О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Оқушылардың бiлiм сапасын арттыру



бет5/65
Дата01.11.2023
өлшемі1.28 Mb.
#482119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
географияны оқыту әдісі

Оқушылардың бiлiм сапасын арттыру


Қазiргi таңда жас жеткiншектерге сапалы бiлiм беру жолда- рының бiрi сабақтарда жергiлiктi материалдарды пайдалану, әсiресе ауыл мектептерi жағдайында әр пәнге, әр салаға қажет.
Мектептегi басқа пәндер тәрiздi география сабақтарында жергiлiктi жердiң материалдарын пайдалану, яғни ауыл эконо- микасын, жер-су атауларын, климатын, топырағын, өсiмдiгi мен жануарын, шаруашылығын оқытудың пайдасы үлкен.
Оқушы бiлiмiнiң сапасын арттыру оның көзқарасын, дүние- танымын қалыптастыру, дамыту үшiн сабақтарда жергiлiктi жердiң материалдарын, оның iшiнде зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн сабақта тиiмдi қолдана бiлу қажет. Себебi ауыл- да өсiп, табиғатпен, қоршаған ортамен етене жақын болған жас жеткiншек маңайындағы заттар, жануар, өсiмдiк, жер бедерiн, ондағы құбылыстарды көре өстi, ол туралы өзiндiк бiлiм жинақтайды. Осы бiлiмдi мектепте ғылыммен ұштастыра бiлсе, алынған бiлiм оқушының есiнде мәңгi қалары анық. Сондықтан осы мақсатқа жету үшiн сабақты ұйымдастыруда мынадай ұстанымдарға сүйенемiз:

  1. Оқушыға айтылған материалдар түсiнiктi және жеңiл бо- луы керек. Егер түсiнiксiз болса қарапайым түрде түсiндiру.

  2. Сабақты сарамандық жұмыстармен байланыстыра өткiзу.

Сабақта нақты материалдарды пайдалану, оқушының бiлiмдi игеруiне, бiлiм сапасын арттыруға көмектеседi.
Сабақты ғылыми негiзде оқыту.
Мектеп жанындағы географиялық алаңда ауа райына бақылау жүргiзiледi. Осы бақылау нәтижелерiнен қорытынды шығарып оны күнделiктi сабақтарда пайдаланудың пайдасы үлкен. Себебi оқушыға сапалы бiлiм беруде тақырып материалының мазмұнын меңгеру жеткiлiктi болмайды. Сондықтан бiлiм сапасын арт- тыру, оны еске сақтау үшiн оқушыға түрлi тапсырмалар орын- дауды қажет етедi. Ол үшiн география сабақтарында ауа райын
бақылаудың нәтижелерi қолданылады. Мысалы, 8-сыныпта «Маң- ғыстаудың климат құрушы факторлары» тақырыбындағы сабақ- та оқушыларға Маңғыстау климатын құрушы жағдайлар туралы ғылыми түсiнiк беру (бiлiмдiлiк), өз елiнiң климатын түсiндiре отырып, өз жерiне деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу (тәрбиелiк), әртүрлi бiлiм көздерiмен жұмыс жасауға үйрету (дамытушылық) мақсатын қойды. Осы тақырыпта Маңғыстау облысына арктика- лық, қоңыржай, тропиктiк ауа массаларының әсерi, олардың қасиеттерi туралы айтылған. Тақырып бойынша алған бiлiмдерiн пайдалана отырып, оқушы бiлiмiн толықтыру үшiн «Ауа райын бақылау» нәтижелерiнiң қорытындысын пайдаланады. Егер бiр жылда 365 күн болса, онда 1/3-де батыс, яғни қоңыржай ауа мас- сасы және 1/3-де шығыс, яғни арктикалық ауа массалары басым, ал жаз айларында тропиктiк ауа массаларының оңтүстiк-шығыс жақтан соғатынын оқушылар өздерi есептеп, өздерiнiң алған теориялық бiлiмiн тәжірибе жүзiнде дәлелдеп шықты.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет