38-НҰСҚА
112-есеп. “Алатау” тауық фабрикасының еңбек ұжымы өзінің жиналысында тауық фабрикасының мүлкін жекешелендіріп, өздері совхоздан бөлініп, шағын тауық өсіру кәсіпорнын құруды шешті. Бұл шешіммен ол совхоз директорына жолданып, сонымен қатар тауық фермасының негізгі қаражатымен қоса өндірістік мақсаттар үшін 50 га жер бөлуді сұрады. Директор болса, бұл өтінішті, ұжымның акционерлік қоғам құру туралы шешімін негіздей,отырып қанағаттандырмады.
Шағын кәсіпкерлік құру және мемлекеттік тауық фермаларын жекешелендірудің тәртібі қандай?
Жекешелендірудің объектілері және субъектілері, жекешелендің тәртібі қандай?
Совхоз директорының бас тартуы негізді ме?
113-есеп. 1998 ж. 15 акпанда “Еңбек” кооперативінің трактористі мас күйінде, өз бетімен кооператив тракторын өз мақсатында алып, “Озерки” селосына айдап кетіп, онда тракторды қараусыз қалдырып, двигателі мен радиаторы қатып, нәтижесінде кооперативке 240.000 теңге мөлшерінде зиян келтірді. Аудандық сот жауапкердің материалдық жағдайын ескеріп, кооператив талабын ішінара 5000 теңге мөлшерінде қанағаттандырып, оның қарауында 4 баласы бар екендігін көрсетті.
Аудандық соттың шешімі дұрыс па?
Кооператив мүшелерінің материалдық жауапкершілігі қандай?
Материалдық жауапкершілікке тартудың негіздерін атаңыз.
Азаматтық- құқық жауапкершіліктің материалдық жауапкершіліктен айырмашылығы неде?
114-есеп. Құрылыс-монтаждық жұмыстар өндірісі жанындағы құрылыс конторасы өз бетімен шаруа (фермер) қожалығы мал жайылымдары мен шөп жинау алқабының 10 га жерін, ауылшаруашылық кооперативінің шөп шабылымының 20 га жерін иеленген, оның 12,5 га ауылшаруашылық айналымынан алынып тасталынуына алып келген. Зиян шеккендер келтірілген зиянның орнын толтыру және ауылшаруашылық өндірісін шағындарын өндіру туралы сотқа талап арыз берді.
Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?
Келтірілген зиян мен ауылшаруашылық өндірісінің шығындарын өндірудің тәртібі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |