Жаңа ХХI ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсiз Қазақстан Республикасының әрбiр бiлiм беру саласы мен буындарына тың көзқарас, тың жаңа үлгiдегi iзденiс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат-мүдделерiне сай өмiр сүруге бейiмдей отырып, оқытып, логикалық ой тұжы- рымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда орта мектеп пән
мұғалiмдерiнiң атқаратын рөлi зор. Мұғалiм – қиын да қызықты маман иесi. Мамандық дегенiмiз – белгiлi бiр еңбектiң түрi. Ол жеке мамандық иесiнiң жеткiлiктi дәрежеде бiлiм, дағды, бейiм- дiлiктi қажет етедi. Бiлiм, iскерлiк, дағды мамандық иесiнiң шығармашылық еңбегi ретiнде тәжірибеде көрiнiс табады.
Даярланған мамандардың бiлiмдiлiк, шеберлiк, бейiмдiлiк сапаларын топтастырып кешендi түрде бiрiктiретiн жүйе бойын- ша мұғалiмге қойылатын талаптар мен оның жеке басының педагогикалық, психо-физиологиялық ерекшелiктерiнiң өлшемi жоғары. Мұғалiм мамандығы – ең алдымен, жоғары дәрежедегi тұрақты моральдық психо-педагогикалық даярлықты қажет ететiн ерекше еңбектiң бiрi. Нағыз мамандық иесi деп, оқушылардың ойы мен жүрегiне жол тапқан, педагогикалық шеберлiктiң қыр- сырын меңгерген ұстазды айтады. Осындай педагогикалық шеберлiк мұғалiмнiң жеке басының ерекшелiктерiнен көрiнедi:
бiлiм дәрежесi;
озық әдiстеменi меңгеруi;
мақсат бағыттылығы;
әр пәннiң тiлiмен сөйлеу мәдениеттiлiгi, т.б.
А.С. Макаренко: «Шеберлiк дегенiмiз – қол жеткiзуге бола- тын нәрсе. Атақты шебер токарь, тамаша шебер дәрiгер бола- тыны сияқты, педагог та тамаша шебер бола алады және болуға тиiс те…», – деп жазады. Жас педагогтың шеберлiктi қан- шалықты меңгеруi оның өзiнiң табандылығына байланысты. Мұнда жеке бастың психо-педагогикалық ерекшелiктерi мен мамандық шеберлiктерi негiзге алынады. Әр пән мұғалiмдерiнiң сабақ өту барысында өзiндiк шеберлiктерi мен ерекшелiктерi қалыптасады.
Соның iшiнде жаратылыстану саласында география пәнiнiң орны ерекше. Ол оқушыларға дүниетанымдық сабақ берумен қатар, олардың алған бiлiмiн есiне сақтау, ойлау қабiлетiн, тiл байлықтарын, ой-өрiсiн кеңейтiп, зеректiк, iскерлiк және табиғат құбылыстарын жете бақылағыштық, қоршаған ортаға үлкен жауапкершiлiкпен қарайтын сезiмдерiн жетiлдiредi.
Осындай жауапкершiлiгi бар пәннiң мұғалiмi төмендегiдей талап-тiлектердi өз бойына сiңiрiп, икемделуi және игеруi қажет, яғни олар:
географияның негiзгi белгiлерi мен ерекшелiктерiн;
мектептегi географияның рөлi мен мақсатын;
географиялық бiлiмнiң құрылымын;
географиялық бiлiм компоненттерiн (бiлiмi, теориялығы, эмпирикалық дүниетанымы, ойы, идеясы, шығармашылығы, қызметi);
физикалық география курсының жүйелiлiгiн; (картография- сын, геология-геоморфологиясын, климатологиясын, гидрология- сын, ландшафттылығын, т.б. )
экономикалық географияның жүйелiлiгiн (табиғат ресур- сын, еңбек ресурсын, халық шаруашылығы бөлiмдерiн, ауданда- рын, елдерiн және олардың даму тенденцияларын);
дүниетанымы мен халықаралық жағдайды оқу материалда- рымен байланыстыра бiлу;
Президенттiң жолдамалары мен нұсқау бағдарламаларын басшылыққа алу;
мемлекеттiк құжаттар мен өзгерiстердi география курсында таныстыра бiлу;
мектеп географиясын оқытуда оқушыларға экологиялық сұрақтарға жауап бере бiлу жолдарын iздету;
өлкетану және техникалық, өндiрiстiк салалармен геогра- фиялық бiлiмдi байланыстыру;
пәнiшiлiк және пәнаралық байланысты қалыптастыру, дер кезiнде пайдалана бiлу;
географиялық бiлiмнiң өмiршеңдiгi мен даму тенденциясын бетке ұстап отыру;
типтiк ерекшелiгiн сақтау;
оқушылардың өз беттерiнше ойлап, шешiм қабылдай бiлу дағдысын қалыптастыру;
географияны оқытудағы кездесетiн қиындық пен пробле- малық жолдардан шыға бiлу;
физикалық география мен экономикалық географияның бiр- бiрiмен бiрлестiк және тұтастығын, байланыстылығын қалып- тастыру жолдарын бiлу;
олардың өзiндiк заңдары мен заңдылықтарын ашып отыру;
әдiс-тәсiлдердi жетiлдiру жолдарында iздену.
идея мен дүниетанымын қалыптастыру;
тексеру, бақылау жұмысы арқылы оқушылардың дүние- танымын, айналадағы ортаға көзқарасын, ептiлiк бiлiмiн байқау;
нәтижесiнде жiберген кемшiлiктер мен олқылықтардың жо- лын iздеу;
географияны оқытудағы дидактикалық материалдың ерек- шелiктерi мен функцияларын бiлу;
өмiр талабына сай география кабинетiн жабдықтай бiлу;
географиялық кабинеттiң заттарын тiзiмге алу және оған перспективалық жоспар құрастыра бiлу;
география кабинетiнде оқу-тәжiрибе жұмыстарын ұйымдас- тыру;
оқушылармен саяхатқа шығу және оның түрлерiн ұйымдас- тыру: (табиғатқа, өндiрiске, өлкетану мақсатында тарихи орын- дарға, географиялық объектiлерге, т.б.).
Осындай шеберлiк пен iскерлiк бiлiмдiлiкпен география пәнi мұғалiмi мынаны iстей алуы керек:
тәжірибеде өз бiлiмiн шебер көрсете бiлу;
Оқу министрлiгi бекiткен бағдарламаны негiзгi құжат ретiнде қабылдап, оны сабақта пайдалана бiлу;
жаңа технологиялық әдiстi өтетiн сабақтың түрiне қарай таңдай бiлу;
географияны оқыту кезiнде көрнекiлiктер түрi, ситуациялық- проблемалық, ғылыми-iзденiс, жаттығулар мен әртүрлi топогра- фиялық, картографиялық есептермен ұштастыра бiлу;
өз бетiнше мемлекеттiк, халықаралық жаңалықтар мен өзге- рiстердi оқып отыру, қажет жерлерiн iрiктеп, физикалық, эконо- микалық-әлеуметтiк географияда пайдалана бiлу;
оқушының алған географиялық бiлiмiн, фактіні, құбылысты, өзгерiстi, жаңалықты пайдалана отырып, iшкi және сыртқы экономикалық өмiрге талдау жасай бiлуге бағыттау;
географияда өлкетану негiзiн қамтып отыру;
географиялық бiлiмдi жаратылыстану ғылымдарының эко- логиялық, этно-педагогикалық, рухани-адамгершiлiк, патриот- тық, эстетикалық тәрбие негiзiнде байланыстыра бiлу, дамыту;
география кабинетiнде карталар мен кеспе қағаздар, тiрке- ме, мемлекеттiк мүлiктi тiркеуден өткiзу (инвентаризация);
кабинет жұмысының жылдық жоспарын жасай бiлу және талапқа сай қажеттi түрде безендiру;
негiзгi құрал ретiнде карта мен глобусты пайдалана бiлу және оқушыларға дұрыс пайдалану жолдарын үйрету;
оқушыларға мәтiнмен және қосымша тапсырмамен жұмыс iстей бiлудi қамтамасыз ету және сабақтың бөлiмi мен тарауына қарай пайдалана бiлу;
географиялық алаң жасай бiлу және ондағы метеорология- лық құралдар мен құрылғыларды орналастыру, жұмыс iстеу өрiсiн меңгеру;
ТСО материалдары мен компьютер, теледидар бейне мате- риалдарын пайдалана бiлу;
статистикалық материал график, диаграмма, мониторингтi дұрыс құру және оқушыларға бiлiмiн пайдалана отырып, жасата бiлу;
қолдан көрнекiлiк және дидактикалық материал жасау және эстетикалық талапты сақтай бiлу;
тақырыптық және күнтiзбелiк жоспар құра бiлу;
сабақтың мақсаты мен мiндетiн ашып, ұйымдастыра бiлу;
жаңа тиiмдi әдiстi тақырыпқа ыңғайлап таңдай бiлу және қолдану;
сабақты түрлендiрiп отыру, жаңа жетiлдiрiлген технология- ны меңгеру;
– тексеру барысындаоқушылардан тек бөлiм, тарау, тақырыпты ғана қамтымай бүкiл географиялық бiлiмiн, өзiнiң қорытынды пайымдауын көрсете алатындай сұрақ, тапсырма, өзiндiк жұмыс, логикалық байланыс таба алатындай шығармашылық тұрғыдан келетiн тапсырма бере бiлу;
тексерудiң тестiк түрлерiн пайдалана бiлу;
жоғары сыныптарға бiрнеше тақырыпты модульдеу, семи- нар, дәрiс, конференция, т.б. түрлерiн өте бiлу;
оқушының өз пайымдауы мен қорытынды жасай бiлу қасиетiн дұрыс бағалай бiлу;
мұғалiм үнемi iзденiс үстiнде болып, өз бетiнше бiлiмiн көтерiп отыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |