iqup
67
мұндай әдіс-тәсілдер пайда бермейді, керісінше,
психикасына қатты зақым келтіреді.
Өзін
бағаламайтын адам, бәлкім, өсіп-жетілетін
шағында тұлғалық дамуына зақым келтіретін, нашар
қарым-қатынасты немесе
жиі жәбір көрген болуы
мүмкін. Айналасында қолдау көрсетер ешкімді таппауы
немесе өзін құтқаруға жеткілікті пайым-парасаты
болмауы, дұрыс қарым-қатынастың түзілмеуі де әсер
етуі мүмкін.
Адамдардың басым көпшілігі көп жағдайда өзін
асыра бағалап жіберіп немесе бағалай алмай жатады.
Өзін бірқалыпты ұстап, шектен шықпай бағалай білетін
адам кемде-кем.
Өзін төмен
санайтын адам мынадай анық
сипаттармен
танылады:
• Өзгелерге өзін басынуға, уақытын алуға, мал-мүлкін
қолды қылуға жол береді. Көп жағдайда мұндай
әрекеттерге қарсылық білдірмейді. «Жоқ» деп
айтуға қиналады.
• Мақтауды мүлдем қабылдамайды. Егер оған киім-
кешегінің
әдемі екенін айтсаң, саған киімінің
қарапайым екенін айтады. Егер оған бір істе
тапқырлық танытқанын айтсаң, саған біртүрлі
қарап, сөзіңді жоққа шығарады. Сені түзеп,
сосын
іс-әрекетінде қате-кемшілік жіберген жерлерін
түсіндіре бастайды.
Кешіру
68
• Кішіпейіл болуды алға тартып, сөзінде өзін орынсыз
кішірейте береді. Өзі туралы: «Ақымақпын, тез
үйрене алмаймын», – деп айтады. Егер онымен
тартыссаң, кішіпейілділік және адамның өз қадірін
білу жайлы айтылған сөздердің бәрін жаттап алады.
Алайда ол өзін түсіреді.
Өз қадірін білмейді және
өзін бағаламайды.
• Өзіне сенімсіз екені анық білініп тұрады. Сенімсіздігі
сөзінен, дауыс ырғағынан, отырысынан, жүрісінен
көрінеді. Көп жағдайда тұйық жүреді.
• Үнемі өзінен жоғары тұрған адамдарға қарайды.
Олармен өзін салыстырып,
солар сияқты болуға
немесе оларды басып озуға жасқанады. Өзінің
өсетініне, озатынына сенбейді.
• Өзінің жетістіктеріне қуануы қиын. Қандай іс бітірсе
де барлығын қалыпты жағдай деп санайды. Бойынан
ешбір айбын мен алғырлық көрінбейді.
• Өзі туралы армандаудан, өзіне үміт артудан қорқады.
Әрдайым қарапайым санаттағы адамдар қатарында
күн кеше беруді қалайды.