О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата03.12.2023
өлшемі4.58 Mb.
#485237
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Кешірдім????

Түймедейді түйедей қылма
Адам тізе бүгіп өседі
IQUProject 
О
сы тұста бұл айтылғандардың кешіру мен кеңшілік 
қасиеттерімен қандай байланысы бар дерсің?
Біз адамның өзіне немесе өзгелерге, өмірдегі 
жағдайларға кешіріммен, кеңшілікпен қарауды тек 
іште керітартпа сезімдер, жан айқай пайда болған 
кезде ғана көрсетпей тұрамыз. Ал керітартпа сезімнің 
бәрінен арылып, келеңсіздіктерден сауыққан соң, 
кешіру мен кеңшілікке әл-қуатымыз пайда болады.
Кешіру мен кеңшілік арқылы жүрегіңді жуып-шайып, 
ондағы қаңыраған жан әлеміңді қалыпқа келтіресің. Бұл 
- дұрыс, берік қағида. Егер өміріңді осы қағидаға сай 
құрсаң, онда сенің тұлғаң берік болмақ. Ал тұлғаңды 
жағымсыз сезімдерге, рухани ретсіздік, жүйесіздікке 
толы әрекеттерге сай түзесең, онда сенің тұлғаң бос 
болып, қай кезде де құлдырай салуға әзір тұрасың.
Бар екенін мойындамаған, оның барына сенгің 
келмеген нәрсеңді өзгерту мүмкін емес. Сезімдік жан 


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
88
айқай, күйгелектік деген ұлғайтып көрсетуге тұрмайтын 
жайтқа әсіре қарсылық танытуың. Яғни, бүйректен 
сирақ шығаруың. Ал «түймедейді түйедей етіп» сезімге 
берілмеуі – бұл адамдардың аз бөлігі ғана түсінетін 
нағыз өнер. Сол үшін сезімдеріңді, өткен әрекеттеріңді 
ой елегінен өткізіп, басыңнан өткен жағдайларда 
ұстамсыздыққа, күйгелектікке бой алдырдың ба, жоқ 
па соған қара!
Парасатты адамдар - егер өмірдегі түрлі жайттардың 
ауқымды етіп көрсетілуі, түбінде, дау-дамайға, бүлікке 
әкеп соғарын сезсе, болған жайтты ішке бүгіп, оларды 
болмашы оқиға етіп көрсету өнерін меңгерген нағыз 
шебер жандар. Сол сияқты олар ел назарынан тыс 
қалған қажетті мәселелердің маңыздылығын көрсетеді. 
Ал мұндай маңызды оқиғаларды, мәселелерді елге 
білдіру, түбінде, жақсылыққа, оң нәтижеге жеткізеді, 
яғни, соңы оң нәтижемен аяқталатын істі ел игілігі 
үшін маңызды етіп көрсету және соңы бүлікке ұласар 
істі ел игілігі үшін түймедей ету. Бұл тәсіл өмірде 
болған жағдайға қарай қолданылады. Жағдайдың 
ауқымын дұрыс бағалап, әсірелеусіз сол тоқтамға келу 
мақсатында қолданылады.
Күйгелек, мазасыз адамдардың бойындағы сипаты, 
тіпті, сөздерінен де көрінеді. Ондай адамдар саған 
қандай да бір оқиғаны жеткізген кезде оны тым 
әсірелеп, тіпті, әсірешілдігі сезімінен, жай-күйінен 
анық байқалады. Мәселен, ондай жандар «пәленшенің 
бір сөзі көңіліме қаяу түсірді» деген сөзбен шектелмей, 


iqup
89
тіпті, «пәленше мені өлтірді» деп жеткізеді. Алайда 
сөздерінің басым бөлігі жағдайды ушыққандай етіп 
көрсетуі түбінде, өтірік болып жатады. Болған жағдайды 
шешілмейтіндей, ауыр қылып суреттейді. 
Күйгелек (суетливый, беспокойный) адамның 
белгісі ойының шашыраңқылығынан байқалады. Яғни, 
ашулануына немесе қайғыруына не түрткі болғанын 
нақты білмейді. Өмірінде өткен жайттарды қазбалап, 
сосын шешімі табылмаған негізгі мәселені білмей 
әуреге түседі. Шығар шешімді іздеп дал болады.
Сондай-ақ 
күйгелектігі 
көтеріңкі 
даусынан, 
дауыс ырғағынан байқалады. Ойының, сезімінің, 
мақсаттарының шашыраңқы болуынан білінеді. 
Сезімге бой алдыратын күйгелек адам өзінің 
бағытын 
айқындай 
алмайды. 
Өмірін 
дұрыс 
басқармайды. Өмірінде басқаруына берілген екі 
құралды, яғни, сезімі мен ой-санасын ұтымды 
пайдалана 
алмайды. 


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
90
EXERCISE 
• Өмірде болған түрлі жайттарға күйгелектік, 
мазасыздық танытасың ба, жоқ па өзіңді тексер; 
• Әр нәрсенің байыбына барып терең ой жүгіртуді, 
деміңді терең алуды, яғни, сезіміңді орнымен тежей 
білуді үйрен; 
Алған әсерлеріңді, сезімдеріңді параққа түсір.


iqup
91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет