О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет23/37
Дата03.12.2023
өлшемі4.58 Mb.
#485237
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Кешірдім????

Мен және Кешірім
«Ақымақ кешірмейді де, ұмытпайды;
 аңғал кешіреді де ұмытып кетеді, 
ақылды адам кешірсе де ұмытпайды»
IQUProject
К
өпшілігімізде кешірім мен кеңшілік ұғымдарына 
қатысты қарама-қайшы пікірлер қалыптасқан. 
Өйткені олар бұрыс сенімге бой алдырып, қанағат етуге 
тиіс құндылықтарды місе тұтпайды.
Шын мәнінде, адамдардың басым көпшілігі 
пенделерге кеңшілік етуді, кешірімді болуды 
қателіктеріне көз жұма қарау, еш нәрсе болмағандай 
жүру, сонан соң олар жасаған әрекетті ұмытып, 
олармен қарым-қатынасты әдеттегідей жалғастыра 
беру деп түсінеді. Алайда кеңшілік, кешірімнің нағыз 
ұғымына келсек, ол – ойыңды, сезімдеріңді біреудің 
билеуінен, ойыңа, сезіміңе біртіндеп ықпалын 
жүргізуден азат ету дегенді білдіреді. 
Кеңшілік пен кешірімнің салдарын ұғынбастан, 
түбегейлі бас тартқан кезде, құдды өзгелердің де саған 
кеңшілік, кешірім танытпауын, өміріңе, тағдырыңа 


iqup
97
көнбестікті таңдағандай боласың. Бір күні сен де 
біреудің саған кеңшілік, кешірім етуін қаларсың, бірақ, 
сол сәтте оған қайшы әрекетке тап боласың. Сонда 
кезінде өзің танытқан кеше алмауды көріп, бойыңда 
жағымсыз сезім туады. 
Ешбір адам қате-кемшіліктен пәк болмайды. Шайтан 
кешірімеуге, іштарлыққа итере береді. Құранда:
«(Уа, Мұхаммед!) Құлдарыма: «Ең көркем сөзді 
сөйлесін. Өйткені шайтан олардың араларына іріткі 
салады. Расында, шайтан адам баласына анық дұшпан», 
– деп айт!» – делінген.
Сол үшін ойыңды, сезіміңді жеткізген кезде 
әрдайым ең жұмсақ сөзді, ең жағымды сөйлемді таңда. 
Шайтанның үнемі ой салатынын естен шығарма. Ол 
сенің ең жағымсыз қылық көрсеткеніңді, өте дөрекі сөз 
сөйлегеніңді қалайды. 
Кешіру баршамыздың бойымыздағы шектен шыққан 
менмендіктің деңгейін түсіруге мол септігін тигізеді. 
Егер саған кезінде көптеген қиындық көруіңе себеп 
болған адамды жолықтырсаң, нәпсілеріңді басу үшін 
ішкі реніш сезіміңді ірке ұстап, оған ең бірінші өзің 
сәлем бер. Оған жұмсақ сөйле. Мейлі, бұл әрекетің 
шын жүректен болмаса да, уақыт өте адамдардың қате-
кемшіліктерін, іс-әрекеттерін ұмыта бастайсың немесе 
елемейтіндей дәрежеге жетесің. Мұндағы ең басты 
ғибрат – ондай адамдармен жолыққан сайын, жаныңа 
зақым келтіретін түрлі келеңсіздіктерді ішіңе жинамау. 


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
98
Егер бұлай істеуге шамаң келмесе, онда көкейіңде 
оған қатысты жаман ой түймеуің, ішіңдегі солақай 
сезімдеріңді тежей білуің, артынан ғайбаттамауың 
жеткілікті. Ал егер бұл да ауыр тисе, белгілі бір уақытқа 
дейін ондай адаммен жолықпа. 
Адамның бойындағы менмендік үнемі әр нәрсені 
билеп-төстеуді іздейді. Әрбір істі әсірелеуге үйір. 
Жайына, ісіне мән берілмесе, ісін ұлғайтып жеткізеді. 
Басынан кешіргенін өте үлкен етіп көрсетуге үйір. 
Салдарынан сені де, өзгелерді де шаршатады. Ақыры 
шынайы болмысыңнан, руханиятыңнан, ішіңдегі сәуле 
шашқан нұрыңнан алыстатады. 
Ішіңдегі менмендігің әдетте: «Мен қалайша мұны 
басымнан кешірдім? Пәленшенің маған мұндай 
қатынас жасауына дәті қалай жетті? Мұнысын ешқашан 
кешпеймін. Тірі тұрғанымда іс-әрекетін бетіне баспай 
қоймаспын», – деп сөйлейді. Алайда ақиқатына 
келсек, мұндай жағдайда адам менмендігін доғарып, 
менмендіктен туған теріс әрекеттерін байқамайынша, 
тек өзін-өзі ғана бақытсыз етеді.
Негізінде, сен анаңнан пәк күйде туыласың. Уақыт 
өте өмірдегі түрлі жайттарды бастан кешіп, бойыңда 
менмендік пайда болады. Өміріңдегі әрбір жайт, 
оқиға менмендігіңе әсер етіп, ішіңдегі «менге» орын 
қалдырасың. Салдарынан өзгелермен сол менмендігіңе 
сай мәміле түзесің. Әрекеттерің бойыңдағы өзіңе 
тән менмендігіңнен туатын болады. Кей кездері 


iqup
99
менмендік, тіпті, адам санасы мен ішіндегі кәміл нұрын 
тұмшалайтындай деңгейге жеткізеді.
«Эго», яғни менмендік сені рухани кемелденуден
саулықтан бүркейтінін үнемі есіңде ұста. Менмендік 
өмірімізде өткен қайшылықтарды жеңуге мұрша 
бермейді. Біз сүйетін нәрсеміздің бір бөлшегі ретінде 
есептеген дүние жоғалғанда, ауырсынуымызға 
итермелейтін де - сол менмендік. 
Эгоңа тиесілі дүниенің көлемін білуің үшін, ең дұрыс 
шешім ол – эгоңды ақыл нұрына билету. Сонда ғана 
эгомыз болған оқиғаларды, істерді әсірелемей, оларды 
бізге жанымызға батпайтындай етіп көрсетеді. 
Ішіңде біз айтқан ақыл нұрын оятпайынша, өзіңе 
және өзгелерге ешқашан кеңшілік, кешірімшілдік 
таныта алмайсың. Өмірдегі жайттарға, оқиғаларға 
басқа қырынан қарап көр. Сонан соң сол сәтте ісіңді 
эгоңа сүйеніп әрекет еттің бе әлде ақыл нұрына сүйеніп 
әрекет еттің бе, соған назар сал. Мұны білу жеңіл, 
алайда іс жүзінде жүзеге асыру қажырлы еңбекті 
қажет етеді. 
Іс-әрекеттеріңнің себебін өзіңнен сұра. Одан қандай 
пайда көретініңді сұра. Сол әрекеттерің эгоңды семіртіп 
жатыр ма, әлде басқа қасиетіңді дамытып жатыр ма, 
соны сұра. Қандай іс, жайт орын алса, іс-әрекетіңнен 
ұстамдылық таныта алатыныңды байқа. 
Адамның жаны шынайы қиналған сәттерде эгодан 
арылудың үлкен мүмкіншілігі туады. Немесе күнделікті 


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
100
ой-санадан жаңа, кемел ой-санаға көшудің мүмкіншілігі 
бұйырады. Шын мәнінде, өлім мен өмірдің арасында 
болатындай оқиғаны, жағдайды басынан кешірген 
адамдардың немесе ауыр дертті, індетті көрген 
адамдардың өмірдегі істерге, жайттарға көзқарастары 
өзгереді. Сол кезде олар эголарынан толықтай арылып, 
өздерінің шынайы болмыстарына сай өмір сүре 
бастайды. Соған ұқсас жағдайларды басынан кешірген 
адамдардан өзің сұрап көр.
Саған ондай ауыр кезеңді, міндетті түрде, бастан 
кешу қажет емес. Негізінде, сен бұдан да ұлы дүниеге, 
яғни ақыл нұрының жаныңа терең бойлап, өміріңді ең 
ұлы ұғыммен, құндылықпен өмір сүруге мұқтажсың. 
Драмаға толы ойлар, анығында, ішіңдегі жасанды 
эгоны семірте түскеннен басқа ешнәрсе істемейді. Сені 
өміріңде болған жайттармен келіспеуге шақыратын 
ішкі дауысың және сол дауысқа еріп өзгелерге қарсы 
көрсеткен әрекеттерің эгоның, яғни менмендіктің 
дауысы. Сені өзге адамға қарама-қайшы көзқараспен 
қарауға итермелеп жүрген нәрсенің бәрі сол эго 
дауысын күшейте түседі. 
Егер біз пайғамбарлардың болмысына қарасақ, 
бойларында жасанды эго жоқ екенін байқаймыз. 
Мәселен, пайғамбарымыздың киімінен тартып тұрып: 
«Ей, Мұхаммед! Сендегі Алланың мал-мүлкінен маған да 
бер», – деп айтқан бәдәуи жайлы хадиске қарайықшы. 
Пайғамбарымыз оған жымиып, сұрағанын беруді 
бұйырады. Ал Мұса пайғамбар хұтпа айтып тұрған 


iqup
101
кезде қауымынан біреу: «Жер бетіндегі ең білімді кім?» 
– деп сұрайды. Ол: «Мен», – деп жауап береді. Сонда 
Алла Тағала оған бір ізгі адамды жолықтырып, одан 
білім алу үшін екі теңіздің қосылған жеріне баруды 
бұйырады. Ол жайлы «Юсуф» сүресінде : «Бұл маған 
Раббымның үйреткенінен», – деп айтылады.
Әрқайсымыздың 
ішімізде 
эгоның 
барына 
келісеміз. Алайда бойымыздағы эго әр түрлі болады. 
Асыл дініміздің тағылымдарын, пайғамбарлардың 
қиссаларын, әдет-ғұрыптарымызды терең түсіну 
арқылы кемел тұлға болуға ұмтылатын рухпен өмір 
сүре аламыз. 
Ардақты пайғамбарымыз: «Уа, Алла! Расында, мен 
Сенен қайыр-жақсылықтарды істеуді, теріс істерді тәрк 
етуді, міскіндерді жақсы көруді сұраймын», – деп дұға 
тілеген. 
Шын мәнінде, міскіндерді жақсы көру - 
жанашырлықты, өзара мейірбандықты арттырудың, 
бойдағы жөнсіз эгоны немесе шегінен асқан эгоны 
басудың жолы. Алайда эгоның барлық деңгейі жаман 
емес. Керісінше, эго сені билей бастаған кезде ғана 
жаман саналады.


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
102
ЕXERCISE 
Сені танымал, белгілі еткен он нәрсеңді, яғни 
қабілетіңді жаз. Мәселен, көркем жазуға деген қабілетің 
болып, сол қабілетіңнен айырылып қалсаң, қандай күй 
кешесің?
Мұндай 
жаттығу 
бойыңдағы 
таланттарыңа, 
қабілеттеріңе немесе мақтаулы лақап аттарыңа 
алданып, соларға байланып қалудан арылтады. 
Нәтижесінде қандай да бір дүниеге байланбай, 
жасандылыққа бой алдырмай, шынайы адами 
болмысыңа сай өмір сүруіңе көмектеседі. 


iqup
103
ПРАКТИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР
• Өміріңде саған қатысты қате-кемшілік жіберген 
адамды кешіруге шешім қабылда. Кешіруім керек 
деп шеш. Оның қате-кемшілігін қайталама. Оны 
ойыңнан шығар. Егер бірінші болып татуласқың 
келсе, істе! 
• Пәленшеге немесе қандай да бір оқиғаға, жайтқа 
қатысты туындаған күйгелектік сезіміңді доғар. 
Бірнеше сәт үнсіздік сақтап, болған оқиға, жайтқа 
жаңаша көзқараспен ой жүгірт. Сезімдеріңді, 
бойыңнан байқаған әрекеттерді параққа түгел жаз. 
Сосын сол сезімдеріңді дұрыс жаққа бағыттауды 
үйрен. 



ІII LEVEL
Өткеннен 
сабақ ал


Өткеннен сабақ ал
106


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет