Ұнтақ жасалғанша араластыр Мұндай дозаны санымен беріңіз Белгіле. Күніне рет ұнтақтан


Сульфацил-натрий / Sulfacylum natrium



бет10/20
Дата29.03.2024
өлшемі55.61 Kb.
#496876
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
?íòà? æàñàë?àíøà àðàëàñòûð Ì?íäàé äîçàíû ñàíûìåí áåð³?³ç Áåëã³ëå

Сульфацил-натрий / Sulfacylum natrium -ақ кристалды иіссіз ұнтақ, суда жеңіл ериді, спиртте дерлік ерімейді. Жарықтан қорғайтын контейнерде. Күшті әсер ететін заттар тізімі. ЖРД ішке 2,0 ЖТД ішке 7,0
Фурацилин / Furacilinum -сары түсті кристалды ұнтақ. Суда өте аз ериді, спиртте аз ериді. Жақсы жабылған қара шыны бөтелкелерінде салқын, жарықтан қорғалған жерде. Күшті заттардың тізімі. ЖРД ішке 0,1 ЖТД ішке 0,5
Димедрол/ Dimedrolum -иіссіз немесе нәзік иісі бар, ащы дәмі бар, тілдің байланып қалу сезімін тудыратын, ақ түсті кристалды ұнтақ,. Гигроскопиялық. Суда өте жеңіл ериді, спиртте жеңіл ериді. Жарық пен ылғалдың әсерінен қорғайтын жақсы жабылған контейнерде. Күшті заттардың тізімі. ЖРД ішке 0,1 ЖТД ішке 0,25
Новокаин / Novocainum -түссіз, иіссіз, ащы дәмі бар, тілдің байланып қалу сезімін тудыратын кристалдар. Суда өте жеңіл ериді, спиртте жеңіл ериді. Жақсы жабылған қызғылт шыны бөтелкелерде. Күшті заттардың тізімі. ЖРД ішке 0,25 ЖТД 0,75 ішке


Технологиясы: 10 мл 1% новокаин ерітіндісінде димедрол, фурацилин және сульфацил натрийі ерітіледі. Ерітіндіні алдымен новокаин ерітіндісімен жуылған мақта тампонымен сүзіледі. Сол тампон арқылы қалған 10 мл новокаин ерітіндісі сүзіледі. Дайын тамшылар құтыда босатылады. Қызғылт сары шыны құтыны бұрандалы қақпағы бар тығыз пластмасса тығынмен тығындайды. Жапсырмалармен безендірілген:" ішкі"," жарықтан қорғалған жерде сақтаңыз","қолданар алдында шайқаңыз".


Сапасын бақылау:
- органолептикалық (түсі, иісі);
- ерекше көрсеткіштер (механикалық қосындылардың, көлемдегі ауытқудың болмауы)
- босату кезінде бақылау
Таңдамалы бақылау түрлері: - физикалық, - химиялық
Рұқсат етілген ауытқу нормалары: ±8% (пр. ДСМ -45 )
20-100%
Х-8% Х=1,6 [18,4-21,6]
Жарамдылық мерзімі: 2 тәулік


11. Ал: Аммиак ерітіндісінен 20 мл
Камфора спиртінен 10 мл
Натрий хлоридінен 0,5
Тазартылған судан 70 мл
Араластыр. Босат. Белгіле. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Студент 70 мл тазартылған суды өлшеп, 0,5 г натрий хлоридін ерітіп, 20 мл 10% аммиак ерітіндісін және 10 мл камфора спиртін қосып, араластырып, қызғылт сары шыны ыдысына сүзіп алды. "Балалардан қорғау"қосымша заттаңбамен белгілеп, тығындап, ішкі құрал ретінде босатылды. Студенттің іс-әрекетін сыни бағалаңыз.
Rp.: Solutionis Ammonii 20ml
Spiritus Camphorae 10ml
Natrii chloridi 0,5
Aquae purificatae 70ml
Misce. Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

Сұйық дәрілік түрлер-суда, майда, спиртте н/е басқа еріткіштерде ДЗды еріту, араластыру негізінде жасалған ДЗтар. 


Рецепте ішуге арналған, микстура берілген. Күшті н/е улы әсер ететін ДЗ болмағандықтан, дозаға тексермеуге болады. 
Еептеулер: 
1) Жалпы ерітіндінің көлемін табамыз: Vж=20+10+70=100мл
2) Жалпы құрғақ зат массасын табамыз: mқ.з.=0,5
3) Құрғақ затты еріткіште еріткенде, ерітінді көлемі ұлғаюы мүмкін, сондықтан құрғақ заттың проценттік көрсеткішін есептейміз: 
0,5---100ml
X ---100
X=100x0,5/100=0,5% < 3% КҰК ескеру міндетті емес!
Б.П.
Aquae purificatae 70ml
Natrii chloridi 0,5
Solutionis Ammonii 20ml
Spiritus Camphorae 10ml
Vж=100ml; mқ.з.=0,5
Технологиясы: Камфора және аммиак ерітіндісі ұшқыш болып табылады. Бұларды қосымша сүзгіден өткізу қажет емес. Ыдысқа 70 мл тазартылған суды өлшеп, онда 0,5 г натрий хлоридін ерітіледі және босатылатын флаконға сүзіледі. Сосын 20 мл 10% аммиак ерітіндісін және 10 мл камфора спиртін қосып, араластырып, арнайы резинамен жақсылап тығындап, бекітеміз. "Балалардан қорғау", «Ішке», т.б. этикеткалармен безендіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет