29-НҰСҚА
85-есеп. Ауылшаруашылық кооперативі, осы кооператив мүшелері Греков пен Баевтың өзіндік жеке шаруашылығынан мал және құс сатып алуға шарт жасайды. Греков пен Баев кооперативтің уақытша пайдалануында болмай тұрған жер учаскесінен, өздеріне мал азығына қажетті шөптерін өсіру үшін, қосымша жер учаскесін беруді өтінеді. Кооператив аталмыш өтінішті қанағаттандырудан бас тартады. Себебі, олардың өзіндік шаруашылығындағы шарт бойынша өсірілген мал және құс, ауылшаруашылық өнімдерін сатуға байланысты мемлекеттік жоспарға есептелмейді дейді.
Істі шешіңіз және азаматтардың өзіндік шаруашылығында мал мен құс өсіруге қатысты кооперативпен болған шартқа сипаттама беріңіз.
Ауылшаруашылық өнімдеріне мемлекеттік тапсырыс дегеніміз не ? және ондай шарт жасауды реттейтін қандай нормативтік құқықтық актілер бар?
86-есеп. Шаруа қожалығының жалдамалы жұмысшысы Паршин қараңғыда үйіне келе жатып, тракторға тиелген гидрант пен кооператив жерін сұғаратын трубаны бүлдіріп алады. Келтірілген зияны үшін шаруа қожалығы кооперативке 180 мын теңге төлейді. Прокурор, кооперативке келтірілген зиянды өтеу үшін, кооператив мүддесі үшін осы зиянды өтеуді регресстік талап негізінде шешуге талап қояды, яғни келтірілген зиянды Пашиннің өзінен өндіруге талап қояды. Аудандық сот бұл талапты 90 мың теңге көлемінде қанағаттандырады. Бірақ, Пашин аудандық сот шешіміне облыстық сотқа шағымданады. Онда, ол шағымда, зиян келтірем деген қасақана ойының болмағанын және жалақысы айына 2000 теңге құрайтының көрсетеді.
Істі шешіңіз, ауылшаруашылығында материалдық жауаптылықтың туу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
87-есеп. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жарғысында: “Әрбір кооператив мүшесі өзінің отбасындағы әрбір еңбекке қабілетті мүшесінің есебінен, кооператив мүлкіне 2-есе мөлшерде мүліктік пай және жер үлесін қосуға міндетті”, -деп көрсетілген.
Бұл талап заңды түрде қойылған ба ?
Ауылшаруашылық кооператив мүшелерінің кооперативке мүліктік және жер үлесін қосудың мөлшерін анықтау қандай тәртіпте және қандай органмен шешіледі?
Ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің мүлкінің құқықтық режимінің ерекшелігіне сипаттама беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |