О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
химия рус (1)

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Терінің анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері. 
2. Терінің косметикалық ерекшеліктері. Тері типін анықтау сипатымен əдісі. 
3. Гомогенді дисперсті жүйелер сипаттамасы. 


90 
VII ТАРАУ 
 
КОСМЕТИКАДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШИКІЗАТТАР 
 
Тұрмыста, оның ішінде косметикада химия өте көп қолданы-
лады. Бүгін біз косметикада əртүрлі химиялық элементтердің қол-
данылуын қарастырамыз. Анорганикалық химиядан бастап қысқа-
ша тоқталып өтейік. 
Натрийдің тұздары тұрмыста, ал негізі сабын алуда қолда-
нылады. 
Кальций қосылыстары (силикат жəне басқа тұздары) косме-
тикада опаға, тіс пастасына қосымша қоспа ретінде қолданылады. 
Алюминий жəне оның тұздары косметикада көп қолданылады. 
Бетке, дене терісіне жаққанда тартылуға əсер етеді. Өте белгілі 
тұзы – квасцы (алюминий-калий сульфаты – K
2
SO
4
х AI
2
(SO
4
)
3

алюминий стеараты мен силикаты (ақ ұнтағы) əртүрлі опа, паста 
жасауға жəне қосымша қоспа ретінде қолданылады. Олар суда 
ерімейді, бет терісін кермейді. 
Кермек су деп суда еріген тұздардың құрамында кальцийі бар-
ды айтамыз, ол сабынмен ерімейтін қосылыс түзейді, сол кезде 
сабынның жуғыш қасиеті жоғалады. 
Кремний.
Коллоидты силикаттар опа, тіс пастасында қолда-
нылады. Силикон дегеніміз – көмірсутек кремний қосылысы
кремний атомы көмірсутек қосылыстарындағы бір немесе бірнеше 
көміртек атомының орнын баса алады.Силикон өзінің химиялық 
қасиетімен жəне жақсы тұрақтылығына байланысты косметикада 
көп қолданылады. Оның бір жақсы қасиеті – суды өзінен итеру 
қасиеті (гидрофобты). Осыған байланысты олар келесі космети-
калы препараттарда өте жиі қолданылады: шашқа арналған лак, 
шашқа арналған бояу, помада, қолға жағатын крем, шампунь жəне 
т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет