-тең болады фирманың өнімін өндіру көлемін анықтағанда барлық нарықтық құрылым жағдайында?

4.Жетілген бәсеке жағдайында баға графигі неге фирманың орташа және шектеулі табысына бірдей болады?

5.Жетілген бәсеке жағдайында фирманың қисық ұсынысы бірдей болады, оның шектеулі қисық кесіндісінен орташа айналым шығыны қисығынан жоғары жатқанда? Осы бекітуді түсіңдіріндер?

6.Фирма үшін ұзақ мерзімдегі жетілген бәсекенің тепе-теңдігіне қалай жетеді?

СӨЖ арналған тапсырмалар:


  1. Үй жұмысы.

  2. Семинар сабағының бірінші және екінші сұрақтарына дайындалу, минипрезентация көзбен шолу элементтерімен және ауызша жауап.

3.Үшінші сұрақ «дөңгелек үстелда» қаралады, 10 минут бақылау жұмысын орындауда материалдарды бекіту үшін.

4. Тақырыпты талқылау үшін мини- коллоквиум ұйымдастыру.

Есептер:

1Есеп. Өнімге сұраныс салалық жетілген бәсекеде көрсетілген

Qd= 55-P, ал ұсыныс Qs=2p-5. Егер фирманың функциясы шығынмен тең болса, TC=20-4q+Sq2 онда фирма қандай бағада және өнімнің көлеміндегі пайданы максимизациялайды.

2 Есеп.


Нарықтық баға өнім шығарудың бірлігі 72 теңге. Орташа шығынның (Ac) шамасы өнілуі оптималдық өңдіргенде, өнімнің 10 бірлігін құрайды, 80 тең.Орташа шектеулі шығын шамасы, сол көлемде өндірілген өнімнің 50 теңгесін құрайды. Сіз қалай ойлайсыз, қысқа мерзім кезеңінде шешуге тиіс – жетілген бәсеке кезінд сондай экономикалық жағдайда: нарықтан кету керек пе, не қалу керек пе?

3 Есеп.


Жетілген бәсеке кезінде фирма өзінің жиынтық табысының (TR) деңгейіне әсер ете ме?Егер етсе, қандай жағдайда?Егер жоқ болса, неге?

4 Есеп.


Жетілген бәсеке кезінде саланың 20 біртиптік фирмалардың тұрақты ұзақ мерзім кезіндегі шығыны. Шекті шығын қысқа және ұзақ мерзім кезінде барлық фирманың бірдей және берілген теңдік:MC=q2-12q+36q – фирманың шығаратыны. Егер рыноктік сұраныс екі кезеңге де теңдік Р=189Q, ал орташа шығын фирма өндірісінің минимизацияланады қысқа мерзімде өндіріледі q-8 бірлік, ұзақ мерзімде өндіріледі q-9 бірлік. Осы өндіріс саласы ұзақ мерзім кезінде тұрақты жағдайда бола ма? Қандай жағдайға әкеледі, егер салаға жаңа фирма кірсе, өнім өндіруді жалғастырса 5 теңге бірлікте? Есепті шығарыңдар.
Тест сұрақтары:

1.Нарық жетілген бәсеке- бұл:

а) маңызды шындық;

ә) теориялық абстракция;

б) математикалық модель;

в) мемлекеттің экономика әсерінің нәтижесі;

г) экономикалық дағдарыстың нәтижесі.

2.Фирмаға жетілген бәсеке кезінде өзінің жиынтық табысы деңгейіне әсер етуі мүмкін бе?

а) мүмкін;

ә) мүмкін емес;

б) тек бірен-саран;

в) тек мемлекеттің қолдауымен;

г) тек сұраныстың ажиотаждық жағдайында.

3. Жетілген бәсекеде нарықтағы баға дискриминациясын іске асыруы мүмкін бе:

а) жоқ;

ә) иә;


б) тек бірен-саран;

в) тек мемлекетке әсер етсе;

г) тек сұраныстың ажиотаждық жағдайында.

4. Жетілген немесе еркін нарықтық бәсекеде – бұл бәсеке:

а) бір қатысушы рыноктік бағаға әсер етуі мүмкін өнімді сатуға ұсынған;

ә) бірде-бір қатысушылар рыноктік бағаға әсер ете алмайды;

б) тек бірнеше қатысушылар рыноктік бағаға әсер етеді, сатуға ұсынылған өнімге;

в) екі қатысушы рыноктік бағаға әсер етуі мүмкін, сатуға ұсынылған өнімге;

г) мемлекет әсер етуі мүмкін рыноктік бағаға сатуға ұсынылған өнімге.

5. Қандай жағдайда «таза» монополист сұраныс сызығы және шектеулі табыс сызығы бір-біріне дәл келмейді, жетілген бәсеке жағдайындағы

а)монополист бағаны төмендетуге тиіс, әрбір қосымша шығарылған бірлік өнімге, осы бағаны барлық өнімге қояды;

ә) нарыққа кіруге жоғары барьер қойылған;

б) монополист пайданы монополизациялауүшін әрбір қосымша өндірілген өнімге бағаны арттырады, сол бағаны барлық сататын өнімге қолданады.

в) бағаны дискриминизациялау кезінде;

г) экономикаға мемлекеттің белсене қатысу кезінде.

6. Қандай көзқарас тұрақты экономикалық пайданың айырмашылығы қысқа және ұзақ мерзім кезеңіндегі айырмашылығына:

а) тұрақты;

ә) тұрақсыз;

б) информациялық дәреженің жоғары болуына байланысты тұрақтылық

в) информациялық дәреженің жоғары болуына байланысты тұрақтылық емес;

г) абсолюттік тұрақты.

7. Қандай жағдайда ресурсқа сұраныс қисығы тым серпілісті а) монополиялық жағдайда;

ә) олигополиялық жағдайда;

б) жетілген бәсеке жағдайында;

в) жетілмеген бәсеке жағдайында;

г) бұл жағдайлардың бірде-бірінде емес.

8. Фирма өнім көлемін анықтайды, шектеулі табысты теңдестіру арқылы, жетілген бәсеке жағдайында өнімнің бірліктегі бағасы тең және шектеулі шығын. Сол кезеңге дейін жағдай жасайды өндіруге шектеулі шығынмен баға бірдей болғанға дейін. Өндіруді одан әрі арттыруға болады:

а) Көп дәрежеде шығынды көбейту, табысқа қарағанда;

ә) Аз дәрежеде шығынды көбейту, табысқа қарағанда;

б) Еңбек ақыны көбейту;

в) Шығарған өнімнің көлемін көбейту;

г) Адамның капиталының сапасын арттыру;

9. Өндіріс көлеміне тең шектеулі табыс және шектеулі шығын айтылады:

а) тепе-теңдік нүктелері;

ә) өңдірудің оптималдық нүктелері;

б) өңдірудің минималдық нүктелері;

в) максималды шығару нүктелері;

г) минималдық шығару нүктелері.


тақырып 8 Монополия

СӨЖ тапсырмалары:

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:


  1. Неге сұраныс қисығы монополиялық фирманың өкіміне жағымсыз иілуі болады? Сұраныс қисығы серпілісі 1-ге тең болғанда MR неге тең. Жауапты түсіндіріңіз.

  2. Неге MR қисығы абсцисса осьін осы жолының қиылысының D қисығының қиып өтетін жерінен алған қашықтығын ортасынан қияды?

  3. Неге монополияның қисық ұсынысы болмайды?

  4. Ұзақ мерзімдегі кезеңде монополияның пайда болуында қандай факторды маңызды деп қарастыруға болады?

  5. Монополиялық өкімет мықты болса пайда көп болады деген тұжырым қаншалықты дұрыс деп санайсыз?

  6. Монополиялық үстемдіктің (өкіметтің) қайнар көзі қандай? Мысалдар келтіріңдер?

  7. Фирма көп пайда алса, соған байланысты көп билік (өкімет) бола ма?

  8. Монополияның болуы әрқашан жоғары баға қою және таза монополиямен салыстырғанды өте аз көлемде өндірумен байланысты бола ма?

  9. Монополиялық өкіметтің қоғамдық шығыны қандай?

  10. ҒТП-ны жылдамдату монополияға қалай әсер етеді?


СӨЖ арналған тапсырмалар:

  1. Үй тапсырмасы: тақырыппен танысу.

  2. Тақырып бойынша глосарий жасау.

  3. Әрбір студент дискуссияға (айтысқа) дайындалуы керек, ол үшін күнделікті газет, журнал материалдарын пайдалануға болады.

  4. Ситуациялық есептерді шығарыңыздар, соған байланысты берілген тапсырмаға комментарий жасаңыз:

А – «Джеральдс» компаниясы рыноктағы монополист. Өндірістегі толық шығын функциясы: TC=2+10 бір айдағы өндіріс көлемі. Бағаның қандай деңгейінде компанияның пайдасы максималды болады, егер рыноктік сұраныстың серпілісі сол нүктеде 6-ға тең болса.

Ә - Монополист сигарет шығарады дейік, оның әр қорапшасы бағасы 45 теңге болсын. Сигаретке сұраныс серпілісі – 3, фирма өз пайдасын максимизациялайды. Шектеулі табыстың деңгейін M және монополистің шектеулі шығынын табыңыздар.



Б - Өндіріс саласында шығару көлемі 2,3,5,10 және 20% жалпы өндірістен алынған өндіріс көлемдері бар бес фирма жұмыс істейді. Қалған өнім сатуы 1%-дан аспайтын кіші фирмаларда шығарылады. Қажетті есептеулер жасаңыз, соның негізінде өндіріс саласының монополизациялау дәрежесіне қорытынды жасаңыз.

Тест сұрақтары:

  1. Монополиялық нарық сипаттамасы:

    1. кірудің еркіндігі;

    2. шығудың еркіндігі;

    3. кіруді блокировкалау;

    4. өнімді дифференциациялау.

  2. Монополистің таза бәсекелік кәсіпорыннан айырмашылығы қандай ісімен анықталады:

      1. өндіріс шығынын азайту;

      2. шектеулі табыс және шектеулі шығын тең болғанда пайданы максимизациялайды;

      3. экономикалық пайда алу;

      4. максималды пайда алуды қамтамасыз ететін баға және шығару көлемінің комбинациясын таңдау.

  3. Сату көлемінің өсуіне қарай монополияның шекті табысы қалай өзгеретінін табыңыздар?

  1. өседі;

  2. бағаға қарағанда баяу қысқарады;

  3. бағадан тез қысқарады;

  4. өзгеріссіз қалады.

  1. Қай жағдайға байланысты монополист бағаны төмендету арқылы өз пайдасын максимизациялайды:

    1. сұраныстың азаюынан;

    2. шектеулі қайтарым көбеюінен;

    3. сату көлемінің көбеюінен;

    4. ілеспелі тауарлардың бағасының төмендеуінен.

  2. Монополист ұзақ мерзім кезеңінде экономикалық пайда ала ма екенін көрсетіңіз:

    1. иә, ол өнімнің шығару көлемін анықтайды, бұл жағдайда шектеулі табыс шектеулі шығыннан жоғары;

    2. иә, егер оған басқа кәсіпорынның өндіріс саласына кіруге мүмкіншілік жасалса;

    3. жоқ, себебі оның орташа жалпы шығыны міндетті түрде тауардың бағасымен теңеледі;

    4. жоқ, себебі мүмкіншілігі шектеулі табыс пен шектеулі шығынның теңелуіне жағдай жасай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет