О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



бет7/65
Дата01.11.2023
өлшемі1.28 Mb.
#482119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
географияны оқыту әдісі

«зерттеу» деген мағына бiлдiредi. Педагогикада тесттi пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тестiнi 1864 жылы ағылшын Джордж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталiндегi мектепте пайдаланған. Кейбiр мамандар бiлiмдi тест түрiнде тексерудi америкалық психолог педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлерi шығарған деп есептейдi.
Бiлiм деңгейiн тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзiн тексеруiне мүм- кiндiк ашатын есеп берудің оқыту әдiсi деп есептейдi. Сондықтан бұл әдiс – сабақ үдерістерiн бiр-бiрiмен байланыстырып қана қоймай, бiлiмдi тексеру, бекiту, қайталау, сол сияқты жүйелеу құралы. Тест әдiсiнiң тағы бiр ұтымды жағы оқушылардың бiлiмiн тексеруде уақыт үнемдейдi, өздерi осы үдеріске тiкелей
араласатындықтан, қызығып, белсендiлiктерiн арттырады. Педа- гогикалық тест әдiсi оқушылардың бiлiмiн тексеруде объективтiк құрал ретiнде тек шет елдерде ғана емес, бiздiң мемлекетте де кеңiнен қалыптасуына ықпал еткен жөн.
Оқушының игерген бiлiм, бiлiк, дағдыларын тексеру мен бағалаудың бiрнеше пішіні бар; оған бақылап-бағалаудың бес балдық жүйесiнiң пішіндері мен түрлерi жатады.
Баға – оқушы бiлiмiнiң басты көрсеткiшi. Бағалау дегенiмiз – өлшем. Өлшемдi дұрыс қолдану – шәкiрт бiлiмiн әдiл анықтайтын қазылық жол. Бағалау 5 балдық жүйемен де, ұстаздың ауызша мазмұнымен де жүзеге асырылады.
Баға жазба жұмыстарынан, ауызша жауаптарға, түрлi тексеру жұмыстарына, дәптер тазалығына, каллиграфия көркемдiлiгiне қойылады. Бағалау оқушының оқу-тәрбие алу үдерiсiнiң деңгейiн көрсетедi. Бағалауға 2 нысан қатысады, мұғалiм – бағалаушы, оқушы – бағаланушы. Бағалаушы, бағаланушының білімін сан- дық балмен бағалайды.
  1. ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ САБАҚТАРЫ




    1. Сабақ жүйесiнiң даму тарихы


Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу әрбiр үстем таптың мақсатына бағындырылып отырды. Қоғам- дық-экономикалық формациялардың ауысуымен оқыту мен тәрбиенiң мақсаты мен мазмұны да өзгердi. Мұнымен бiрге оқытудың ұйымдастыру түрлерi де жаңарды.
Көне Афин елiнде жекелеп оқыту жүйесi пайдаланылған. Мұ- ғалiм жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексе- ретiн, мәтінi оқытып тыңдайтын, қалай оқу керек екенiн көр- сететiн, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсiндiретiн, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететiн. Дене шынық- тыру тәрбиесiнен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыра- тын және жеке не бiрнеше оқушымен әңгiме жүргiзу әдiстерiн де қолданатын.
Орта ғасырда оқу iсiн дiн қызметкерлерi шiркеуде ұйымдас- тырды. Мұғалiм оқушылардың азғана тобына оқу материалының мазмұнын қысқаша баяндайтын немесе кiтаптан оқып беретiн. Ал оқушылар материалдың мазмұнын түсiнбей, тек шiркеулiк уағыздарды жаттайтын. Күнделiктi өтетiн сабақты қашан бастап, қай уақытта аяқтайтын мерзiмi көрсетiлмейтiн, ол мұғалiмнiң өз еркiнде болатын. Сөйтiп, оқу iсiнде белгiлi бiр жүйелiлiк болма- ды. Оны ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшелiктерi мен зейiндiлiгi ескерiлмедi.
Қазан төңкерiсiне дейiн қазақ елiндегi молдалардың бала- ларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесiне өте ұқсас едi. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгiнiп отырып, әр кiтаптан оқитын. Кiтаптары – мұқтасар, құран, әптиек деп ата- латын дiни әдебиеттер болатын. Бұл кiтаптар араб әрпiмен араб
тiлiнде жазылған едi. Оқыған мәтіндерiнiң мазмұнын шәкiрттер де, молданың өзi де түсiнбейтiн.
Еуропа мен Ресейдегi жоғары дәрежелi мектептерде лекция оқылды, диспуттар жүргiзiлдi. Бұлардың өзi шiркеу догматтары- ның уағыздарына сүйенген, өмiр тәжiрибелерiнен аулақ схолас- тика болды.
Кейiн сауда мен өнеркәсiптiң дамуына байланысты ғылым алға басты. Сондықтан да мектепте оқытудың сапасы жақсарды. Осыған орай чех халқының белгiлi педагогы Я.А. Коменский мектептерде оқыту жұмысын ұйымдастырудың ең негiзгi түрi сынып-сабақ жүйесiн ұсынды.
Я.А. Коменский мұндай пiкiрдi ұсыну үшiн алдыңғы қатар- дағы педагогикалық тәжiрибелердi зерттедi. Әсiресе Ресей мек- тептерiнен көптеген педагогикалық тәлiм-тәжiрибелер алды. Сөйтiп, ол оқу iсiн жүйелi түрде ұйымдастыру үшiн, оқушы- ларды сыныптарға лайықтап топтастыру қажет деп тапты. Топтастырылған оқушылардың жасы мен бiлiмi бiркелкi болу- ын талап еттi. Күнбе-күн әр пәннен өтетiн сабақтың тұрақты оқу кестесi жасалсын, жеке пәндердiң оқу материалдары сабаққа жiктелсiн және олардың өзiндiк дидактикалық мақсаты болсын дедi.
Я.А. Коменский сабақ үстiнде мұғалiмнiң материалдық мазмұнын түсiндiруiн талап еттi. Сөйтiп, ұстаздың сабақтағы белсендiлiк рөлiн көтердi. Ол сабақта оқушылардың тапсырма- ны орындауларын бақылап, оған басшылық ететiн болсын және материалдың мазмұнын түсiндiруге өте қолайлы әңгiме әдісін қолдансын дедi. Оның оқу iсiн мұндай жүйемен ұйымдастыру ту- ралы пiкiрi қоғам талабына сай келдi.
Сынып. Сабақ жүйесi бойынша кластағы оқушылар саны 50- 60 баламен шектелдi. Бұдан былай жүйелi бiлiм алу талабы кең етек алды. Оқуға балаларды көбiрек тарту мақсаты көзделдi.
Алайда Я.А. Коменский ұсынған дидактикалық бағалы пiкiр- лер бiрден жүзеге асты деуге болмайды. Бұл кезде мұғалiмнiң материалдың мазмұнын сыныпта түсiндiруiне уақыт аз бөлiндi. Көп уақыт шәкiрттерден сұрауға кеттi.
XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Англияда Белль-Ланкестер оқу жүйесi тарады. Бұның негiзiн салушылар
дiн қызметкерi – А. Белль және мұғалiм Д. Ланкестер едi. Белль- Ланкестер оқу жүйесi бойынша бiр оқу залында 600-ден астам оқушы оқыды. Жасы кiшi оқушыларды мұғалiмнiң жәрдемшiсi ретiнде жақсы оқитын жоғары сыныптағы ересек оқушылар оқытты. Ал ұстаздар ересек оқушылардың жүргiзген оқу iсiн оқу залында жүрiп бақылады.
Ересек оқушылардың жүргiзген жұмысынан нәтиже шық- пады. Өйткенi олардың бiлiм көлемi өте төмен болды. Ендi мұндай оқу жүйесi ұзақ өрiс ала алмады.
ХІХ ғасырдың бiрiншi жартысында немiстiң метафизикалық көзқарастағы педагогы И.Ф. Гербарт сынып-сабақ жүйесiн қайта құру мәселесiмен шұғылданды. Ол сабақтың негiзгi төрт кезеңiн көрсеттi:

  1. Мұғалiмнiң оқу материалын мазмұндау кезеңi.

  2. Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңi.

  3. Сабақты жаттығу әдісімен жүргiзу кезеңi.

  4. Қысқаша қорытынды жасау кезеңi.

И.Ф. Гербарттың және оны жақтаушылардың айтуы бойын- ша, сабақ бiр iздiлiкпен құрылды, материал жүйелi баяндалды және материалдардың өзара байланысы болды.
Бiрақ бұл жүйеде сабақты шығармашылық жолмен құру бол- мады. Оқу iсiн ұйымдастыруда өзгермейтiн бiр-ақ сызбаны ұс- тады. Мұның өзi оқу iсiн ұйымдастыруда формализмдi туғызды және ұстаздың сабақты шығармашылық жолмен құруына нұқсан келтiрдi.
Немiс мектептерiнде оқу iсiн демократиялық жолмен дамыту- да немiс халқының атақты педагогы А. Дистервег бағалы пiкiрлер ұсынды. Ол оқытудың үдетпелi жолын ұсынып, бiлiмнiң дер ке- зiнде берiлуiн қолдап, оқушының белсендiлiгiн көтере отырып, оқу үдерісiн жақсарту қажет деп тапты. Немiс мұғалiмдерiне ар- нап жазған басшылық құралында сабақ үстiнде оқушылардың ойлау қабiлетiн дамытуды талап еттi. Ол өзiнiң мұғалiмдiк ең- бегiне сүйене отырып, сабақ үстiнде балалардың ойлау белсен- дiлiгiн көтеру арқылы олардың бiлiм сапасын арттыру туралы тәжiрибелер жасады.
Оқу iсiн жүйелi ұйымдастырудың бағалы жолдарын зерттеуде орыс халқының ұлы педагогы К.Д. Ушинский көп еңбек сiңiрдi.
Ол И.Ф. Гербарттың консервативтiк көзқарасына қарсы күрес жүргiздi. К.Д. Ушинский оқушыларды бiлiммен қаруландырумен қатар оларды жан-жақты дамыту амалдарын қарастырды. Оқу iсiн жақсартудың ең негiзгi шарты мұғалiмнiң өзiнiң педаго- гикалық шеберлiгiн арттыра бiлуде деп түсiндi. Сабақ үстiнде оқушыларды оқыта бiлудi үйрену қажет екендiгiн талап еттi. Олардың сабаққа енжар қараушылығын жою жақтарымен шұғылданды және материалдың мазмұнын өздiгiнен шеше бiлу жолын iздестiрдi. Мұғалiм материалды баяндаумен қатар, оны оқушылардың үй тапсырмасымен және өткен материалдарды тұтастай үдерістермен байланыстыра бiлу шараларын көздедi.
Оқушыларға шамасы келмейтiн тым ауыр материалдарды оқыту олардың ақыл-ой белсендiлiгiнің дамуына өте зиянды деп есептедi. Материалдың оқушылардың шамасына лайық бо- луына үлкен мән бердi. К.Д. Ушинский өз заманындағы озат пе- дагогикалық тәжiрибелерге сүйене отырып, оқу iсiн ұйымдас- тыру үшiн аса қажеттi дидактикалық және психологиялық ұстанымдарды ұсынды.
Кең байтақ Ресейдiң мұндай прогрестiк педагогикалық идея- лары басқа да ұлт аймақтарына тарады, оның iшiнде қазақ саха- расына да келiп жеттi.
Қазақ даласында Ресейдiң прогрестiк педагогикалық идея- сын жалғастырушылардың бiрi Ы. Алтынсарин болды. Ол К.Д. Ушинскийдiң, И.И. Паульсонның педагогикалық көзқарас- тарын зерттедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет