33-НҰСҚА
97-есеп. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мүшесінің жанұя мүлкін бөлу кезінде, аудандық сот үй иесінің баласының әйеліне ол мұғалім және кооператив мүшелігінде тұрған жоқ деп үлес беруден бас тартты.
Сот шешімі дұрыс па?
Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мүлкін және кооператив мүшесінің жеке мүлкін бөлу тәртібін түсіндіріңіз.
98-есеп.“Авангард” кооперативінің басқармасы кооператив мүшелері Горбунова мен Грачті шошқа бағушы етіп тағайындады. Бірақ, олар бұл шешімді орындаудан бас тартты және бұл жұмысқа кіріспеді, өздерінің бас тартуларын олар, біз кооперативте жұмыс жасауға міндетті емеспіз деп негіздеді, өйткен олар кооператив қызметіне мүліктік жарна қосты, және тиісінше таза табыстың бір бөлігін алуға құқығы бар. Бұның нәтижесінде, фермадағы малдар қараусыз қалды және малдардың жоғалуы орын алды.
Кооператив талап арызы бойынша аудандық сот Горбунова мен Грачтан сатып алу бағасымен өлген малдардың құнын өндіріп алды. Жауапкерлер облыстық сотқа шағымданды.
Облыстық сот коллегиясының ұйғарымының жобасын жасаңыз.
99-есеп. Ауылдық жерде тұрып жатқан Әділовтар жан-ұясы жеке қосалқы шаруашылықпен айналыса отырып қалаға сүт, қаймақ және ет сатты. Әуезов аудандық салық инспекциясы, қалада ет, сүт өнімдерін заңсыз сатуға жоспарлы тексеріс кезінде Әділовтар жан-ұясының сатқан өнімдері тәркіленді және азаматша Әділоваға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың патентінің жоқтығына байланысты 7 мың теңге көлемінде айып- пұл салынды.
Істі шешіңіз.
Шаруа (фермер) қожалығының азаматтардың жеке қосалқы шаруашылығынан қандай айырмашылығы бар?
Салық инспекциясының әрекеттері заңды ма?
34-НҰСҚА
100- есеп. “Звезда” шағын ауылшаруашылық кәсіпорны сотта “Металлист” заводына талап қояды, онда соттан заводты өз бетімен қосалқы шаруашылыққа алған ауылшаруашылығы кәсіпорнының 15 гектар жерін қайтаруды және 3 жыл мерзімде оны заңсыз пайдаланудан алған картоп, көкөністің құнын толтыруды міндеттейтін шешім қабылдауды өтінді.
Жауапкер сотта сол жер учаскесінде мелиорациялық жұмыстарды жүргізумен байланысты пайдаланылмаған шығындардың орнын толтыруды талап ете отырып қарсы талап қойды.
Істі шешіңіз.
Өзбетімен алынған жерлерді алып қою және келтірілген шығындарды өтеу мәселелері қандай тәртіпте шешіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |