31-НҰСҚА
91-есеп. 1994 жылы наурыз айында құрамына Құдайбергеновтар отбасының кірімен “Береке” шаруа қожалығы құрылады. 1999 жылы маусым айында Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне, “Береке” шаруа қожалығының басшысы, фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін бөліп беруді сұрайды және бұл фермер қожалығы бұрынғы шаруа қожалығының базалық негізінде құрылатындығын және мүшелерінің құрамы өзгертілетінін айтады. Облыс әкімі шаруа қожалығы басшысының өтінішін қанағаттандырмайды. Ол бұл мәселені шешу оның өкілеттігіне кірмейтінін және фермер қожалығын жүрзізу үшін жерді сатып алу керектігін айтады.
Істі шешіңіз.
Шаруа қожалығы мен фермер қожалығының айырмашылығы неде?
Әкімнің өтінішті қабылдамауы заңды ма?
Шаруа қожалығына жер берудің тәртібіне сипаттама беріңіз.
92-есеп.“Луч” ауылшаруашылық кооперативінде ревизия жүргізілу барысында қойма меңгерушісі Ивановқа қатысты әртүрлі материалдық құндылықтарға байланысты 600 мың теңге жетіспейтіндігі анықталады. Кооператив басшылығы жетіспеген ақша көлемін Ивановтан өндіру туралы шешім шығарады. Бірақ, бас бухгалтер Сушко бұл зиянды шаруашылық шығындарына жатқызады.
Бас бухгалтердің әрекеті заңды ма ?
Кооператив мүшелері мен жалдамалы жұмысшылардың кооперативке келтірген материалдық зиянды өтеудің тәртібі қандай?
93-есеп. Қартайған ерлі-зайыпты Захаровтар соңғы 2 жыл бұрынғы колхозды қайта құру енгізінде құрылған ауылшаруашылық кооперативінде жұмыс істемейді. Осыған байланысты, жалпы жиналыста кооператив басшысы, олардың кооператив жұмысына жеке еңбектерімен қатыспағандықтан оларға үй маңынан берілген 0,20 гектар жерді 0,10 гектарға қысқарту туралы мәселе қояды. Осы мәселені шешу барысында кооперативтің тексеру комиссиясының басшысы, үй маңындағы жер учаскесін, құрылыс салынған жер учаскесін қоса алғанда 0,15 гектар жерді ерлі-зайыптыларға қалдыру туралы ұсыныс жасайды.
Істі шешіңіз.
Ауылшаруашылық ұйымдарында жер қатынастарын қалыптастырудың ерекшелігі неде?
Кооператив мүшелерінің жер үлесі мен үй маңындағы жер учаскелерінің құқықтық режимі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |