О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет16/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
химия рус (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Эмульсиялар деп қандай жүйелерді атайды? Олар қалай жіктеледі? 
2. Эмульсиялардың агрегативті тұрақтылығының қандай факторларын 
білесіз? 
3. Эмульгатор түрлерін атаңыз. Əртүрлі эмульгаторларда тұрақтылықтың 
қандай факторлары негізгі болып табылады? 
4. Банкрофт ережесі. 
5. Эмульсия типін қалай анықтайды? 
6. Эмульсия фазаларының ауысуы қалай аталады? 
7. Эмульсиялардың бұзылу əдістері. 


43 
II тарау 
 
СУСПЕНЗИЯЛАР 
 
Суспензиялар 
бұл дисперстік фазасы 10
-5
см-ден үлкен 
өлшемді қатты заттың бөлшектері, ал дисперсиялық ортасы – 
сұйықтық болып келетін дисперсиялық жүйелер. 
Суспензияларды шартты түрде бөлшек сияқты белгілейді: 
бөлімінде ортаның агрегаттық күйі, ал алымында дисперстік фаза-
ның агрегаттық күйі көрсетіледі: Қ/С. Суспензияларға басқа да 
анықтама беруге болады: суспензиялар – бұл сұйықтықтардағы 
ұнтақтардың жүзгіндері. 
Екінші анықтама шындыққа жақынырақ, өйткені «суспензия» 
терминінің өзі ескі латыншадан аударғанда (suspensio) «іліп қою, 
асып қою» деген мағынаны білдіреді. 
Формальды түрде суспензиялар лиозольдерден (коллоидтық 
ерітінділерден) дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдерімен ғана 
ерекшеленеді. Суспензиялардағы қатты бөлшектердің өлшемдері 
(10
-5 
см үлкен) лиозольдердің (10
-7
-10
-5 
см) өлшемдеріне қарағанда 
бірнеше реттелікте үлкен болуы мүмкін. Бұл сандық айырмашы-
лықтар суспензиялардың маңызды ерекшеліктерін, көптеген сус-
пензияларда қатты фазалардың бөлшектері броундық қозғалысына 
қатыспайтынын көрсетеді. Сондықтан суспензиялардың қасиеттері 
коллоидтық ерітінділердің қасиеттерінен ерекше болады; оларды 
дисперстік жүйелердің жеке бір түрі ретінде қарастырады. 
Кейінірек суспензиялардың нақты қасиеттерін қарастырғанда, 
коллоидтық химияның алдыңғы бөлімдерінде қарастырғандай, 
оларды коллоидтық ерітінділердегі ұқсас қасиеттерімен салыстыру 
пайдалы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет