О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


 Суспензиялардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет17/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
химия рус (1)

2.1. Суспензиялардың жіктелуі 
 
Суспензиялар бірнеше белгілері бойынша бөлінеді. 
1. Дисперстелген ортаның табиғаты бойынша: органикалық 
суспензиялар (дисперсиялық ортасы – органикалық сұйықтық) 
жəне сулы суспензиялар (дисперсиялық ортасы су болады). 
2. Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдері бойынша: дөре-


44 
кі суспензиялар (d>10
-2 
см); жұқа суспензиялар (-5*10
-5
-2
см
), 
лайлар (1*10
-5
-5
см). 
3. Дисперстік фаза бөлшектерінің концентрациясы бойынша: 
сұйылтылған суспензиялар жəне концентрленген суспензиялар 
(қойыртпақтар). 
Сұйылтылған суспензияларда бөлшектер сұйықтықта оңай 
қозғалады, бөлшектер арасындағы байланыс жоқ болады жəне 
əрбір бөлшек кинетикалық тəуелсіз болады. Сұйылтылған суспен-
зиялар – бұл бос дисперстік құрылымсыз жүйелер. 
Концентрленген суспензияларда бөлшектер арасында белгілі 
бір құрылымның түзілуіне əкелетін күштер əсер етеді. Ендеше кон-
центрленген суспензиялар – бұл байланысқан дисперстік 
құрылымдалған жүйелер. 
Құрылым түзілу басталатын концентрациялық интервалдың 
(аралықтың) нақты мəндері əртүрлі жəне бірінші кезекте фазалар-
дың табиғатына дисперстік фаза бөлшектерінің өлшеміне, тем-
ператураға, механикалық əсерлерге тəуелді болады. Бұл мəселе 
концентрленген суспензиялар қасиеттеріне арналған бөлімінде 
толығырақ қаралатын болады. Бұл жерде тек сұйылтылған сус-
пензиялардың механикалық қасиеттері басты түрде дисперстік 
ортаның қасиеттерімен, ал байланысқан дисперстік жүйелердің 
механикалық қасиеттері дисперстік фаза бөлшектерімен жəне 
бөлшектер арасындағы байланыстар санымен анықталатынын 
ғана айтқанымыз жөн. 
2.2. Сұйылтылған суспензиялардың алыну жолдары 
 
Суспензияларды басқа да дисперстік жүйелерді алу сияқты екі 
топтық əдістермен алуға болады: дөрекі дисперстік жүйелер 
жағынан – диспергациялық (ұсақтау, майдалау) əдістерімен, шын 
еірітінділер жағынан – конденсациялық əдістермен
Суспензияларды алудың нақты əдістерін қарастыра отырып, 
суспензия дегеніміз – бұл сұйықтықта ұнтақтардың жүзгіндері 
екенін еске түсіру пайдалы. Ендеше сұйылтылған суспензияларды 
өндірісте де, күнделікті өмірде де кең таралған жəне қарапайым 
алу əдісі əртүрлі араластыру құрылғыларының (миксерлер, 
араластырғыштар) жəне т.б. пайдаланумен үйлесімді сұйықтықта 
сəйкес ұнтақты араластыру болып табылады. Концентрленген 
суспензияларды алу үшін сəйкес ұнтақтарды сұйықтықтың аз 


45 
мөлшерімен араластырады. Суспензиялар лиозольдерден тек олар-
дағы бөлшектері бірнеше реттілікте ірі болғандықтан ғана ерек-
шеленгенімен, суспензияларға лиозольдерді алу кезіндегі əдістерді 
қолдануға болады. Осы кезде майдалау əдіспен ұсақтау дəрежесі 
лиозольдерді алу кезіндегіден аз болуы керек. Конденсациялық 
əдіс кезінде конденсация бөлшектерінің өлшемі 10
-5
-10
-2
см бола-
тындай етіп өткізу қажет. Пайда болған бөлшектердің өлшемі 
кристалдардың туынтектерінің пайда болу жəне олардың жылдам-
дықтарының қатынасына тəуелді болады. Аса қанықтырудың аз 
дəрежесі кезінде ірі бөлшектер, ал үлкен дəрежесінде ұсақ бөл-
шектер пайда болады. Жүйеге алдын ала кристаллизация туынтек-
терін енгізу моно-дисперстік суспензиялардың пайда болуына 
əкеледі. Дисперстілікті азайту ұсақ кристалдар ерігенде, қыздыру 
кезінде изотермиялық айдау нəтижесінде қол жеткізілуі мүмкін.Ол 
кезде майда бөлшектер ериді де, ал соның нəтижесінде ірі бөлшек-
тер одан əрі іріленеді. 
Осы кезде дисперстік фаза бөлшектерінің байланысуын жəне 
айтарлықтай өсу мүмкіндігін шектейтін шарттары сақталуы тиіс. 
Пайда болатын суспензиялардың дисперстігін БАЗ ендірумен 
реттеуге болады.
Суспензияларды диализбен, электрдиализбен, сүзуменен, 
центрифугалаумен еріген заттардың қоспаларынан тазартады.
Суспензиялар лиозольдердің коагуляциясы нəтижесінде де 
пайда болады. Сəйкесінше коагуляцияны жүзеге асыру əдісі – бұл 
суспензияны алу əдісі. 
Жоғарыда айтылғандардың барлығы өндірістік жəне күнде-
лікті суспензияларға тиісті. Табиғи суспензиялар (Жердің барлық 
су қоймалары болып табылады) аэрозольдердің бұзылуы нəтиже-
сінде, сонымен қатар жауын-шашын кезінде тасу-тартылу құбы-
лыстары, топырақтардың майдалануы, жағалау күшінің əсерімен 
тау жыныстарының суға ену салдарынан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет