Дозасы аспаған.
Бақылау парағы:
Күні
Рецепт №
Aquae pro іnjectіonіbus 50 ml
Novocaini 2,5
Vж = 50мл
Дайындаған: (қолы)
Тексерген: (қолы)
Босатқан: (қолы)
Технологиясы: Асептикалық жағдайда стерильді қосымша дәрі дайындайтын ыдысқа 50 мл шаншуға арналған суды өлшеп, онда 2,5 г новокаин ( ҚР ДСМ 01.11.1996 ж.№ 481 бұйрық талабына сәйкес) ерітіледі. Жұлын милы анестезияға арналған 5 % новокаин ерітіндісі асептикалық жағдайда тұрақтандырусыз, алдын-ала новокаинді кептіргіш шкафта стерильдеп, дайындалады. Ерітіндіні сыйымдылығы 50 мл флаконға сүзіп, химиялық талдауға (сандық, сапалық) жібереді. Талдау қорытындысы тіркеу журналында көрсетіледі. Содан соң флаконды тығындап, механикалық қоспадан тазалығы тексеріледі. Бақылаудан соң егер көзге көрінетін бөлшектер табылса, ерітіндіні алғашқы қолданылған фильтр арқылы сүзіліп, қайтадан тексеріледі, тығынды өлшемі 3х6см ұзартылған ұшы бар пергамент қағазымен жауып, жіппен байлап, оған ерітіндінің атауын, дайындалған күнін, фармацевтің қолы қойылады. Осылай безендірілген ерітіндісі бар құты стерильдеуге жіберіледі. Автоклавта 120 0С температурада 8 минут стерильденеді. Уақыт өткен соң салқындатып, мөлдірлігін, түсін, механикалық қоспалардан тазалығын тексереді. Сонан соң ерітіндіні 395 босатуға безендіреді. Негізгі этикеткада көк түсті «Шаншуға арналған» толық ерітінді құрамы және қолдану тәсілі көрсетіледі.
19. Ал: 10% -10 мл глюкоза ерітіндісінен
Залалсыздандыру!
Белгіле. Көктамыр ішіне енгізу үшін 10 мл-ден.
Стерильденгеннен кейін ерітінді сарғайған. Бұл құбылыстың пайда болу себептері қандай? Дәріхана жағдайында глюкозаның тұрақты ерітінділерін қандай әдіспен дайындауға болады?
Rp.: Solutіonіs Glucosae 10 % - 10 ml
Sterіlіsetur!
Da. Sіgna. Көктамыр ішіне енгізу үшін 10 мл-ден.
Глюкозаның стандартты препаратының құрамында кристаллизациялық судың 1 молекуласы бар, сондықтан глюкоза ерітіндісін дайындағанда глюкоза құрамындағы ылғалдың пайыздық мөлшерін ескере отырып, рецептіде көрсетілген мөлшерден көп мөлшерде алады. Х=a-100/100-b
Есептеу:
10-100
Х-10 Х=1,0г
Егер глюкоза құрамында 10 % су бар деп есептесек, онда: Х=1*100/ 100-10=1,11г глюкоза
Глюкоза ерітіндісі жеңіл тотығатын препаратқа жататындықтан, тұрақтандыру үшін Вейбель тұрақтандырғышы қолданылады. Оның құрамы:
Натрий хлориді 5,2 г
Хлорсутек қышқылы сұйытылған 4,4 мл
Шаншуға арналған су 1 л-ге дейін
5-100мл
Х-10мл х= 0,5 мл Вейбель тұрақтандырғышы
Глюкоза мөлшері 3% жоғары, сондықтан су мөлшерін есептеген кезде КҰКглюкоза = 0,64 мл/г ескеру қажет:
Vн2о= 10-(0,64*1,0+0,5)=8,86 мл=9 мл
Достарыңызбен бөлісу: |