32-НҰСҚА
94-есеп. Өңдеуші мекеме мен кооператив арасында жасалған контрактация шартының міндеттемелерін орындауға байланысты, кооперативтің жалдамалы жұмысшысы Сегізбаев бригадирдің тапсырмасымен қабылдау пунктіне бұзаулар, қояндар ме құстарды жеткізуі керек болатын. Бірақ, жолда Сегізбаевтың мас күйінде орман ішінде адасып, оның қараусыздығы салдарынан бұзаулар, қояндар, құстар қырылып қалды. Осыған сәйкес, кооператив басқармасы Сегізбаевқа 2000 теңге көлемінде айып салып, бұзаулар, құстар мен қояндардың құнын нарықтық бағаға сәйкес төлеуіне ұсыныс жасады. Ал тексеру комиссияның төрағасы Сегізбаевтың әр айлық жалақы есебінен 1/3 –тен кем емес мөлшерде келтірілген зиянды өндіріп алу керек деп есептеді.
Істі қалай шешуге болады?
Кооператив мүшелері мен жалдамалы жұмысшылардың кооператив мүлкіне келтірген зиянды өтеудің тәртібі, мөлшері, ерекшелігі қандай?
95- есеп. “Алға” шаруа қожалығының мүшелері болып табылатын ерлі-зайыпты Егембердиевтердің мүлкін бөлу кезінде, осы шаруа қожалығының өз қызметін одан әрі жүргізілу мүмкіндігі туралы сұрақ туды.
Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтату негіздерін атаңыз.
Мүлікті бөлу кезінде, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің осы мүліктен алатын үлестерін анықтау тәртібі мен ерекшеліктері қандай?
96-есеп. Аылдық әкімшілік басшысы ауылшаруашылық акционерлік қоғамына өндірістік өндеуге тау қойнауындағы құм мен шағыл тас кен орнын берді. Ауылшаруашылық акционерлік қоғамы 3 жылдың ішінде құм мен шағыл тасты өңдеуге кіріспеуіне байланысты. Әкім тау қойнауын одан алып қойып оны железобетон конструкциясы заводына берді. Ауылшаруашылық акционерлік қоғамы аудандық әкімшілік басшысына аылдық әкімшілік басшысының онда тау қойнауын алып қою туралы шешімін өзгерту туралы арызбен шағымданды, себебі, ол құм және шағыл тасты өндеуге пайдалы қазба кен орнына кіру жолының жоқтығынан, ол құрылысқа 2,5 жыл шамасында қажет етті.
Істі шешіңіз.
Ауылшаруашылық жер пайдаланушылары қандай құқықтар мен міндеттері иеленеді?
Ауылшаруашылық акционерлік қоғамының жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндірістік өндеу тәртібі қандай ?
Достарыңызбен бөлісу: |