НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет2/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

2-НҰСҚА


4-есеп. Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс станциясының әкімі КСРО кезiнде әскери база ретiнде пайдаланып келген жерге елдi мекендер тұрғызу үшiн ол мәселенi Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi алдында көтередi.
- Аталған жерге елдi мекендердi тұрғызу жердiң нысаналы пайдалану режимiне қарсы келе ме?
- Бұндай шешiм қабылдауға облыстық әкiмнiң уәкiлеттiлiгi мен құзiреттiлiгiн анықтаңыз

  • Iстi шешiңiз



5 – есеп. Түрiктiң “Керемет” фирмасы Алматы қаласы Медеу ауданына тиiстi 30 га жердi 1992 ж. наурызда 12 жылға жалға алады. 1998 ж. ол жер орман қорының жерi болып табылатынын және 1989 жылға дейiн орман қорының жерi болып жаңа санатты 1991 ж. жүргiзе отырып ол жердiң тиiсiнше тiзiмге белгiсiз себептермен қайта енгiзiлмей қалғандығы жөнiнде экология және қоршаған ортаны қорғау туралы тиiстi аумақтық органнан хабар келедi. Алайда, құрылыс үйлерiн салып демалыс орнына айналдыру себебiнен шығындалғаны үшiн өз мерзiмiн толық пайдалануға әкiмшiлiктен рұқсат бередi. 2004 ж. наурызда бұл мәселенi қайта көтерген орган жердiң нысаналы мақсаты бойынша пайдалануын талап етеді. Ал заңды тұлға бұған 3 ай мерзiм бұрын мерзiмдi жер пайдалану құқығын табыстау актiсiне сай өз мiндеттемесiн тиiсiнше орындағанын және уақытша өтеулi жер пайдаланғаны үшiн әрi қарай 45 жылға созу туралы өтiнiштi бергенiн айтты.
- жердi нысаналы пайдалануды шешуде қалалық әкiмшiлiктiң уәкiлеттiлiгi қандай?

  • сот iстi қарау барысында жердiң жалға берiлген кездегi орман мақсаттағы жерлер тiзiмiнде болмауы жөнiнде қандай шешiм шығарады.



6 есеп. Азамат Е.К. Қожыбаев Оңтүстiк Қазақстан облысына тиiстi Мақтаарал ауданынан мақта өсiру үшiн 30 га жердi жеке меншiкке алды. Алайда, ол жердi Е.К.Қожыбаев фермерлiк қожалықпен айналысу үшiн үй-жай салып мал жаю мақсатында пайдаланған болатын. Жердiң нысаналы пайдаланбай жатқаны туралы аудандық әкiмшiiлк талап қойды. Ол талапты жер иеленушi жердiң құнарсыздығына және су көзiнiң тым алыс орналасқанына сiлтеп қанағаттандырудан бас тартты.

  • жердi нысаналы пайдаланудың талаптары қандай ?

  • жер иеленушiнiң өзiнiң жерiне байланысты құқықтары қандай ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет