30-НҰСҚА
88-есеп. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы облыстық әкімшілік басшысына, ауылшаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін, қандай нормада және қандай тұлғаларға тегін жер учаскесі берілетіндігінің тәртібін сұрап, өтініш білдіреді. Сондай-ақ, “Ауылшаруашылық кооперативі жер аукционына қатыса ала ма, қатысса бұл аукцион қандай тәртіпте жүргізіледі”,-деп қосымша сұрақ қояды.
Мемлекеттен ауылшаруашылық қажеттіктерін қанағаттандыру үшін жер беру тәртібі қандай және ол қандай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі?
Аталған қатынасты құқықтық реттеудің ерекшелігі неде?
89-есеп. Шаруа (фермер) қожалығының территориясында 43 гектарға жуық сайлы-жыралар есепке алынған. Бұл жыралар тек егістік алқаптарын бұзып қана қоймай, ауылдық жерлерге қарай жылжи бастаған. Соның салдарынан уақыт өткен сайын тұрғын үйлер мен шаруашылық ғимараттарын жаңа орындарға жылжытып отыруға мәжбүр болған. Облыстық әкімшілік басшысы, жыралардың одан әрі жылжуын тоқтату мақсатымен жыралардың алдына ағаш отырғызу керектігі туралы шаруа (фермер) қожалығының басшысына ұсыныс енгізді. Алайда, шаруа (фермер) қожалығы бұл жыралардың алдын орап, ағаш отырғызуға арнайы құралдары мен мамандардың жетіспеуіне байланысты ағаш отырғызуға мүмкіндіктері жоқ екендігі жөнінде облыстық әкімшілік басшысы жауап қайтарды. Сай-жыралардың пайда болуы шаруа ( фермер) қожалығының шаруашылық жүргізуіне байланыссыз, табиғатының дүлей күшінің салдарынан туындап отыр деп, шаруа (фермер) қожалығының басшысы облыстық әкімшіліктің басшысына, сай жыралардың маңына ағаш отырғызуды мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіп және бұл жұмысы орман шаруашылығына тапсыру туралы ұсыныс жасап, ал шаруа қожалығы осы жұмысты жүзеге асыруға көмек ретінде адамдар бөлетіндігі жөнінде уәде берді.
Ауылшаруашылық жер пайдаланушылардың жерді қорғауға қатысты міндеттеріне сипаттама беріңіз.
90-есеп.“Corporation” шетел фирмасы “Алға” шаруа қожалығына инвесторлық көмек тәртібімен, өсімдікті қорғауға арналған биологиялық және химиялық заттарды жеткізіп беру жөнінде шартқа отырады. Шетелден әкелінген бұндай затты әкелуге рұқсат беретін тиісті құжаттар дұрыс толтырылмаған,-деп кеден органдары бұл затты алып қояды.
Істі шешіңіз.
Осындай шарт жасау заңды ма?
ҚР-да ауылшаруашылық инвесторларына қандай жеңілдіктерге ие?
Өсімдікті қорғайтын химиялық және т.б. заттарды қолдану жағдайларын қандай нормативтік құқықтық актілермен реттейміз?
Достарыңызбен бөлісу: |