83
Бөлшектерден
тұратын қабат бетін, осы қабаттағы кіші
бөлшектердің қозғалуын қарастырудың мəні зор,
өйткені олар
ұнтақ тасымалдауға негіз болады. Бұл қозғалыстар үш түрлі
тəсілмен жүзеге асуы мүмкін:
1. Бөлшектер ұнтақ бетінде домалап қозғалады.
2. Бөлшектер ұнтақ бетінен бөлініп, көтеріледі жəне өте тез,
сол сəтте-ақ төмен түседі, яғни бөлшек «секіре» қозғалады.
3. Бөлшектер аэрозоль күйінде
қозғалады немесе ол жел
ағымымен бірге жүреді. Бұл қозғалыстың үш түрін де түбіне қалың
құм қабаты төселген аэродинамикалық трубадан байқауға болады.
Ауа ағымының белгілі мəндегі жылдамдығы кезінде бөлшек
домалай қозғалады. Ал егер олар кішігірім ойысқа кезіксе, тоқтап
қалады. Егер ауа жылдамдығы
бұдан біраз артық болса, онда
бөлшектер тағы да домалай бастайды.
Дөрекі дисперсті ұнтақтар жоғары дисперсті ұнтақтарға
қарағанда жоғары аққыштықты көрсетеді.
Тозаңдандыру ұнтақтарды бір ыдыстан 2-ші ыдысқа ауыстыр-
ғанда байқалады. Олар бөлшектер арасындағы күштің байланысы
арқылы, бөлшек
өлшемі өскен сайын өседі, ал ылғалдылық
жоғарыласа төмендейді.
Бұлардың эмпирикалық бірнеше заңдылықтары бар:
1. Гидрофобты ұнтақтар гидрофильді
ұнтақтарға қарағанда
жақсы тозаңданады.
2. Жұмсақ ұнтақтарға қарағанда қатты ұнтақтар жақсы то-
заңданады.
3. Полидисперсті ұнтақтарға қарағанда
монодисперсті ұнтақ-
тар жақсы тозаңданады.
Достарыңызбен бөлісу: