О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет36/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82
химия рус (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Қандай дисперсті жүйелер ұнтақтар деп аталады? Олардың жіктелуі. 
2. Ұнтақтардың алу əдістерін атаңыз. Конденсациялық əдіс негізінде қандай 
химиялық реакциялар жатыр? 
3. Когезия дегеніміз не? Когезия порошоктың себілу массасын анықтай 
алады ма? 
4. Аутогезия процесінің негізі неде? Ол немен анықталады? 
5. Ұнтақтардың критикалық размері дегеніміз не? 
6. Ұнтақтарға тəн қасиеттерді атаңыз. 
7. Ұнтақтың тозаңдануы неге байланысты? 
 


84 
VI тарау 
 
ТЕРІ БИОХИМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ 
 
Терінің құрылымы жəне химиялық құрамы 
Тері (дерма). Дерманың қалыңдығы 2 мм шамасында болады. 
Оның негізгі бөлігі салыстырмалы түрде өте сирек орналасқан 
жасушалардан, коллагенді жəне тығыз талшықты біріктіргіш ұлпа 
түзетін эластикалық талшық, сонымен қатар құрылымы жоқ, 
қатайтқыш негізгі жасуша аралық заттан тұрады. Жəне дермада 
көп мөлшерде капиллярлар, жүйкелер, шаш түбірі, май бездері 
бар.
Жасушааралық зат. Сандық мөлшерде алғанда негізгі (жасу-
шааралық) зат (матрикс) дерманың маңызды бөлігін құрайды. Бұл 
аморфты (кристалды емес) зат кейде мукополисахарид сірнесі 
(гелі) деп те аталады. 
Коллоидтық ерітінді түріндегі түрлі мукополисахаридтер мен 
мукопротеиндер жасушааралық сұйықтықтың маңызды құрамдас 
бөлшегі болып табылады. 
Мукополисахаридтер – өте жоғары молекулалы зат. Оның 
ұзын макромолекулалары негізінен аминтоптар, органикалық 
қышқылды топтар жəне т.б. біріктірілген гексоза молекулаларынан 
тұрады. Терінің маңызды мукополисахариді ретінде гиалуронды 
қышқылды
айтуға болады (10-сурет). 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет