Мектепте географиялық алаң орнатудың маңызы зор. Себебi географиялық алаңда мұғалiм оқушылармен сарамандық жұ- мыстарды өткiзедi. Оқушылар ауа райын бақылай бiлуге үйре- недi. Әсiресе 6-сыныптағы ауа райын болжау тарауына берiлген тақырыптардағы сарамандық жұмыстарды осы географиялық алаңда өткiзу оқушылардың география пәнiне және табиғат құ- былысына қызығуын, өзiндiк ойлау қабiлетiн арттырған болар едi.
Алаңға металлургиялық үйшiк тұрғызу керек. Оны ағаштан құрастырып, iшiне барометр, гигрометр және термометр орнала- стырады. Термометрдiң төменгi ұшы жер бетiнен 2 м биiктiкте болу керек. Метеоүйшiктiң есiгi мiндеттi түрде солтүстiк жаққа ашылуы тиiс, себебi температураны есептеп жатқан кезде күн сәулесi үйшiктiң iшiне тiкелей түсетiн болса, термометр әсем шыны түтiктiң күн сәулесi қыздырған температурасын көрсетедi. Жауын-шашын мөлшерiн өлшегiш географиялық алаңға жер бетiне жаңбыр, қар, бұршақ түрiнде түскен жауын-шашын мөлшерiн өлшеу үшiн орнатылады. Қыста шелектiң iшiне түскен қарды жел үрлеп кетпеуi үшiн жан-жағына қоршау орнатылды. Жаңбыр жауған соң шелектегi судың мөлшерiн өлшейдi. Соған қарап, егер жаңбыр суы топыраққа сiңiп немесе буланып кетпесе, жауын-шашын мөлшерi қанша болатынын анықтайды. Қар және бұршақ жауғаннан кейiн шелектi бөлмеге кiргiзiп қояды, ерiген соң судың мөлшерiн өлшейдi. Жауын-шашын мөлшерiн өлшегiш құралдың жоғарғы бөлiгi жер бетiнен 2 метр биiктiкте болу керек. Флюгер желдiң бағытын өлшейдi. Флюгердiң бағдаршасы кiндiкте еркiн айналып, үшкiр ұшы желге қарама-қарсы тұруы ке- рек. Егер жел солтүстiк-батыс тұстан тұрса, солтүстiк-батыс желi, егер оңтүстiк-шығыс тұстан тұрса, оңтүстiк-шығыс желi деп ата- лады. Флюгер орнатылған 10 метрлiк бағананы төменнен жоғары қарай 1 метрiн ақ, 1 метрiн қара бояумен кезек бояп, өлшеуiш бағана жасайды. Бағанаға қарап оқушылар сол маңайда тұрған үйлердiң, ағаштардың, тағы басқа заттардың биiктiктерiн салыс-
тырып өлшей алады. Бұл оқушылардың көзбен мөлшерлеуiн арт- тырады.
Полярлық жұлдызды табу оңай болу үшiн географиялық алаңға полярлық жұлдызды көрсеткiштi орнату керек. Геогра- фиялық координатты көрсету үшiн алаңға төрт бағана орнатып (биiктiгi 1,5-2 м), бағаналардың ортасын сыммен қосып, мериди- ан және параллель жасау қажет. Тиiстi бағанаға төрт бұрышты темiрдi бекiтiп, соған мектептiң географиялық бойлығы мен ендiгiн жазып қояды. Күннiң көкжиектен биiктiгiн анықтау мақсатында гномон немесе күн сағатын алаңға орнатуға болады. Оқушыларға кез келген жердiң ауданы мен көлемiн өлшеудi үйрету үшiн алаңға ағаштан шаршы және куб пiшiндес пiшiндер және мұғалiм жер бедерiнiң көптеген жасанды пiшiндерiн жаса- уына болады. Мысалы, төбе, шығанақ, түбек, тау, су қоймасы, сарқырама, т.б. Алаңда оқушылар отырып тапсырма орындайтын
үстел және орындықтар болғаны дұрыс.
Алаңдағы барлық заттар, негiзiнен, ақ түстi бояумен боялады. Алаңның өлшемi шамамен 10х10м болады, мүмкiндiгi болғанша жан-жағында ешқандай кедергiсi жоқ тегiс, жазық жерге орналас- тыру керек. Дүниежүзiлiк стандарт бойынша метеорологиялық алаңның өлшемi 26х26 м болады.
Оңтүстiк Қазақстан облыстық үздiксiз бiлiм беру институты- ның директоры Бектенғалиева Сәния Хайруллақызының баста- масымен институт базасында биылғы оқу жылында география- лық алаң орнатылды. Бұл алаңда бiлiм жетiлдiру курсына келген мұғалiмдерге оқушылармен сарамандық жұмысты өткiзу жолда- ры және ауа райын бақылау түрлерi көрсетiледi. Географиялық алаңдар оқушылардың теориялық бiлiмiн сарамандық жұмыспен бекiтуге, ұштастыруға мол мүмкiндiк бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |